Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

25 қараша 2014 - Ләйла Оңалбекқызы
Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Сабақ тақырыбы:              Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ақындар мен жазушылардың өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдете отырып, көркем шығарманы саралай білуге жетелеу;
Тәрбиелік: Кейіпкерлер іс-әрекетін талдай отырып, жаманнан жиреніп, жақсыдан үлгі алуға, достық қасиеттерін бағалай білуге, адамгершілікке, қайырымдылыққа, алдына қойған мақсаты үшін күресе білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушының шығарманы талдап, кейіпкер іс-әрекетіне баға бере білуін, ойын жүйелі баяндай білуге дағдыландыру,қоғамдық-әлеуметтік  жағдайларды  саралай отырып,өзіндік өмірге деген  көзқарасының қалыптасуына ықпал ету
Сабақтың типі: Пысықтау  сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,  тест,  баяндау, талдау, проблемалық сұрақ
Жоспар:
1.    Ашық тест
2.    Тірек-сызбалармен жұмыс
3.    Пікірталас
4.    Пысықтау сұрақтары
Сабақ барысы:
      І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, дайындығына  назар аудару
       ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында   тест алу кезеңін  жүргіземін.
Ашық тест 1-нұсқа
қ/с    Сұрақ     Жауап
1.    Бердібек Соқпақбаевтың туған жылы, туған жері    1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы

2.    Қандай шығармаларын білесің?

    1950 жылы «Бұлақ» атты өлеңдер жинағы, «Бозтөбеде бір қыз бар» пьесасы, «Өлгендер қайтып келмейді» романы, «Гауһар» атты повесті бар
3.    «Менің атым Қожа» фильмі қандай жүлдеге ие болды?     1967 жылы Канн кинофестивалінде жүлдеге ие болған.
4.    «Менің атым Қожаның»  менің атым… деп аталатын бөлімінде не жайында айтылады?     .Есімі жайында
5.    Лагерьге жолдама алу жайында қай бөлімінде айтылады?    «Ағаттық аяқ астында»
Ашық тест 2-нұсқа
қ/с    Сұрақ     Жауап
1.    Б.Соқпақбаевты қандай мамандық иесі ретінде танимыз?    Жазушы-журналист
2.    «Менің атым Қожаға» ұқсас фильм бар ма?    «Менің де атым Қожа»
3.    1974 жылы мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған туындысын жаз    «Өлгендер қайтып келмейді» романы
4.    Орыс тілі пәнінің мұғалімінің есімі кім және қандай шығарманы сұрады. Бұл тығырықтан Қожа қалай шықты?   
5.    Сөмкедегі бақаны салғанда Қожа қандай ойда болды?

   
Жаңа сабақ:
«Менің атым Қожа» 2-сабақ
«Түбінде адам болатын бала»
 
Мына суретке назар аударалық. Бұл фильмде Қожа не жайында айтып отыр? Әрине балалар ол өз-өзін тәрбиелеп, қолға алу жайында айтып отыр.
1.    Мамасының педагогикалық кеңеске қатысуы
2.    Мектеп күзетшісі Сәйбек қарттың әкесі жайында айтқан естелігі
3.    Директордың кабинетінде. Майқанованың қарсылығы
4.    Қас дұшпаны саңаған Майқанованың Қожа туралы пікірі
5.    Өз-өзін түзеу үшін қабылдаған қаулы.
Осы сабақта аталған тақырыпшаларды басшылыққа ала отырып, қысқаша мазмұнын түсіндіру.
Тірек –сызбалар
 «Қожа қандай бала?»
 
Жантас қандай бала?
 

Пікірталас сұрақтары:
1-топ: «Егер де мен Қожа болсам...»  Жантастың қиқар сөздеріне қалай жауап берер едің:
1.    «Қара Көже» деген сөзі;
2.    «Біз лагерьге жолдама алдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың»
2-топ: «Егер де мен Жантас болсам...»  Қожаның бұзықтық іс-әрекеттеріне қалай жауап берер едің:
1.    «Жолдама алдым» деп алдап, танаудан тарс еткізгенде;
2.    Сиямен қызыл галстуктерін былғаған кезде...
3-топ: «Егер де мен Қожаның анасы болсам ...»
1.    Қожаны бақа сағаны үшін қалай жазалар едің;
2.    Педагогикалық кеңеске барар ма едің?
4-топ: «Егер де мен Майқанова болсам...»
1.    Қожаны оқудан шығарар ма едің?
2.    Қожамен қалай танысар едің?

Венн диаграммасы
Шығарма мен фильмнің ұқсастығы мен айырмашылығы
 
Пысықтау сұрақтары:
1)    Қожаның «Осындай бір ақымақтық кейде ақылға мұрша бермей дедектетіп әкететіні бар. Істеп алып, әманда соңынан бармағыңды тістейсің» деген сөзінің мәнін түсіндіріңдер?
2)    Сыныбыңда Қожаға немесе Жантас сияқты балалар бар ма?
3)    Жанардың Қожаны қорғаштауының себебі неде деп ойлайсыңдар?
4)    Қожа неліктен Майқанованың «Түбінде адам болатын бала» деген сөзіне неге таңғалды?
5)    Өз есімдерің қандай мағына береді және өзіңе ұнайды ма?
Бағалау.
Үйге тапсырма беру: «Менің атым Қожа» повестін түгел оқып шығып,
композициялық талдау жасау:
     Оқиғаның басталуы
     Оқиғаның дамуы
     Оқиғаның шиеленісуі
     Оқиғаның шарықтау шегі
     Оқиғаның шешімі

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141191

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар