Ел есіндегі ерлер

Менің мектеп оқушысы болып жүрген кезім әлі есімде.Сол жылы мамыр айында жеңіс мерекесін тойлап, соғыс ардагерлерімен кездесіп жүзбе-жүз отырып, аталарымыздың соғыс туралы басынан өткен оқиғаларын тыңдайтынбыз. Бірақ қанша рет кездесіп талай әңгімелерін тыңдасақ та, олар әңгімелерін бастамастан бұрын, көпке дейін қобалжып, көздеріне жас алып,әңгімесін бастайтын.

Соғыс! Осы бес әріптен тұратын сөзді естігенінде тұла-бойың түршігіп, жай ғана соғып тұрған жүрегін қанасына сыймай бұлқынып, бойыңды ашу, ыза-кек бойлап ала жөнеледі және сол сөздің иесін тұрған жерінде басып тұрған топырағыныңда ізін қалдырмай күлін көкке ұшырғың келеді.Бұл қандай алапат күш? Әрине, бұл осы суықта, сұрқия сөздің керемет күші.Осы соғыстың кесірінен жас нәресте әкесіз өсіп, кәрі ананың жүрегі қайғыдан қан жұтып қарсы айырылған, еліміз ерсіз, жеріміз көксіз,өміріміз мәнсіз, тіршілігіміз сәнсіз болғаны баршамызға аян. Тек ғана әрбір соққан жүректің түбінде жеңіс үміт оты ұшқындап батыр аталарымызға сенім артты. Әрине, сол сенімімізді ақтаған Бауыржан Момышұлы,Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов сынды батыр аталарымыз, ержүректе қайсар Әлия және Мәншүк сынды апаларымыз елім деп еңіреген, отаны үшін оттан қаймықпай көкірегін қалқан етсе, Рақымжан Қошқарбаев атамыз Берлиннің өзінде жеңіс туын тігіп бүкіл халықтың асқақ арманын іске асырды. Бұл батырлар тек казақ халқының мақтанышы емес, ал ұлт мақтанышы.Солай екен әрбір қазақ баласының жүрегінде мақтаныш сезімі болуы тиіс, себебі олар сол батыр аталарымыз сияқты отан үшін жанын қиған, еліне, туган жеріне, халқына, ұлтына деген патриоттық ыстық сезімін жүрегімен сезінген текті ұрпақ ізбасарлары.Міне, осындай ұлт мақтанышы болған, отанын сүйген, халқы үшін жаны күйген, қаһармандық үлгі,ұлттың намысты қайрағы бола білген батыр аталарымыздың еңбегін жинақтап, оқулық етіп шығарса, нұр үстіне нұр болар еді. Сол оқулықпен бірге аталарымыздың ерліктерін, батырлығын паш ететін деректі фильмдер көрсетілсе өте жақсы болар еді. Себебі есіткеніміз құлақта, көргеніміз жүректе, айтқанымыз санамызда сақталады.Сонымен қатар, біздің батыр аталарымыз халыққа жазушы ретінде де танымал. Әрине, өсіп келе жатырған жас ұрпақ ерлігіне еліктеп, батырлығынан батыл болуды үйренеді, ал шығармаларын оқып білікті, білімді өрлі әрі өнерлі, елім, жұртым деп дейтін патриот ұл-қыздар өсіп жетілуіне сенімім кәміл.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110108

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар