Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқанның бейнесін ашу

16 мамыр 2015 - Алия Сидагалиева

Атырау облысы Атырау қаласы

№31 жалпы орта білім беретін мектеп

Сидагалиева А.М.

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқанның

бейнесін ашу

Мақсаты: Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінің мазмұны бекітіледі, басты

кейіпкер Әмірқанның бейнесі ашылады.

Міндеттері:

1. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, тілі, ой-өрісі дамиды, прозалық шығарманы талдау дағдылары қалыптасады, қосымша деректер арқылы дүниетанымдары кеңейеді.

2. Өнер адамына құрмет сезімдеріартады, ұлттық рухымыздың күре тамыры ән құдіретін таниды.

3. Бірлесіпжұмыс істеуге ұмтылады, кейіпкер бейнесін талдау барысында зерттеу жұмысын жүргізеді, ізденеді.

Сабақтың түрі: бекіту, талдау сабағы

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, топтастыру, ой түйіндеме, салыстыру

Сабақтың көрнекілігі: «Тұжырым» кестесі, Ж.Аймауытов, Ә.Қашаубаев

портреттері

Қолданылатын

стратегиялар:«Ой түйіндеме», «РАФТ»,«Ой қозғау», «Әңгіме

кестесі»,«Ойлану баспалдағы»

Сабақтыңбарысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.Қызығушылықты ояту.

А)Берілген жоспарды негізге ала отырып, ой түйіндеме айту (резюме)

1.Қала өмірі

2.Қазақ аулының тұрмысы

3. Қымыз ішу

4.Әншімен алғашқы таныстық

5. Ән құдіреті

6.Наурызға әзірлік

7.Өнерлі жастар

8.Арқалы әнші

9.Әнші тұрмысы

10.“Ақтамақ хикаясы”

Ә)РАФТ стратегиясы бойынша берілген тапсырманы тексеру

ІІІ.Жаңа сабақ

А) «Тұжырым» кестесі бойынша мінездемелік жоспар жасау

Кейіпкер

Шығармадағы іс-оқиға

Мінездемелік кесте

Әмірқан

Әмірқан қол ұстасып, сыпайы амандасып отырды. Ана күнгідей емес, бұйығы, момақан жігіт.

Әншінің қарапайымдылығы

Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды. Әнші жіберді. Сүмірейте, қылмита соқты, желдете, құтырта соқты, лебізі құлаққа жағып кетті

Әншінің орындаушылық шеберлігі

Әмірқандай әнді ешкім сала алмайды, Ол әннің әр нақысын ұғады, әнді ғана сүйеді. Ол тәтті үнге, топқа бола жаралған адам. Ән салса рахаттанып, гүл-гүл жайнап, кісі емес, гүлге айналады.

Адамға үйірсектігі

Әмірқан кісіге тез үйір болатын, жолдасқа жанын қиятын адам. Наурыздан кейін бізбен дос болып кетті. Қалаға келсе, бізге соқпай кетпейтін.

Әншінің азаматтық тұлғасы

– Менің де құжырамды бір көріңдер,-деп қайта-қайта шақырып, үйіне қонаққа апарды. Құжырасы бір іншік екен. Үйінде мәз төсеніш те жоқ. Бар асыл бұйымы-домбырасы

Өнерге сүйіспеншілігі

— Сөйткен Ақтамақпен бір-ақ жұмадай дәурен сүрдім, ой, дүние-ай!-деп Әмірқан ауыр күрсінді. Бетіне қарасам, көзінің жасы парлап тұр.

Махаббатқа адалдығы

Б)«Ой қозғау»«Тұжырым кестесі» бойынша анықталған кейіпкердің қасиеттерін топтастыру



«Әнші» әңгімесінің басты кейіпкері Әмірқанның прототипі — қазақтың біртуар арқалы әншісі-Әміре Қашаубаев екенін таныта отырып, әдеби-теориялық ұғым беру

Прототип – көркем шығармадағы әдебибейненіжасауғанегізболған, өмірдебартүпкітұлға.

В) Әміре Қашаубаев өмірінен мағлұмат беру

Загнутый угол: 1927 жылы Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін шырқады. Сол жылы Германияда 9 концерт беріп, қазақ әндерін әлемге паш етті.

Загнутый угол: 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүниежүзілік көрмеде қойылған этнографиялық концертте өнер көрсетіп, 2 бәйге мен күміс медальды иеленді.

Г) Әнші Әміре Қашаубаевтың орындаған әндері туралы айта отырып, әншінің өз орындауында жазылып сақталған«Ақ сиса» әнін тыңдату

Ғ) Ә.Қашаубаевтың театр сахнасында сомдаған рольдеріне тоқталу



Г)«Блумның сұрақ қою өлшемі» бойынша оқушылардың бұрыннан білетін білімдерін жаңа жағдайлармен ұштастыра отырып, өнімді әдістері арқылы ойларын анықтау

д)«Әңгіме кестесін» құру

Тақырыбы

«Әнші»

«Әнші»

Авторы

Ж.Аймауытов

І.Жансүгіров

Шығарманың жанры

әңгіме

өлең

Оқиға орны

Жетішатыр

Арқа өңірі

Басты кейіпкер

Әмірқан

Әсет

Өнері

Әнші, домбыра, сырнай тартады

Әнші, сазгер

Әншілік шеберлігі

Төмендете сорғалап,

Тас бұлақтың суындай.

Әсем, әсем нақышы,

Айдынның сұлу суындай.

Ән салсаң, Ісеттей сал әсемдетіп,

Қоздырып делебені әсерлетіп.

Шырқатып, шарықтатып, шалықтатып,

Шапшытып, шүмектетіп, тамылжытып.

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов:

Әміренің әнінде ақындық тазалықтың шамшырағы жанғандай. Әміре — әншіліктің ақыны

ІҮ. Сабақты бекіту

«Ойлану баспалдағы» стратегиясы бойынша бекіту жұмысын жүргізу

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:

1.Шығармадан кейіпкер портретін табу

2.“Әнді сүйсең, менше сүй..”тақырыбына ой толғау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068787

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru