Мұқағали әлемі-мұң әлемі

13 мамыр 2015 - Бибинур Ахметова

Мұқағали әлемі-мұң әлемі

Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,
Өлеңдері өзіндей жайсаң ғажап.
Азамат, ірі ақын боп, ұлы ақын боп,
Қайта туған ұлыңды қарсы ал қазақ!

Қайырлы күн, құрметті өлең сүйер, өнер сүйер оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі 6-8 сынып оқушыларының арасында өткелі отырған Мұқағали Мақатаев оқуларына қош келдіңіздер!

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым оған елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! – деп ақынның өзі жырлағандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олай болса, біз бүгін өздеріңізбен бірге қазақтың қара өлеңінің құдіретін ұғынған, «поэзия» атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, жауһар жырларын қазақ жастары жанына жақын балаған, мәңгілік жырдың марғасқасы Мұқағали Мақатаевтың әлеміне сапар шеккелі отырмыз.

Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің
Бір түйір жерге түскен тамшым едің
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, қалсын елім.

Кім білсін қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін қай күні сенің қырқарыңды,
Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,
Жоғалтпаса болғаны ұрпағымды, — деген екен. Ақынның жырын жырлап отырған ұрпағы – мына біздерміз. Мәңгілікке тот баспайтын асыл жырларын келер ұрпаққа жеткізетін де — өзіміз. Ендеше бүгінгі жыр додасы Мұқағали сынды өр ақынға арналмақ.
Мұқағали оқуларының шарттары: Әр номинация бойынша үш оқушы қатысады.

1.«… Қасиетіңнен қара өлең, айналайын» М.Мақатаев өлеңдерін жатқа оқу конкурсы Қатысушы ақынның бір шығармасын мәнерлеп оқиды. Оқушының өлеңді ой кестесіне сай көркемдеп оқуы, даусы мен дене әрекетінің үйлесімділігі, сахнада өзін ұстау мәнері ескеріледі.

2. «Жыр эстафетасы» айдарында үміткерлер «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек» поэмаларынан үзінді оқиды. Оның көркемдігі, ойлылығы, оқу мәнеріне, жатқа оқуына назар аударылады.

3.«Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін» М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерді орындаушылардың конкурсы. Орындаушының вокалдық қабілеті бағаланады, жанды дауыспен орындалуы және әуен сапалы болу керек.

4. «Болашағым, сен тұрсаң, мен өлмеспін!» жас ақындар конкурсында оқушы өз төл туындысын бір өлең оқиды. Оның көркемдігі, ойлылығы, оқу мәнеріне, жатқа оқуына назар аударылады.

5. «Өлең мен өрілген ой» айдарында үміткер Мұқағали өлеңдерінің шумақтары бойынша оның тақырыптық мазмұнын ашады, көркем ой кестесімен тақырыпты дамытады. Мұнда оқушының шешендігі, ой жүйелілігі, ұтымды жауабы ескеріледі.

Мұқағали оқуларына қатысушы түлектерді таныстырып өтейін. (Аты аталған қатысушы орнына тұрып сахнаға келуі керек.)


Құрметті Мұқағали оқуына қатысушы түлектер барлығыңызға сәттілік тілейміз.
Бүгінгі жыр додасына әділдік жүргізетін сарапшы әділ-қазыларды таныстырып өтейін.

Мен сенің үніңменен үндесемін,
Мен сенің тіліңменен тілдесемін.
Сауық құрып бойында бір көшенің
Болашағым, сен тұрсың, мен де өсімін, – деп болашағына сеніммен қараған еді ақиық ақын. Ендеше, байқаудың бірінші бөлімі «… Қасиетіңнен қара өлең, айналайын» М.Мақатаевтың 1 өлеңін жатқа оқу. Қатысушы ақынның бір шығармасын мәнерлеп оқиды. Оқушының өлеңді ой кестесіне сай көркемдеп оқуы, даусы мен дене әрекетінің үйлесімділігі, сахнада өзін ұстау мәнері ескеріледі.

Жалғасы бар жырымның жалғасы бар,

Жырларым жылдарыммен жалғасыңдар.

Сел жырым ақтарылса арнасынан,

Селкілдеп тау мен тасың зорға шыдар.Байқауымыздың екінші бөлімі «Жыр эстафетасы» айдарында үміткерлер «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек» поэмаларынан үзінді оқиды. Оның көркемдігі, ойлылығы, оқу мәнеріне, жатқа оқуына назар аударылады.

Өлең деген тумайды жайшылықта
Өлең деген тулайды қайшылықта.
Ақын болсаң, жарқыным алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпаҮшінші бөлім «Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін» М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерді орындаушылардың конкурсы. Орындаушының вокалдық қабілеті бағаланады, жанды дауыспен орындалуы және әуен сапалы болу керек.

Дүниеден өтті қанша ұлылар,
Ұлылар да уақытпен құбылар
Сиқырыңды зерттеп бітпес біз үшін
Бір өзің бір құбылыссың сыры бар, — деп Қанипа ақын Мұқағали ақынды еске алған екен.Бауқауымыздың төртінші бөлімі «Болашағым, сен тұрсаң, мен өлмеспін!» жас ақындар конкурсында оқушы өз төл туындысын бір өлең оқиды. Оның көркемдігі, ойлылығы, оқу мәнеріне, жатқа оқуына назар аударылады.

Не сыйлайсын, несін берсін ел маған?! Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.

Таулар- менің таусылмайтын бақытым,

Ал ырысым-ұлан-ғайыр кең далам.

Бесінші бөлім «Өлең мен өрілген ой» айдарында үміткер Мұқағали өлеңдерінің шумақтары бойынша оның тақырыптық мазмұнын ашады, көркем ой кестесімен тақырыпты дамытады. Мұнда оқушының шешендігі, ой жүйелілігі, ұтымды жауабы ескеріледі.

Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан — ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр.
… Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре алмай.
От боп жанып өтіп кеткен ақынға
Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай, — деп Айтақын ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді.

Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына.

Жыр додасы өз мәресіне жақындады әділ-қазылар әділ шешімін шығарғанша Музыка пәнінің мұғалімі Нұрбек ағайдың орындауында
Сөз әділ қазылар алқасына беріледі.«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп өзі айтып кеткендей мәңгілік жасай бермек! Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ берері сөзсіз.
Ия, өлең өлмейді. Ендеше өлеңді жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаев көз жұмған жоқ!
Осымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев оқуы аяқталды. Жыр әлемінде кездескенше аман сау болыңыздар! Қош болыңыздар! Кездескенше күн нұрлы, болсын.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115397

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар