М.Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»өлеңі

Дуйсенғалиева Гүлмира Жұмажанқызы

Батыс Қазақстан облысыКазталов ауданы

Қарасу ауылы

Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың түрі:   (ашық сабақ)

 

Пәні:              Қазақ әдебиеті

Сыныбы:     8

Сабақтың тақырыбы :    М.Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»өлеңі

Сабақтың мақсаты:а) Оқушылардың М. Дулатұлының өмірі мен

                                      шығармашылығы туралы алған білімдерін кеңейту.  

                                      Өлеңнің мазмұны мен идеясын ұғындыру.

                                  ә) Берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың

                                      шығармашылық ізденістерін қалыптастыру, ойлау,  

                                      сөйлеу қабілеттерін дамыту;

                                  б) Ананы сыйлауға, қадірлеуге, ұйымшылдыққа,  

                                       мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, топтастыру, жеке жұмыстар.

Сабақтың типі:  жаңа тақырыпты меңгерту

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих,  халықтық педагогика.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық. «Сәттілік» тренинг

ІІ. Үй тапсырмасы

І топ. Ақын-жазушылардың шығармаларын басшылыққа ала отырып Абылай ханның портретін салыстыру.

ІІ топ. «Алаштың ардагері –Батыр Баян» шығарма

ІІІ топ.«Батыр-Баян» поэмасын сюжеттік композициялық талдау.

Шығарма желісі

Оқиға өрісі

Поэтикалық тілі

Үзінді мысал

Кіріспе бөлімі

 

 

 

Оқиғаның басталуы

 

 

 

Оқиғаның өрбуі

 

 

 

Оқиғаның шиеленісуі

 

 

 

Оқиғаның шарықтау шегі

 

 

 

Оқиғаның шешімі

 

 

 

ІІ. Жаңа сабақ.

(Тақтаға күннің жадымен сабақтың тақырыбын жазу.)

1.М.Дулатұлы (өмірі мен шығармашылығына шолу, хронологиялық кесте)

1885 ж

 Міржақып Дулатұлы  Торғай  облысы, Жангелдин ауданы,Қызбел атырабында  дүниеге  келді

1897 -1902

Екі   жылдық орыс-қазақ мектебінде оқып, білім алды

1909 ж

 «Оян, қазақ!» кітабы  жарақ  көрді

1910 ж

 « Бақытсыз  Жамал » романы басылып  шықты

1913 -1918

 « Қазақ » газетінің негізін  қалайды

1905 -1920

Алаш  қозғалысы, Алаш партиясы, Алаш өкіметі, Алаш әскері қатарында 

1935 ж

Ресей  өңірі, Ақтеңіз-Балтық каналындағы Сосновец лагерінде қаза болды.

1988 ж

Республика  Жоғары сотының коллегиясында  ақталды.

1992 ж

Торғай өңіріндегі бейітке қайта жерленді

       М.Дулатов–  Алаш  қозғалысының  қайраткері, қазақ ақыны, жазушы, драматург, публицист, ағартушы – педагог, ХХ ғасырдың  бас  кезіндегі қазақ  мәдениеті мен  әдебиетінің көрнекті өкілі. Негізгі   мамандығы ұстаз болғандықтан, ол балаларға  арнап табиғат, адамгершілік тәрбиесі тақырыбында шағын әңгімелер, өлеңдер жазған. Соның  бірі -  « Шешенің балаларын сүю » өлеңі

      Қызығушылықты ояту.

-Отбасының ұйтқысы

-Жарық дүние тіршіліктің тірегі

-Өмір сыйлаушы

-Мейірімді жан

 -Өмірдің шуағы

 -Қамқор жан

ІІІ. Мәтінмен жұмыс.

1.  «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі мәнерлеп оқылады.

-Балалар, өлеңнің тақырыбы не? ( Бала  үшін өмірдегі ардақты  жан – ана туралы    жазлыған)

-Ақын өлең арқылы қандай ой айтпақ болды?

— Ақын ананың балаға деген сезімін қалай жеткізді?

  2.Оқушыларға өлеңді оқыту

ІҮ.Проблемалық  сұрақтар?

1)    Өлеңнен  ананың баласына  деген қандай  сезімі, қандай қасиеттері    танылады?

2)    Төменгі сыныптарда ана  туралы қандай  шығармалар оқыдыңдар, еске түсіріп көрейік?

3)    Ана  туралы  қандай  мақал – мәтелдер  білеміз?

4)     Аналар неліктен  бір –біріне  ұқсайды?

5)    Еңбегімен, ерлігімен, даналығымен танылған аналардан  кімдерді атай  аласыңдар?

            Дәптермен жұмыс

V.  Өлеңге  сатылай кешенді  талдау.

1. Авторы:    М.Дулатов 

2. Тақырып:  Бұл өлеңнің  тақырыбы  ананың  баласына деген махаббатына    арналған

3. Жанр  түрі– поэзия ( өлең) Өлең  дегеніміз – белгілі бір өлшеммен

                          қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып 

                           келетін өрнекті сөз  жүйесі

4. Идеясы–  автор тақырып  арқылы шындық өмір көрністерін  суреттегенде,

                       оны өз  көзқарасы,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді.

                       Сол  арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді.

                       Идеясы – ананың  бар  арманы, өмірінің мәні – баласы,

                       соның  амандығы

5.Шумақ–  аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.

6.Тармақ—  өлеңнің әр шумағы

7. Бунақ– белгілі бір  дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақ

8. Буын саны– сөздің  құрамындағы дауысты  дыбыстардың санына   байланысты. ( 8,11 буын)

9.Ұйқас. Өлең  тармақтарының соңғы  сөзі біріне – бірі ұқсас дыбыстармен үйлесе келуін ұйқас  

                                                                    дейміз. Қара өлең  ұйқасы (а, а, б, а)

10. Арнау– бір  адамға, не  көпшілікке, не  табиғаттың бір құбылысына 

                      қайрыла арнай сөйлеу.Олар кейде лепті сөйлем, кейде

                      сұраулы  сөйлем, кейде риторикалық сұраулар  арқылы

                      құрылады.   ( Сұрай арнау)

11. Түсіндірме сөздік( бұл өлеңде түсінуге қиын  тиетін сөздер  жоқ)

12.Өлеңнің  негізгі  түйіні, тәрбиелік  мәні – балаға ана қадірін құтыру, ананы сүюге,қамқор болуға, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу

   Олай болса, сабағымызды ары қарай өрбітіп, түрлі тапсырмалар орындаймыз.

ҮІ. «Білімді мыңды жығар» (деңгейлік тапсырмалар)

І топ.І деңгей.

1. М.Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұндаудың тірек-сызбасын құрастырыңыз, сол жоспар бойынша қаламгер туралы әңгімелеңіз.

2. Ана туралы мақал-мәтелдер айту.

ІІ топ. ІІ деңгей.

·       ә) Міржақып Дулатов-қазақтың аса көрнекті ағартушысы,қоғам қайраткері, ақын, көсемсөз шебері.

(берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда)

2. Ана туралы даналық ойлар айту.

ІІІ топ. ІІІ деңгей.

1. .     « Ана» сөзінің кілтін табу

           А – дамның

     н– ағыз

     а   — сылы

          2. “Мен анамды сүйемін ” ойтолғау жазу.

        

           VІІ.  Тренинг. « Анаға  ең  жылы лебіз »

         І топ. «Даналық ойдан дән ізде» (берілген даналық сөздердің    

          мағынасын ашу).

1. “Ердің анасы-елдің анасы”

2. “Адамның бар жақсылығы күннің сәулесі мен ананың ақ сүтінен келеді. Бізге өмірді сүйгізетін осылар”                          М. Жұмабаев.

3. …Ана деген атыңды елге берген

Сенен нені аяйын, аянайын!            Ж. Молдағалиев

 ІІ топ. «Жыр жазамын жүрегімнен…» (шығармашылық жұмыс).

ІІІ топ.«Ана-өмірдің шырағы » өлең шығару.

               ҮІІІ. Жаңа сабақты бекіту. Тест сұрақтары

·       1. М. Дулатовтың туған жері?

·       А) Торғай облысы в) Ақмола облысы с) Семей облысы

·       2. Міржақовтың ұстазы?

·       А) Асқар в) Мұқан с) Дулат

·       3. 1909ж жарыққа шыққан кітабы?

·       А) “Азамат” в) “Терме” с) “Оян, қазақ!”

·       4. Міржақыптың анасы?

·       а) Дәмеш в) Айғаным с) Жамал

·       5. Міржақып анасынан неше жасында жетім қалады?

·       А) 12 В) 2 с) 9

6. “Шешенің балаларын сүюі өлеңіндегі ұйқас түрі?

А) ерікті ұйқас в) шұбыртпалы ұйқас с) қара өлең ұйқасы

      ІХ  . Үйге тапсырма:

 1)      М.Дулатов  « Шешенің  балаларын  сүюі » өлеңін  жаттау

 2)    « Менің  аяулы  анам » тақырыбында шағын шығарма  жазу.

3)     «Міржақыпты алаштың ауыр жағдайы ақын еткен» ғылыми- зерттеулер жазу.

Х. Мұғалімнің қорытынды сөзі.

      Ислам жолы да Ананы бәрінен артық ардақтауды талап етеді.Анушируан Әділ патшаның:  « Құдайдың көңілінен қалай шығуға  болады?» — деген сұрағына, дана уәзірі Бұзұрхмехр: « Анаңды қуанту арқылы », — деп жауап берген. Ендеше, « бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен » аналар аман болсын

 ХІ. Бағалау.

қ/с

Оқушының аты-жөні

Өз бағасы

Топ басшысының  бағасы

Мұғалім бағасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084970

Пікірлер (1)
нургуль # 2 наурыз 2016 в 23:44 0
Үлкен рахмет. Еңбегіңіз жансын

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар