М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Жырдың сюжеті мен композициясы.

12 қыркүйек 2014 - Админ

Сабақ жоспары.8- сынып әдебиет пәні.

Пән мұғалімі: Аймаханов Ержан Асылтұрсынұлы

Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылы, Қызылорда облысы

1

Сабақтың тақырыбы

М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.

Жырдың сюжеті мен композициясы.

2

Сілтеме:

Интерактивті тақта, Мұғалімге арналған нұсқаулық, 8-сыныптың әдебиет оқулық, республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті» журнал 2014ж №2, 2013ж №7, «Сыр бойы» газет 2014ж 15 ақпан, «Мұқағали» кітаптары

3

Жалпы мақсаты

А) Поэманың өміршеңдігін таныту, тақырыбы мен құрылысын, идеясын көркемдік тілін ашу.

Ә) Оқушының сөйлеу тілін, мәдениетін дамыту, мәнерлеп жатқа оқу дағдысын қалыптастыру.

Б) Туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

4

Күтілетін нәтижелер

А ) «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқи отырып, идеясын ашады.

Ә) Оқушылар М. Мақатаев шығармаларын оқи отырып сөйлеу мәдениеті мен оқу дағдысы қалыптасады.

Б) Туған жерге деген сүйіспеншіліг мен адамгершілік қасиетті артып, табиғаттың әсемдігін түсінеді. Қасиетті нәрсе аққуды қадірлеуге үйретеді.

5

Негізгі идеялар

Қазақ халқының біртуар перзенті, ақиық ақын, поэзия әлемінде өшпестей із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірімен жан- жақты танысып, шығармашылығына талдау жсай отырып, ақын жырларының құдіретін сезіну. Адам тіршілігіндегі маңызын, тіл шұрайын таныту

6

Оқыту әдіс- тәсілдері.

АКТ «М. Мақатаев туралы» презентация көрсету, «Менің Мұқағалиым» өлеңдерін жатқа оқу, «Тіл өнері» ой қозғау, поэмадан үзінді оқу, топпен жұмыс, сұрақтар мен тапсырмалар

7

Ресурстар:

АТК, Мұғалімге арналған нұсқаулық, 8-сыныптың әдебиет оқулық, республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті» журнал 2014ж №2 және 2013ж №7, «Сыр бойы» газет 2014ж 15 ақпан, «Мұқағали» кітаптары, буклет

8

Дерек көздері

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, WWW.epm.kz;

«Сыр бойы» облыстық газет 2014ж 15 ақпан

«Қазақ тілі мен әдебиеті» респуб. журнал2013ж №7

«Қазақ тілі мен әдебиеті» респуб. журнал 2014ж №2

« М. Мақатаев өлеңдер жинағы»

«Қазақ әдебиет» оқулық 8-сынып

Сабақ барысы

1

Ұйымдастыру кезеңі

1-минут

Оқушыларды түгелдеу, оқу- құралдарын тексеру.

Сабаққа дайындығын бақылау

2

Оқушыларды екі топқа бөлу.

І топ «Аққу» тобы

ІІ топ «Табиғат» тобы

2-минут

8-сынып оқушылар екі топқа бөлу. «Аққу» тобы және «Табиғат» тобы.

Оқушылар өз тобының атына лайық мақал — мәтел немесе тақпақ айтады. Топ басшыларын сайлайды.

3

Үй жұмысын пысықтау

«Менің Мұқағалиым» М.Мақатаев өлеңдерін оқушылар жатқа оқу.

4

Жаңа сабақ.

М. Мақатаев өмірі.

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

10-минут

АКТ пайдаланып М. Мақатаев өмірі мен естеліктер туралы презентациялық жұмыстар көрсету.

-М. Мақатаев өмірі мен туған жері

-М. Мақатаев туралы

-Мұқағали естелігінен

5

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқу.

Оқулықпен жұмыс

7- минут

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасын екі топтың оқушылар оқулықтан түгел бір- бірін жалғастырып оқып шығады.

6

Сұрақтар мен тапсырмалар

10 минут

«Табиғат» тобына тапсырма

1.Поэманың І бөлімінен қандай әсер алдыңдар? Туған жер, Жетімкөлдің сұлулығын, аққудың үні, қасиеті, айнала қоршаған ортамен үндестігі, ақынның сезімі өлеңде қалай берілген?

« Аққу» тобына тапсырма.

2.Поэманың ІІ бөлімінде оқиға мен интонацияның өзгергенін байқаңдар. Ананың психологиялық жай- күйін ақын қалай берген? Ананы қасиетті аққуға оқ атуға итермелеген не?

7

Жылқышы мен ананың диалогы

Екі топтан екі оқушыдан

3минут

«Табиғат» тобынан «жылқышы» ролін 1 оқушы

«Аққу» тобынан «ана» ролін 1 оқушы диалогін екі оқушы кезектесіп оқу.

8.

Мағына ашу.

2 минут

… Білмеймін сор аттың ба, бақ аттың ба?

Аққуға кезенерде ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?- деген жылқышы қарттың сөзінде қандай мән бар?

9

М. Мақатаев өлеңдерін үнтаспадан тыңдау. 3 минут

«Менің мұңды жырларым» атты М. Мақатаев өз аузынан шығармаларын үнтаспадан тыңдау.

10

Қорытындылау.

«Тіл өнері»

5 минут

«Табиғат» тобына

Жапырақ жүрек, жас қайың,

Жанымды айырбастайын.

Сен… бола бастасаң,

Мен қайың бола бастайын (адам, человек, people) -пюпл

«Аққу» тобына

Жетімкөлдің басында… жатқан,

Дөңге шығып, қарт тұрған… баққан (жылқы, лошад, lorse) хоз

«Табиғат» тобына

....- мойын, сүмбе- қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап. (аққу, лебед,swam)шоум

«Аққу» тобына

Аласұрып, қан ойнап тамырында,

...-жүрек тыпыршып қабынуда,

Не қыларын біле алмай жабығуда. (ана, мать, mother)мазе

11

Оқушыларды бағалау.

1-минут

Оқушыларды бағалау рейтингі арқылы жұмысын бағалау

12

Үй жұмысы.

1- минут

М. Мақтаев. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Поэманың әр бөліміне ат қойып, «Ақын және аққу», «Жетімкөлдің аққулары», «Ана- мерген», «Бала- аққу-ана» тақырыптарға еркін шығарма жазу, өлең жазу, сурет салу

Рефлексия

    1.Бүгінгі сабақта сіздер үшін не қызықты болды?

    2.Бүгінгі сабақта не қиын болды?

    3.Қандай ұсыныс-тілегіңіз бар?

    Мұғалімнің кері байланысы

Оқыту нәтижесі.

Не сәтті болды?

Не сәтсіз болды?

Нені өзгертіп дамытар едім?

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062461

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар