М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі

26 ақпан 2014 - Админ
М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі            Қалиева Г.Ж.


Күні:  18. 02. 2014 ж                                    Сынып: 7 «А»                      Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Сабақтың білімділік мақсаты:

 М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі туралы толық мағлұмат беру және әңімені талдау.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тақырыпқа қызығушылықтарын ояту, мағынаны танып білуге, ой толғауға дағдыландыру. Оқушыны өз пікірін қорғай білуге үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адалдыққа, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдістемелік мақсаты: Қазіргі кезенде маман моделіне қойылатын талаптарға сәйкестендіру барысында тұлғаға бағытталған оқыту технологиясын пайдалану.

Сабақтың түрі:  Көрме сабағы

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу.

Пәнаралық байланыс:   қазақ тілі,  жануартану

Көрнекілік:  Суреттер, интерактивті тақта

Сабақ жоспары.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

-       Сәлеметсіңдерме балалар! Қазақ әдебиеті сабағына қош келдіңдер! Бүгінгі сабақта барлығыңа сәттілік тілеймін.

         Сабақта барлығымыз түгелміз ба?  Олай болса сабағымызды бастайық.

Бүгінгі сабағымызды ерекшелігі біз Алматы қаласындағы Абай даңғылының бойында орналасқан М.Әуезов атындағы мұражайға  барамыз.

   

Мұражай ішіндегі көрмелермен таныстырамын. Ол үшін біз мына кезеңдерден өтуіміз керек.

(Слайд арқылы бүгінгі сабақ кезеңдерімен таныстыру) 

«Қайталау – оқу анасы»

«Тақырыпты түйіндеу»

«Ойлы болсаң, озып көр»

«Білімді мыңды жығар» 

І кезең «Қайталау – оқу анасы» Бұл кезеңде үйге берілген тапсырманы орындаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

-       Үйге қасқырға сипаттама жазу және қасқырларға байланысты айтылған аңыздар тауып келу және «Көксерек» фильміндегі актерлер туралы дерек  жинау.

-  Балалар, өздерің көріп тұрғандай слайдтағы суреттердің жарты беті көрініп, жарты беті жасырын тұр. Сендер слайдта берілген қандай сурет екенін табуларың керек және сол сурет туралы мағлұмат бересіңдер.

 

1963 жылдың 7 қарашасы күні (төлқұжат бойынша 9 қыркүйек) Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының жанындағы Көкқайнар деген ауылда дүниеге келген. Қамбар Уәлиев былай дейді: « Маған алғаш Мұхтар Әуезовтің «Көксерегін» әкем оқып берген болатын. Әсіресе, «Бөлтірік көзін ауылға келген соң екі күннен кейін ашты. Кішкене Құрмаш оған Көксерек деп ат қойды. Ертелі-кеш айналасынан шықпайды. Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. Түн баласына Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында, не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады...» деп суреттелген жерлері менің есімде фильмнің әрбір эпизодтарында жаңғырып тұрды. Кейде сценарий бойынша жыламақ болып, шын жылаған кездерім болды. Ата-анамды, ауылымды бір жыл бойы көргем жоқ. Олардың сағынышы… Кейде күні бойғы артыс-тартыстан қалжырап, әбден діңкелеймін де, қас қарая тіпті үстімдегі «Құрмаштың» киімдерін шешуге мұршам келмей, ұйқыға кетем. Кейде ұйқымыздан оятып алып, түсіретін. Сенесіз бе, кей күндері шырт ұйқымнан оянып кетіп, жан-жағыма қарап: «Мен осы шынымен Құрмашпын-ау деймін?» деп қалатынмын. Кейін кино біткен соң, онша көргім келмеді. Бәрі еске түседі ғой. Сенсеңіз, осы фильмді мен 1996 жылы Мұхтар Әуезовтің 90 жылдығында алғаш рет көрдім.»

 

1 – оқушы:

Көксеректегі" жазушының сүйіп жазған сөзі — көк. Көк күшіктер өмірдегі құштарлықтың тұспалына айналды. Көк сөзі қазақта тәңір, аспан, табиғат, шөп, от, кие, қасиет деген ұғымдардың да синонимі екені белгілі. Фильмге хайуанаттар бағынан жас қасқырлар алынған. Көксерек болып екі қасқыр ойнаған, екеуін де фильмге түсіру үшін Мәскеу қаласынан арнайы әкелген.

«Қойға қасқыр шабу» көрінісіне түскен қылшық жүнді, теген құйрықты қойлар мал шаруашылығы институтының тәжірибе отарынан алынған.

Фильм Қырғыз тауларының баурайында, Ыстықкөл жағалауында түсірілген.

Фильм сценарийін Андрей Михалков-Кончаловский мен Эдуард Тропинин жазды. Ал қазақ тіліне Әбіш Кекілбаев аударған болатын.

2 – оқушы:

           Әр шығарманың шығу тарихы болады.М.Әуезовтың жұбайы Валентина Әуезова «Көксерек» әңгімесін былай еске түсіреді «Бірде мен қабырға күнтізбесін /1929 жылдың/ сатып алдым.Сол күнтізбе Мұхтардың жазу үстелінің тұсында ілулі тұратын еді.Сонда белгілі суретшінің салған суреті бар болатын – қасқыр, түн,қар жамылған меңіреу дала, сонау алыста көз ұшында қар басқан кішкентай ауылдың отары көрінеді.Ең алдыңғы қатарда түнде жортқан қасқыр тұр.Міне, сол сурет Мұхтар Әуезовтің сонау жас бала кезінде кәнігі аңшылардан естіген әңгімелерін еске түсірген болу керек, енді міне, күн сайын көз алдынан сол суреттегі көрініс кетпеген Мұхтар өзінің «Көксерек» әңгімесін жазған болатын».

Құрмаштың ағасы болып ойнайтын Аханқұл рөлін сомдаған қырғыз актері Сүйменқұл Чоқморов

 1939  жылы Бішкекте туылған. Қырғыз халқының актеры.  1992 жылы 26 қыркүйекте  52 жасында қайтыс болды.   Сүйменқұл Чоқморов Бакуде өткен кинофестивалде «Ең үздік актер» номинациясы бойынша жеңімпаз болып танылды, ал Қамбар Уәлиев ынталандыру сыйлығын иеленді. 1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивалдің бірінші жүлдесіне ие болып, Швейцарияның Локорно қаласында өткен кинофестивалінде құрмет грамотасымен марапатталды.

Үйге берілген тапсырманы тексеріп болған соң М.Әуезов атындағы мұражаймен таныстыру.

    

 

1963 жылы М.О. Әуезовті мәңгі есте қалдыру жөніндегі Қазақстан үкіметінің арнаулы қаулысы бойынша құрылған. Музей жазушының соңғы он жыл бойы (1951 — 1961) тұрған үйінде орналасқан. Онда жазушының өмірінен, шығармашылық қызметінен толық мағлұмат беретін аса бағалы тарихи, әдеби материалдарға толы мемориалдық бөлмелер бар.

— Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам  өмірі үшін қандай  маңызы бар?

    (Иә, әдебиет өміртану құралы. Көркем шығарма арқылы  өмірді таныта отырып, адамды тәрбиелейді.)

Ой қозғау. Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес. Ендеше мына сөйлемге  назар аударыңызшы.

      «Табиғат — күллі тіршілік атаулының құтты қоныс  мекені,  алтын ұя, тал бесігі.»

 Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді? Ендеше табиғат дегеніміз не?  Қалай түсінесіздер?

 

                                      Қоршаған орта

Табиғат

                                      Халық қазынасы

               Ал табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын  бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар?

            Олай болса, бүгінгі әңгімеміз кеше ғана оқып танысқан, бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі, олардың іс-әрекеті турасында  өрбімек.

Олай болса ІІ келесі кезең «Тақырыпты түйіндеу»  деп аталады.

  — Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің  мазмұнымен танысып, әр бөлімге тақырыпшалар қойған болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда тақырыпты қорытындылаймыз. Алдымен шығарманы есте жаңғырту үшін әңгіме мазмұнын қаншалықты меңгеріп,  түсінгендеріңді байқаймыз.

— Балалар, қазір сендерге «Көксерек» фильмінен үзінді көрсетемін сол үзіндіні оқулықтан тауып оқисыңдар. (Экраннан «Көксерек» киносы көрсетіледі.)

-  Балалар, сендер әңгіменің кейіпкерлерімен тілдескілерің келе ма?  Әрине Құрмаш қазір ортамызда болғанын қалаймыз барлығымыз. «Көксерек» әңгімесіндегі кейіпкерлердің ролін өзіміз ойнайық және солар сияқты ойлана отырып берілген сұраққа жауап беріп көрелік. 

Оқушылардың сұрағы қойылады.

-  Жарайсыңдар балалар, біз енді М.Әуезов мұражайының сыртқы көрінісімен таныстық енді  мұражайдың ішіне енейік.

   Мынау М.Әуезовтың жұмыс үстелі.

 

ІІІ  кезең «Ойлы болсаң, озып көр»деп аталады. Бұл кезеңде тақтамен және дәптермен жұмыс жүргізу.  ІІІ кезеңнің  ерекшелігі  ІІ бөлімнен тұрады:

І бөлімде Топтастыру. Екі топқа «Адам», «Қасқыр» сөздері тақтаға жазып қоямын. Осы сөздер бойынша оқушылар  қасиеттері мен ерекшеліктерін  жазып шығады.

 

       еңбектенеді                    сөйлейді                          жыртқыш           ит-құс         бөрі

    
    

 

 

 

ойлайды                                          оқиды           қомағай                                             табиғат перзенті

 

        
        

 

 

 

перзент                   қоректенеді.                                   Дала тағысы                      дала санитары

 

       

ІІ бөлім тапсырмасы

Синквеин әдісі бойынша «қасқыр»,  «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.

 «Қасқыр» сөзін талдату

1. Қасқыр               

 2. Жыртқыш, қомағай.             

3. Ұлиды, шабуылдайды, жортуылдайды

4. Қасқыр-түз тағысы, перзенті.                  

5. Бөрі, көкжал.

 

 

 

     

 

-                 Мұнда  жазушының қолжазбалары,  дүние жүзінің 30 тілінде басылған «Абай жолы» эпопеясының нұсқалары қойылған.  Музейде жазушы-драматургтың қазақ театрымен шығармашылық байланысын бейнелейтін қосымша мәліметтербар.
Әуезов музейі жазушының әдеби мұрасын жинау,  жариялау,  зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Музейдің негізгі қоры — Әуезовтің өзінің жеке архиві.  Мұнда оның шығармаларының түп нұсқасы түгел сақтаулы.

ІV  кезең «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Шығармашылық жұмыс жүргіземіз. Қасқыр туралы мақал –мәтел айтып жарысамыз кім көп білетіндігін тексеру.

  1. Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
  2. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.
  3. Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.
  4. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар

Сабақты қорыту:

1. Салыстырыңыз

Көксеректің ауылдағы мінез-құлқы мен даладағы, еркіндіктегі мінез-құлқын

салыстырыңыз.

2. Елестетіңіз

Егер адамдар қасқыр апанын бұзып, бөлтіріктерін өлтіріп, Көксректі алып кетпегенде,

оқиға әрі қарай қалай дамуы мүмкін еді? Көз алдыңызға елестетіңіз.

3. Суреттеңіз

Ауыл адамдарының көксеректен көрген зардаптарын суреттеңіз.

Қорытынды: Ой толғау

 Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме, ой толға?

 Неге үйретті?

Теледидар киноларды көрсетеді

Бөріні асырауға жөн сілтеді.

Бір адам асырапты бір қасқырды

Нағыз ыстық дос көңіл дос етеді

Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі – табиғаттың адамға берген жауабы секілді, екі аяқты пенделер, біздер, табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ. Себебі, адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар. Ендеше, балалар, табиғатты  зорлықпен, күшпен бағындыру мүмкін емес!

VI. Үйге тапсырма:  «Адам және табиғат» (эссе ) жаз

VII. Білімді бағалау: Сабақта белсенділік танытқан оқушылардың білімдерін бағалау.

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072439

Пікірлер (2)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар