Мағжан Жұмабаев «Мен кім?», «Қазақ тілі»


6-сынып қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Мен кім?», «Қазақ тілі»

Мақсаты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Берілген деңгей бойынша тапсырмалар жүйесі

Күтілетін нәтиже

Бағалау формасы

Білу

Үй тапсырмасын бекіту.

М.Жұмабаев өмірі, шығармашылығы жайлы біледі.

«Мен кім?» өлеңін талдауға машықтанады.

Оқушыға ой салу.

Өз мақсаттарын айқындайды, мәселені шешуге әрекет жасайды.

Топ өткен сабақта бөлінгендері бойынша отырады.

І топ. А. Байтұрсынов кім? Топтастыру

ІІ топ. «Қара бұлт» Мысал өлеңді инсценировкалау

ІІІ топ. «Анама хат» (мәнерлеп, жатқа айту)

ІYтоп. « Анама хат» жазған хаттарын оқу

Жұптық жұмыс

1.М. Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы

2.Қосымша мәліметтер

3. «Мен кім?» өлеңін мәнерлеп оқып,өлеңдегі жалынды сөздерге мән беріңдер

-Арыстан, жолбарыс, күн, жалын сөздерінің нені, қандай қасиетті бейнелейтінін айтыңдар.

4. Ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман туралы

Өз ойын ашық айта білу дағдысы қалыптасады.Ынтасы, қызығушылығы артады.Бірін-бірі оқыта отырып өздігінен білім алуға үйренеді.

Мұғалім бағасы

Түсіну

Өлеңде сюжет жоқ, композиция ғана бар, яғни ақын өз ойы мен сезімін жырлап отырғанын түсінеді.

Мақсатқа жету жолдарын көрсетеді,ұйымдастырады.Бағыт-бағдар береді.

Сұраққа жауап бере отырып, ақынның мақсаты атадан қалған асыл мұра сөз өнерін ұрпаққа жеткізу екенін айта отырып, ақын осыдан 100 жыл бұрын көтерген тіл мәселесі туралы айта келе ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі, үмітінің өміршеңдігін дәлелдейді

-Ұлт деген сөзді қалай түсінеміз?

-Тілі, діні, жері, мәдениеті бір адамдар тобы.

«Табиғаттың өз тілі бар» дегенге сенетін, қазақ әдебиетіне ғажап өнерін алып келген дара ақынның өлеңіне тоқталу.

1.Мәнерлеп оқу

2.Өлеңнің өміршеңдігі

.Тіл тағдыры жайлы өзіндік пікір қалыптасады.

Мұғалім бағасы

Қолдану

.Өздігімен жұмысты жүзеге асырады.

Тапсырманы түсіндіреді

Таныс емес сөздердің сөздігін жасап, мағынасын түсіндіреді. С.Торайғыровтың өлеңімен салыстырады.

3.Сөздік жұмысы

Ерікке ұмтылған – тәуелсіздікке

Ұшқыр жаны кісенде – қазақ тілі тәуелді

Қос қанат — көне тіл, баба тіл

Нұрлы жұлдыз – жарық сәуле

Салыстыру.

«Шығамын тірі болсам адам болып»

«Мен кім?»

Екі ақынның ой-арманының үндестігін табу.

Дербестігі,өз-өзіне сенімі қалыптасады

Топ басшысының бағасы

Талдау

Алған мәліметтердің нәтижесін көру

Тапсырманы түсіндіріп, бағыт-бағдар беру

Өзгені тыңдай отырып,өз білімін толықтырады.

Топтық жұмыс (талдау)

4 шумақ, 16 тармақ, 3 бунақ,11, 12 буынды қара өлең ұйқасы

Эпитет – Алтын күн (Нұрлы жұлдыз)

Ұшқыр жаны,қыран құс, жауыз тағдыр.

Тіл – Аманат – Өсиет – Парыз.

Тапсырма

1.Қазақ тілі жайлы өлең оқу

2.Мақал-мәтел айту

3.Жұмбақ жасыру

4.Даналық сөздер

Топта өз ойын ашық айта отырып, өзін-өзі бағалау дағдысы қалыптасады.

Топ бағасы

Жинақтау

Өз көзқарасын көрсету

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтерліктей түйін түйдіру.

Өз жауаптарын, ойын мәнді жеткізуге тырысады.

«Бабам тілі — мәңгілік» атты тақырып бойынша ақын ойына өз пікірлеріңмен үлес қосыңдар. (шағын мәтін жазу)

Өз білімін бағалауға дағдыланады

Өзіндік қорытынды баға

Бағалау

Бүгінгі білімнің не үшін қажеттілігіне, білімнің құндылығына көз жеткізу

Оқушылардың дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдауына ықпал ету.

Дұрыс шешім қабылдайды.

-Мәуелі бәйтерек қай кезде жеміс береді?

(ел еңбегін бағалап, ұрпағы мақтан еткен кезде)

Үйге: «Қазақ тілі» жаттау

«Мен кім?» мәнерлеп оқу

«Ана тілі — ардағым» шығарма

Дұрыс шешім қабылдайды

Өзіндік баға

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіД.Исабеков "Ата үміті" (1 сағаты)

Қазақ әдебиетіАйтыс- халық қазынасы

Қазақ әдебиетіАлпамыс батыр жырының кейіпкерлері

Қазақ әдебиетіС. Дөнентаевтың "Заман кімдікі", «Бозторғай» өлеңі

Қазақ әдебиетіҚозыкүрең (2сағаты)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103598

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 22 наурыз 2016 в 00:26 0
Ақынның өлеңдерінің тілдік құрылымы,тәрбиелік маңызы керемет!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар