Мағжан Жұмабаев."Толқын"

25 наурыз 2016 - гүлжазира жолжанова

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 7
 
Сабақтың тақырыбы:  Мағжан Жұмабаев  «Толқын»
Сабақтың мақсаты:
                                 а)   М.Жұмавбаевтың ақындық ерекшелігіне тоқталу;
                                 ә)  Мағжан өмірі мен «Сүйемін» өлеңінің байланысын ашу;
                                 б)  Мағжан туралы деректерді кеңірек түсініп,ұғынуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дамыта оқыту   
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау,іздену  т.б
Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы,   портреті   т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:   
                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:
                         Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                           ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
  Үйге берілген М.Жұмабаевтың  «Сүйемін» өлеңін  мәнерлеп оқиды. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.    «Махаббат» деген ұлы ұғымды ауызға алғанда біздің бойымызда қандай адамдық қасиеттер қалыптасады деп ойлайсыңдар?
2.    Біз осындай  адамгершілік ұлы қасиеттерімізді кімге және нелерге арнауымыз керек?
3.    Өлеңнің негізгі идеясы не?

Қызығушылығын ояту.

1) Сылқ-сылқ күледі
Аяғы жоқ жүреді

2) Жылт-жылт еткен
Жылғадан өткен

                                             б) Жаңа сабақты түсіндіру:
      Ақынның ішкі жан дүниесі оның әр түрлі табиғат құбылыстарын сезінуі, бейнелеп суреттеуі арқылы танылатын өлеңінің бірі -  «Толқын» өлеңі.
Пейзаж туралы
Көркем әдебиеттегі табиғат суреті – пейзаж деп аталады.Пейзаж (франц.-«мекен», «өлке») – белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі.Тақырыпты толығырақ ашу үшін пейзаж кескіндеме жанрының басқа түрлерінде де(портрет, баталия жанры т.б.) қолданылады.Пейзажда суретшінің сезімі, көңіл күйі, түсінігі, табиғатқа деген эстетикалық, этикалық көзқарасы аңғарылады.
Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.
Кітаппен жұмыс: оқушылар  өлеңді  мәнерлеп оқиды.
Шығармашылық  жұмыс:  Толқын көрінісіне суреттеме жазады және толқын көрінісіне сурет салады.
Дәптермен жұмыс: Өлеңді шумақ, ырғақ, бунақ және ұйқасына талдау
Пәнаралық байланыс: Толқынның суретін салу. Өлеңнен бір-біріне қарама-қайшы сөздерді табады.
Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
 1 Толқын көрінісін беруде ақын қандай сөздерге, дыбыстарға сүйенеді?
2. «Мағжан –дыбыстан сурет жасайды» деген пікірді  осы өлең арқылы дәлелдей аласыңдар ма?
3.Ақын өлеңі лириканың қай түріне жатады?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін жатқа оқып келу.


 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141907

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар