Мағжан Жұмабаев "Қысқы жолда"

10 ақпан 2015 - Ұлболсын Бисенбай
Мағжан Жұмабаев "Қысқы жолда"

Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні Бисенбай Ұлболсынның 5 б сынып әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары 2014-2015 оқу жылы

Сыныбы:5 б

Мерзімі:27.01.2015 жыл

Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев "Қысқы жолда" өлеңі

Мақсаты:. Мағжан Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу, өлеңнің мазмұнын, идеясын ашу, мәнерлеп оқыту. Өлеңнің көркемдік қуатын оқушылар санасына жеткізу

Күтілетін нәтиже:

1 Оқушылардың қабылдауын, танымын, белсенділігін арттыра отырады. Өз бетімен оқуға үйренеді, сөйлеу тілін дамытады, жаңа білім меңгереді.

2. Талқылайды, білім қалыптастырады.

3 Постер қорғайды. Қажетті құралдарҚыс келбеті суреттер, интер белсенді тақта, постер, маркер.

Сабақ кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті.

Оқушының іс-әрекеті.

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды топқа бөледі. Сабақтың мақсатымен, барысымен, бағалау шарттарымен таныстырады Оқушылармен сәлемдесу(оқушыларға көтеріңкіңкі көңіл –күй орнатуТуған күндері қай мезгілде соған орай топтасады3 минут Кіріспе Ашық сұрақтар қою арқылы оқушылардың теориялық білімін тексереді: 1. Үй тапсырмасын тексеру: ─ Балалар, үйге қандай тапсырма берілді? М. Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңін жатқа сұрау Ақын нені, кімдерді сағыныпты?

Оқушылар жеке қойылған сұрақтарға жауап береді. 4 минут Жұлдызшалар беру арқылы бағаланады. Негізгі бөлім Миға шабуыл 1.Видео-ролик корсету

«Табиғатты Мағжаннан көп, онан артық суреттеген қазақ ақыны кемде-кем шығар» Ж.Аймауытов Жаңа сабақ тақырыбы тақтаға жазылады.

Оқулықпен жұмыс Оқулықтан ақынның "Қысқы жолда" өлеңін оқу

Постер әдісі

Сөздік жұмыс 1) Сорап – 2) Құлағын қайшыландырып 3) Борт — борт желеді – 4) Құр – 5) Аңдай – 6) Қаракөк – Кеңейтілген тапсырма •1-топқа1-тапсырма • Өлеңнің тақырыбы – •Өлеңнің идеясы

• 2-топқа: 2 – тапсырма Өлең неше шумақтан, неше тармақтан тұрады? Қыстың ерекше сипатын қай шумақтардан аңғардыңдар?

•3-топқа: Әдебиет теориясы Өлеңнен кейіптеу, теңеу, эпитеттерді табу.

Кейіптеу Теңеу Эпиттеттер 4-топқа: 4 – тапсырма «Салыстыру» стратегиясы А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен салыстыру Ақын шығармасы-------------------------------- Ұқсастығы------------ Ерекшелігі--------- Менің ойым 1. А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңі 2. М. Жұмабаев «Қысқы жолда» өлеңі Берілген сюжет туралы балалар пікір айтады 1.Оқушылар жеке жұмыс жасайды 2.Талқылайды. 3.Өлеңді түсініп оқиды. 4.Бірнеше оқушы мәнерлеп оқиды 5.Оқушылар мәтін бойынша постер қорғайды.

Сөздік жұмыс 1) Сорап – ескі жолдың сүрлеуі, сілемі 2) Құлағын қайшыландырып – ерсілі — қарсылы қозғалу 3) Борт — борт желеді – аттың жайсыз желуі 4) Құр – бекер, бос, жай, әншейін 5) Аңдай – аң сияқты, аңға ұқсап 6) Қаракөк – аттың аты

6.Тапсырмалар: Өлеңнің тақырыбы – қыс мезгілінің ерекшелігі, долы боранның адамға, жан — жануарға әсері. Өлеңнің идеясы – қыс сипатын күшейтіп, суреттеп, адамдарды табиғаттың долы күшіне қарсы тұра білуге шақыру.

Өлең неше шумақтан, неше тармақтан тұрады? (5 шумақ, 21 тармақ) Қыстың ерекше сипатын қай шумақтардан аңғардыңдар?

Кейіптеу: Екі иінінен дем алып Ішін тартып осқырып Кейде қатты ысқырып Аңдай ұлып бір мезгіл Екі санын шапақтап Біресе сақ — сақ жүреді. Теңеу: Аңдай ұлып Эпиттеттер: қараңғы түн, сар дала, ызғарлы жел, суық кебін.

Бағалау «Бағдаршам» әдісі

Қорыту. ─ Балалар, өлең сендерге ұнады ма? Несімен ұнады? Қандай әсер алдыңдар? Өлеңде қай жыл мезгілі суреттелген? Қазір жылдың қай мезгілі? Өлеңде қазақ ауылындағы қыс мезгілі суреттеледі. Табиғаттағы өзгерістер, қысқы боранның суреті, қазақтың сар даласындағы қыс суреті, оның адамға, жолға қаупі бейнеленген. Алдын ала берілген қима қағаздарға оқушылар сөздерді қатыстырып, сөйлем құрайды. Жазған қима қағаздарын топ ішінде сағат тілімен айналдырып, келесі оқушы ойды жалғастыра отырып, қатыстырып сөйлем құрайды.

Бағалау: Жұлдызшалар таратылып беріледі. Кері байланыс парағын іледі.

Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау 2. Қыс туралы әңгіме жазу, сурет салу Эссе жазып келеді.

Осыған ұқсас жазбалар:

ИнформатикаМәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту (ҚМЖ)

Тәрбие жоспарыАсыл әжем ақ әжем

Қазақ әдебиетіМағжан Жұмабаев – табиғат суретшісі

Қазақ тіліБір ел - бір тағдыр

Ұстаздарға5-сынып оқушысын пәндік оқуға бейімдеу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141884

Пікірлер (1)
Тоспабаева Жамиля # 27 қаңтар 2016 в 11:02 0
Өте күшті

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар