Сөз өнері таңдау курсы

9 қазан 2015 - Батима Түсіп

Түсінік хат

«Сөз өнері» курсы «ЖББ №17 орта мектебі» КММ-нің 5- сынып оқушыларына арналған. Курс аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа берілген. Бұл курс оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді, рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасап, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет сабақтарына қызығушылығы мен функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Сөз өнер пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, қазақ кемеңгерлері атанған данышпан би – шешендердің шығармаларын насихаттау және тілдерін жаттықтыру, яғни ұлт шешендері шығармаларының мазмұнын аша білу болып табылады.

Курстың оқу материалына халық ауыз әдебиеті үлгілерін сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін толықтырып, байытып жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етеді. Оқушыларды шығармашылық ізденіс жұмыстарына баули отырып, би – шешендер мұраларын тани білуге және айшықты, әсерлі сөз қолданыстарына теориялық тұрғыдан талдау жасауға негізделген.

Сондықтан бұл таңдау курсында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, жеке тұлғаны дамытып, оқуға деген қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке, ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, еркін дамуына жол ашу көзделеді.

Курсты оқытудың мақсаты:

    Ұлттық асыл мұраларымызды жан-жақты таныту арқылы ұлтжанды, халқымыздың сөз өнерін, әдет-ғұрпын, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, функционалды сауатты, білімі мен білік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін өз қажеттілігіне қолдана білетін, ұлттық сана-сезімі оянған, сөйлеу әдебін меңгерген, ойы терең, рухани дүниетанымы бай, адамгершілігі жоғары, шығармашылықпен айналысатын тұлға қалыптастыру.

Курсты оқытудың міндеттері:

·Білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);

·Тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау;

·Оқушыны зейінді ұстау;

·Пәнаралық байланысты сақтау;

·Әрекетшілдік-бағдарлылық ұстанымы (әрекетке үйрету, оқу жағдаятындағы әрекеттен өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу);

·Алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау;

·Шығармаларды образға салып оқи білуге;

·Алған әсерлерін айшықты тілмен жеткізе білуге;

·Шығармашылық және ізденіс жұмыстарына баулу;

·Өздігінен білім алуға үйрету функциясы.

Күтілетін нәтиже:

    Ұлттық асыл мұраларымызды жан-жақты таниды. Халқымыздың сөз өнерін, әдет-ғұрпын, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалай алады. Эстетикалық талғамы жоғары, функционалды сауатты, білім, білік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін өз қажеттілігіне қолдана білетін, ұлттық сана-сезімі оянған, сөйлеу әдебін меңгерген, ойы терең, рухани дүниетанымы бай, адамгершілігі жоғары, шығармашылықпен айналысатын тұлға қалыптасады.

    Оқушының сөйлесім дағдыларын дамыту сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп жүргізіледі. Сөйтіп, негізгі деңгейдегі оқушы білімі сауаттылық дағдыларына табан тірейді де, бейіндік деңгейдегі сөз мәдениеті қалыптасады.

Тақырыбы

Сағат саны

    1

Кіріспе. Шешендік өнер тарихынан

1

    2

Шешен сөйлеу сыры

1

    3

Дау шешетін дана сөздер

1

    4

Ұлттық шешендік өнер

1

    5

«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би»

1

    6

Аяз бидің ғұмырнамасы

1

    7

Жиренше шешен – ақыл-парасаттың, тапқырлықтың символы

1

    8

Асан қайғы – тереңнен толғайтын сөз зергері

1

    9

Шығармаларының көркемдік ерекшелігі

1

    10

Асан қайғы шығармаларындағы жер-су атаулары

1

    11

Қазақ жыраулар поэзиясының атасы – Шалкиіз Тіленшіұлы

1

    12

Ш.Тіленшіұлы толғауларындағы метафора мен эпитеттің қолданылуы

1

    13

Бұқар жыраудың даналық сөздері

1

    14

Бұқар толғауларындағы теңеу мен эпитет

1

    15

Бұқар жырау толғауларындағы елдік мәселесі

1

    16

«Тәуке хан заңдарының» («Жеті жарғы») қабылдануы

1

    17

«Жеті жарғы» заңының тілдік сипаты

1

    18

«Бір ауыз сөзі мың ауыз сөзге татитын» Төле бидің төрелігі

1

    19

Төле би толғауларындағы метафора мен метонимия

1

    20

Дүниені дуалы аузымен бағындырған, киелі өнеріне табындырған Қазыбек бидің шешендігі

1

    21

Шығармаларында кездесетін аллитерация мен ассонанс

1

    22

Аты аңызға айналған ақыл – ой алыптарының бірі – Әйтеке би

1

    23

Әйтеке шығармаларындағы шендестіру

1

    24

Мөңке бидің өмір құбылыстарына берген бағасы

1

    25

Шығармаларының көркемдік ерекшелігіне талдау

1

    26

«Аузынан гүл, көзінен от төгілген» Бөлтірік шешеннің қанатты сөздері

1

    27

Бөлтірік шешен сөздерінің көркемдік ерекшелігі

1

    28

Дүниетанымы терең, түйсігі ерен, білім-білігі кемел Сырым батыр

1

    29

Досбол шешеннің тапқырлыққа суарылған сөздері

1

    30

Абайдың билік айту өнеріндегі шеберлік сырлары

1

    31

Абайдың «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінің тілі

1

    32

Абайдың нақыл сөздері

1

    33

Шешендік сөз өнерінің Отаны

1

    34

Әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы нақылдары мен қанатты сөздері

1

Әдебиеттер тізімі:

1.Н.Төреқұлов. Даланың дара ділмарлары. Алматы, 2001

2.Ай, заман – ай, заман — ай. II том, Алматы, 1998

3. "Үш пайғамбар" кітабы

4. М.Қожаев «Жеті жарғы». Шымкент қаласы, 1993

5. «Сырымның шешендік сөздері» кітабы

6. «Бес ғасыр жырлайды». I, II, III томдары

7. Интернет материалдары

8. Ғылыми – танымдық журналдар

9. «Аңыз адам» журналы

10. Баспасөз деректері

11.Дау шешеді дана сөз. Алматы, 1996

12.Абай. Энциклопедия. 1995

13. М.Балақаев, Р.Әміров, Ө.Айтбаев «Сөз өнері». Алматы, 1999

14.Қ.Өмірәлиев. Абай афоризмі.Алматы,1993

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіАбайтану курсының сабақ жоспары (9-10-11 сынып)

ХимияХимия пәні бойынша таңдау курсының бағдарламасы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150985

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар