Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»

5 ақпан 2014 - ӘСЕЛ
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»

7 «в» сыныбына арналған әдебиет  пәнінен қысқа мерзімді жоспары

3-апта

4-күн 

3-сабақ

Сабақтың атауы

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»

Сілтеме

Оқулық; С.Торайғыров шығармалары; 7-сынып қазақ әдебиеті электронды оқулық.Слайдтан тапсырма көздері;

Жалпы мақсаттар

сыни ойлау көқарасын дамыта отырып,өлеңнің мағынасын түсіну;  жағдаятты шешу арқылы сабаққа  қызығушылығын арттыру;  білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқытуды қолдану арқылы  негізгі идеяны түсіну;    өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру;  ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау, өлеңнен суреттеуді тауып, сурет салу.

Оқыту  нәтижесі

Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді;

өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі;өзге топтарды тыңдауға үйретіледі.

Негізгі идеялар

Панасы жоқ таудан без.Пайдасы жоқ байдан без

Тапсырмалар  

1-тапсырма

 «Соңғы сөзді мен айтамын… » ойтолғау  (10 мин)

2-тапсырма.Өлеңді  мәнерлеп оқу.Сұрақ жауап.  (5 мин)

3-тапсырма

А)4-шумақты қара сөзге айналдырып жазу. (3мин)

Ә) Осындай ирониялық сарында жазылған А.Байтұрсынұлының қандай шығармасы бар?  (5мин)

Б)Осы өлең арқылы Шорманның Садуақасына мінездеме бер.(5мин)

В)Осы өлең идеясымен мәндес мақал-мәтел айт. (5мин)

4-тапсырма.Insert  стратегиясы бойынша жұмыс. (10мин)

Сергіту сәті (2мин)

Кейінгі тапсырмалар

С.Торайғыровтың  «Бір адамға» өлеңін жаттап  келу. Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау жасау.

    

 

 

 

 

 

    Мұғалім жазбалары

Ескерту

Сынып оқушыларын топқа бөліп,өз қызметтерін бөліп алуды тапсырдым. Топқа бөлінген соң мультик-команде деген мультфильмді көрсеттім.Оқушылар бұл мультфильмнен топта бірлесіп жұмыс жасауды түсінді.

Үй жұмысын «Соңғы сөзді мен айтамын»әдісі бойынша оқушылар ойтолғауын ортаға  алды. Әр топтан топ көшбасшысы шығып, топтың мүшелерінің орындап келген тапсырмаларын түйіндеп, тапсырманы ортақ бірлесіп жасады. А тобы «Мақтау-жел сөз, жанға қас, Адам өзіне-өзі неғұрлым көп мәз болса, оның бойында мәз боларлық нәрсе соғұрлым аз болады»деген нақыл сөздермен түйін жасады. В тобы «Өзіне –өзі масаттанумен,өзін-өзі дәріптеу-бақытсыздық. Сол үшін де мақтан қумау керек, мақтаншақтыққа салынбау керек деп ой түйді»С тобы да өз ойларын нақыл сөзғмәтелмен түйіндеді. «Мақтан қума, бірақ бар күшіңмен мақтауға лайық әрекет жасауға тырыс. Тәкаппарлықты тәңір сүймес,  сондықтан да тәкәппарлыққа салынып, мақтан қумау керек деп түйді. »

Жаңа сабаққа сергіту сәтін қолдана отырып кірістім. Оқушыларға:

-Тегіс жолда келеміз деп елестетіңіздер.                        

Оқушылар мұғалім айтқан қимылдарды бейнелейді.
-Енді сазды, балшықты жерде келесіздер.

-Өзенде жүзіп келесіздер.
Енді қолдарыңызға дүрбілеріңізді алып қараңыздар. (Осы сәтте экранға Қазақстан бейнеленген карта шығады).

-Нені көрдіңіздер?

-Қазақ елін.

-Баянауыл аймағын.

-Сұлтанмахмұт Торайғыровты.
Миға шабуыл әдісі арқылы Сұлтанмахмұт кім деп сұрақ қойып, оқушылар топтастыру стратегиясы бойынша топтастырды.

Ақынның «Бір адамға» өлеңін электронды оқулықтан тыңдатып,өлең не туралы, кімге арналған деген сұрақтарға жауап беру үшін топтар тапсырмаларын алды.Ой өрбіту әдісін Баяндаушылар тобы Ақыннның өмірбаяны жөнінде мағлұмат берді. Ақынның суретін салып,өмір жолына хронологиялық кесте құрып, шығармашылығын тірек-сызба арқылы түсіндірді.

Ой шақыру әдісі бойынша Зерттеушілер тобы интернет желісін тиімді пайдаланып,ізденіп өлеңнің  Шорманның Сәдуақасына арналғанын, бұл өлеңнің ирониялық, сатиралық сарында жазылғанын түсіндірді. 

Ой дамыту әдісі бойынша Сарапшылар тобы Осы өлеңде оқиға бар ма,әлде ақынның көңіл-күйі, сезімі бар ма? Ирония дегенді түсіндіру. Өлеңнен иронияны тауып оқу. Сатира дегеніміз не? Сатиралық ойды табу деген тапсырмаларды орындады. Топ орындаушысы Нұртай өлеңнен сатиралық, ирониялық сарында жазылған шумақтарын тауып оқып, ирония, сатира ұғымдарына түсінік берді.

Кубизм әдісінің тапсырмаларын 3 топқа қос-қостан бөліп бердім.

Баяндаушылар тобы  білу, түсіну тапсырмасы бойынша өлең мазмұнын айтып, 1 шумақты жатқа айтып берді. Топ бақылаушысы Жеткербаев Бақтығали өлеңді жылдам жаттап,өзінің жылдамдығын көрсетті.

Зерттеушілер тобы Осындай ирониялық сарында жазылған А.Байтұрсынұлының қандай шығармасы бар? Салыстыру Шумақ, тармақ, буын,ұйқасын табу Сөздік жұмыс Тәрбиелік мәні деген тапсырмаларды орындады. Топ көшбасшысы Фарида Ахмет Байтұрсынұлының Ақын ініме өлеңін Бір адамға өлеңімен салыстырып,ұқсастықтарын атап көрсетті. Екі өлеңде де заман көрінісі, атқамінер шонжарлардың ел қанаған іс-әрекеттері көрініс табатынын, екі өлең де ирониялық сарында жазылғанын түсіндірді. Өлеңде кездескен оқа, сылдырмақ, түйме, аяқ, нақақ сөздерінің мәнін ашты. Сөздікпен жұмыс жүргізді. Топ орындаушысы Жұлдыз өлеңнің тәрбиелік мәні зор екенін, бұл өлеңді оқу арқылы бірудің еңбегін жемеуді,құр мақтанға салынбауды, дүниеқоңыз болмауды үйренгендерін айтты.

Сарапшылар тобы осы өлең арқылы Шорманның Сәдуақасына мінездеме беру, осы өлең идеясымен мәндес мақал-мәтел табу тапсырмаларын  орындады. Шорманның Сәдуақасына мінездемені топтастыру арқылы қорғады. Мақал-мәтелдерді топ орындаушысы Нұртай  тобымен Панасы жоқ таудан без.

Пайдасы жоқ байдан без.

Итті күшігім-күшігім десең, аузыңды жалайды.

Өзін-өзі мақтаған өліммен тең.

Жеп тоймаған жалағанмен тоймайды.

Басы ауырмағанның құдайда несі бар.

Басы ауырғанның қасында балтырың сыздамасын.Алма ағашынан алысқа түспейді.

Қарны ашып көрмеген ас қадірін білмейді.

Аш бала тоқ баламен ойнамайды.

Тоқ бала аш болам деп ойламайды деген мақалдарды айтты.

Сабақты қорытындылау үшін «INSERT» стратегиясы бойынша жұмыс жүргіздім.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

Бұл тапсырмада Баяндаушы тобы білемін кестесіне Сұланмахмұт Торайғыров өмірін білетіндігін, білдім кестесіне ақынның шығармашылығын кеңірек білгендерін, білгім келеді кестесіне ақынның ирониялық, сатиралық үлгіде жазылған басқа да өлеңдерін біліп, талдауды жазды.

Зерттеуші тобы білемін кестесіне ақынның өмірі мен шығармашылығын білетінін, білдім кестесіне өлеңнің құрылысан атлданып, идеясын, мазмұнын, тақырыбын білгендерін, білгім келеді кестесіне өлең тарихпен байланысты болғандықтан сол кездегі қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаларды білгісі келетіндіктеір жазды.

Сарапшылар тобы бұл кестенің білдім кестесінде өлеңнің шығу тарихын, кімге арналғанын білгендерін және білгім келеді кестесіне қазақ әдебиетінде ирониялық, сатиралық үлгіде жазылған өлеңдерді талдап, идеясын, тақырыбын ашқысы келетіндіктерін жазды.

Сабақ барысында үй тапсырмасы орындалған соң оқушыларды сергітіп, бой жазу мақсатында сергіту сәтін ұйымдастырдым.

Әр орындалған тапсырмадан соң топтар бір-бірін, оқушылар өз-өздерін бағалап отырды.  Әр топтағы бағалаушылар өздерінің топ мүшелерін қатыстырып, бағалау парақшаларын жасап, топ мүшелерін бағалап отрды. Бағалау парақшаларын жинап, ондағы бағаларды жинақтап,қорытынды бағалау жасадым.

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиеті7 - сынып қазақ әдебиетінен М.Әуезов «Көксерек» әңгімесін орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиеті7 «в» сыныбына арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Қазақ әдебиетіБағдарламаның жеті модулін қолдану әдістемесі көрсетілген тізбектелген төрт сабақтың топтамасын орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиетіАхмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

Қазақ әдебиетіАбай Құнанбайұлы «Қыс» 5-сынып

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147927

Пікірлер (1)
ешкім # 27 қазан 2015 в 20:11 0
болат

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар