С.Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесінің композициялық құрылысы. Кейіпкер бейнесін ашу.

21 сәуір 2015 - Алия Сидагалиева

Сабақтың тақырыбы: С.Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесінің композициялық құрылысы.

Кейіпкер бейнесін ашу.

Сабақтың мақсаты: С.Мұқановтың шығармашылығымен толықтай таныса отырып, «Саятшы Ораз» әңгімесінің мазмұнынын меңгерту. Әңгімедегі Ораз бейнесін ашу, халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат беру.

Оқушыларды өз бетінше іздену жұмысын жасауға, шығармаға кешенді талдау жасауға төселдіру. Өз ойын еркін, толық жеткізе білуге жетелеу.

Адамгершілік қасиеттерге, оның ішінде кішіпейілділікке, кеңдікке баулу, халқымыз қадір тұтқан саятшылық кәсібін құрметтеуге, табиғатты сүюге шақыру.

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау, талдау

Сабақтың көрнекілігі: слайд, тірек сызбалар, кестелер

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

-С.Мұқановтың өмірі, шығармашылығы

-«Саятшы Ораз» әңгімесін оқу, түсінігін айту.

Жаңа сабақ:

Шығарма тақырыбы

Саятшылық кәсібі туралы

Шығарманың негізгі идеясы

Саятшы Ораздың мергендігі, саятшылығы, еңбекқорлығымен қоса адамгершілік қасиетін айрықша таныту.

Композициялық құрылымы

Шығарманың басталуы:

Шығарманың байланысы:

Шығарманың шиеленісуі:

Шығарманың шарықтау шегі:

Шығарманың шешімі:

Ұқсас шығармаларды салыстыру

Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі

Сәбит Мұқанов «Лашын»

Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз»

Бүркітші тау басында, қағушы ойда,

Іздің бетін түзетіп аңдағанда.

Томағасын тартқанда бір қырымнан,

Қыран құс көзі көріп самғағанда.

Төмен ұшсам, түлкі өрлеп құтылар деп,

Қандыкөз қайқаң қағып шықса аспанға,

Көре тұра қалады қашқан түлкі,

Құтылмасын білген соң құр қашқанға.

Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап,

Ол да талас қылады шыбын жанға.

Сегіз найза қолында, көз аудармай,

Батыр да аял қылмайды ертең таңға.

Қанат, құйрық суылдап, ысқырады,

Көктен қыран сорғалап құйылғанда.

Дабылды қақсаң, шалшықта тығылып жүрген үйректер ду көтеріле ұшады.Сол кезде Ахмет оң қолына лашынды сілтеп кеп жібереді. Жерге жақындап барып бауырлай ұшқанда, ол аспанда аққан жұлдыздан кем зымырамайды. Кейбір лашындар ілген үйрегін ала жерге түседі, кейбірі ілген үйрегінің не желкесін, не топшысын қиып жіберіп, құлатып, өзі екінші, үшінші үйректерге ұмтылып, бір барғанда бірнеше үйректі іледі.

Ораз жұмсаған жаққа балалар жүгіріп кетеді де, шуласа кеп жыныстың ішіне кіреді. Со кезде Ораз бүркітін ұшырады.Шарықтап, биікке шығып төмен сорғаламай аң алмау — бүркіттің ата дағдысы. Сол дағдысымен ол қашып бара жатқан қоянға тұра ұмтылмай, әуелі бойын жазып, биіктеп алады да, содан кейін, қоян.Қашып бара жатқан жаққа қарай құлдырай кеп құйылады.

Әңгіме кестесін құру:

Авторы

Сәбит Мұқанов

Сәбит Мұқанов

Шығарманың аты

Саятшы Ораз

(«Өмір мектебі» романы

«Лашын»

(«Өмір мектебі» романы)

Шығарма жанры

Кейіпкерлер

Өнері

Құстың аң алу сипаты

Оқиға орны

Кейіпкерлерге тән қасиеттер

Оқиға қай кезде болған

Шығарманың тәрбиелік мәні

Тапсырмаларды орындау арқылы кейіпкерлер туралы өзіндік ой-түйінін қалыптастыру

Тапсырмалар

Ораз

Тірлігі

Өмірін табиғаттың арасында аңшылықпен кешірген…

Түйсігі

Тіршілік қамы ғана емес…

Кейіпкердің шеберлігі

Жалғыз оқты шитімен атқан мерген…

Кейіпкердің көршілік парыз туралы ой толғамы

Шариғатта айтады екен «Ең ауыр ақы — көрші ақысы» деп. Маған биыл көрші қондың ғой, сен.

Өзіндік ой-түйіні

Теориялық ұғым! Шығармадағы Ораз бейнесі-эпикалық образ. Эпикалық образ-кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекеттерімен тұтас көрінетін әрі толық жинақталған күрделі, кесек қаһарман.

Мәтінмен жұмыс. Мәтіннен көркемдегіш құралдарды табу.

    1. Портрет – шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу.

    Орта бойлы, кең жауырынды, төстік кеуделі, мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кішірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын, сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін, арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін адам…

    … Жасы алпыстарды орталаған Ораздың денесі тіп-тік, жүрісі шапшаң.

    2. Мінездеу– әдеби кейіпкерді таным-түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу.

    Ораз аса жарқын мінезді, ұрыс-талас дегенді білмейтін, өзі ешкімге соқтықпайтын, кісіге телмірмейтін, сұрағанның қолын қақпайтын, үлкенмен де, кішімен де құрдас, ойыншыл, әзілқой, қалжыңшыл, аса жайдары мінезді адам.

«Тұжырым» кестесі

Кейіпкер

Шығармадағы іс-әреекеті

Кейіпкердің ерекше қасиеттері

<img width="«85»" height="«110»" src="«file:///C:/Users/836D~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.jpg»" v:shapes="_x0000_s1026">

Ораз

Ес біліп, қасына ерген кездерімде Ораздың атқан оғы тимегенін көрген емеспін.

Мерген

Есін білгелі қыс бүркіт салудан, жаз қаршыға мен тұйғын салудан қол үзбеген.… Ораз ұстаған құстың бәрі алғыр болады екен.

Құсбегі, саятшы, шебер бапкер

Ораз атқанын, я ілдірген аңдарын жұртқа үлестіріп, өзі үйіне бірер күнге азық әкеледі екен. Ол балалардан да аямай, күндік олжасын үлестіріп береді.

Жомарт, қайырымды

Ораз бейнесін ашу

Кішіпейіл

[img width=«244» height=«98» src=«file:///C:/Users/836D~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image003.gif» align=«left» v:shapes="_x0000_s1027 _x0000_s1028 _x0000_s1029 _x0000_s1030 _x0000_s1031 _x0000_s1032 _x0000_s1033 _x0000_s1034 _x0000_s1035">

адал

Аңғал жанашыр

Көпшіл балажан

Сабақты бекіту:

Саятшылық – қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық өнерінің бірі.

Саятшылық-

-ғажайып өнер

-ата кәсіп

-денсаулық

-спорт…

Бейнекөрініс

VI. Үйге тапсырма

«Қазақ халқының ғажайып өнері–саятшылық» тақырыбына шығарма жазу.

Саятшы Ораздың бейнесін сомдап сурет салу

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаЕң кіші ортақ еселік

Қазақ әдебиеті"Қозы-Көрпеш-Баян сұлу" жыры

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152313

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар