С. Мұратбеков "Жусан иісі" повесіндегі Аян бейнесі

4 мамыр 2014 - ӘСЕЛ
С. Мұратбеков "Жусан иісі" повесіндегі Аян бейнесі

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Атамекен орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Өсербаева Әсел

7 «В» сыныбына әдебиет пәнінен арналған қысқа мерзімді жоспары

Сабақтың тақырыбы:

С.Мұратбеков «Жусан иісі» повесіндегі Аян бейнесі

Мақсаты:

Білімділік: Шығарманың мазмұнын талдай отырып жазушының кейіпкер бейнесін ашудағы шеберлігін таныту; Дамытушылық: Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы шығармадағы қажетті үзінділерді таңдап ой түйінін қорытындылап шығаруға машықтандыру, кейіпкер бейнесін құрастыру арқылы оқушылардың қиялы мен көркем сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Кейіпкер тағдырына ортақтастыра білу, сезімді, төзімді, қайырымды болуға, бауырмалдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Шығарма мазмұны арқылы ата-ананы қадірлейтін, жетім көрсе жебеп жүретін, адал дос бола алатын ұлттық рухы жоғары азаматтарды тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі:

Топтық жұмыс кезінде, өзара сұрақ қою арқылы, постер арқылы, оқыту барысында диологты атқару арқылы сөйлеу мәнерін жетілдіреді. Бір-бірін тыңдап, ой бөлісе алады.

Түйінді идеясы:

Жетім көрсең жебей жүр

Әдіс-тәсілдер:

«Автор үшін алты сұрақ», психологиялық талдау, сұрақ-рефлекция, ой шақыру, концептуалдық кесте, «Фишбон» немесе «Балық қаңқасы», «Көз сал, ой жүгірт» бейнебаян, Венн диаграммасы, РАФТ стратегиясы, топқа бөлу, постер қорғау

Уақыты

Ресурстар

Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

2минут

Қызыл, ақ, сары түсті қағаздар, киіз үйлер, қамшы

Қызыл, ақ, сары тстерді таңдату арқылы «Қайрат», «Мейірім», «Ізгілік» ауылдарына жолдама беріп, топқа бөлемін.

Қызыл, ақ, сары түстерді таңдау арқылы «Қайрат», «Мейірім», «Ізгілік» ауылдарына жолдама алады.

2минут

А3 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, тапсырмалар

Үй жұмысы тексеру.

Сіздердің алдарыңызда жаюлы дастарханда тапсырмалар тұр. Осы тапсырмаларды орындау арқылы үй жұмысын тексеремін.

1. «Автор үшін алты сұрақ»

1) Сайын Мұратбеков қай жылы, қай жерде дүниеге келд?

(1936 жылы Талдықорған өңірі Қапал ауданы, Қоңыр ауылында дүниеге келген)

2) Қай жылы қай оқу орнын бітірді?

( 1971 жылы Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын)

3) «… Сайын өзіне ғана тән тапқырыптық, жанрлық, стильдік даралығы, ерекше сөз нақышы, ашық үні, өзіндік бояуы бар шығармаларымен танылды» деп пікір айтқан кім? (Мырзатай Серғалиев)

4) Қай салада қызмет етті (Мұғалім)

5) Жазушының ең алғаш шығармалары қай жылы жарияланды?

(1954жылы)

6) Ел арасына тараған қандай шығармаларын білесіңдер?

Тапсырмаларды орындау арқылы үй жұмысын орындайды.

2 минут

Слайд

2. Психологиялық талдау.

Елестету:

Сүйсіну:

Жек көру:

Өкіну:

Таңдану:

Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша шығармадан алған әсерлерімен бөліседі. Шығарманы ауызша баяндайды.

2минут

Слайд, сұрақтар

3. Сұрақ-рефлекция

— Оқиға қай кезеңде болған?

— Биыл Жеңістің неше жылдығын тойлаймыз?

— Кейіпкер дегеніміз кім?

— Әңгіменің басты кейіпкері кім?

— Ендеше, біз бүгін сабағымыда Аян бейнесін ашу арқылы оның бойындағы қасиеттерді бойымызға сіңіруге, төзімділікке, сабырлылыққа, ақылдылыққа, еңбекқорлыққа, намысшыл болуға үйренеміз.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1минут

Жусан шөбі, слайд

ІІІ. Жаңа сабақ

Ой шақыру

Жусан шөбін иіскету. Иісін сезіндіру

— Әңгіменің «Жусан иісі» деп аталу себебі неде?

— Әңгіменің негізгі идеясы не?

— — Ендеше, соғыс кезінде ауыл балаларының тағдыры, ертегі айтқыш Аян тағдыры қалай өрілді деген сұрақтарға жауап алу үшін алдарымызда жаюлы дастарханнан тағам-тапсырмаларды орындаймыз.

Жусан иісін иіскейді. Бойлары сергиді. Сұрақтарға жауап береді.

— Сағынышта.

— Ауыл балаларының мінез-құлқы, көңіл-күйін, тұрмыс-тіршілігін суреттеуге арналған.

10минут

А3 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары,

«Қайрат» тобына Аянға мінездеме

«Мейірім» тобына

Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)

Кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерлерге баға

1

Аян

2

Әңгімеші бала

3

Бапай

4

Тұржан

«Ізгілік» тобына

«Фишбон» немесе «Балық қаңқасы»

<img width="«409»" height="«137»" src="«file:///C:/Users/PC/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image004.png»" v:shapes="_x0000_i1025">

Оқушылар тапсырманы тобымен бірлесіп орындайды. Ой-пікірлерін ортаға салады.

2минут

Слайд

·Осы оқиғаны, Аян бейнесін жеткізуші кім деп ойлайсыңдар?

Шындығында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала тірі болуы тиіс. Мұндай бала алдына нендей мақсат қойса да жетеді. Ал тірі болса, Жусанды төбеге бір оралмауы қалай?!

Жусанның ісін сағынбауы мүмкін емес қой.

Аян бұл күнде қайда болуы мүмкін? Шындығында не болды деп ойлайсыңдар?

— Аянның прототипі Науқан Керімов қазіргі кезде Ескелді ауданының Ақын Сара ауылында тұрады. 1937 жылы дүниеге келген. Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер.

Отбасында он бес бала бар. Аян – Науқанның өмірлік қосағы Тыматай апа. Кезінде ауыл балаларын ертегілерімен тамсандарған Аян бүгінде өз немерелеріне ертегі айтып, сүйікті ата атанып отыр.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, мәліметтермен танысады.

-Әрине, автор.

3 минут

Бейнебаян

«Көз сал, ой жүгірт» Бейнебаян «Болмыс»

Оқушылар бейнебаянды көріп, өз ойларын ортаға салады.

2минут

Слайд

Венн диаграммасы

Сол кездегі жетім балалар

Қазіргі кездегі жетім балалар

1 Жоқшылықтан

2 Соғыс салдарынан жетім қалды

Жетім

Жүректері сағынышқа, мұңға толы

1 Тәрбиесіздіктен

2 Ата – анасының құқығынан айырлыған балалар

3. Тастанды балалар

Венн диаграммасын толтырады

10 минут

Слайд, музыка, А3, түрлі-түсті маркер

Сабақты қорыту РАФТ стратегиясыРОЛЬ АДРЕСАТ ФОРМА ТАҚЫРЫП

Қайрат тобы

Роль- Аян

Адресат- оқырманға

Форма- хат

Тақырып- «Мықты болсаң, нағыз еркектерше қиыншылыққа жыламай бақ»

«Мейірім» тобы

Роль – жетім бала

Адресат- халыққа

Форма- өлең «Жігіттер» квартетінің орындауындағы ән

Тақырып- «Жетім көрсең жебей жүр»

«Ізгілік» тобына

Роль- қазақ азаматы

Адресат- елбасына

Форма- хат

Тақырып- «Балалар үйі азайса»

Оқушылар рольге еніп, өз ойларын хат, эссе, өлең түрінде ортаға салады.

Бағалау

Топ бір-бірін бағалайды. Мұғалім бағалауы

Кейінгі тапсырмалар:

«Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталатын Аян ертегісін жалғастыру

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150762

Пікірлер (3)
Абитова Камшат # 20 тамыз 2014 в 11:26 0
Асель сабағыңның құрылымы өте сауатты, керемет сабақ!Алдағы жұмысыңа шығармашылық табыс тілеймін.
Корганбаева Ардак # 27 сәуір 2015 в 23:50 0
Менің группаласым керемет!
Базаргүл Алтынбекқызы # 16 наурыз 2016 в 23:04 0
Сабақ маған ұнады

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар