Ж.Нәжімеденов «Сен ақылды болсаң екен» өлеңі

11 мамыр 2014 - Серік Ұзақбайұлы
Ж.Нәжімеденов «Сен ақылды болсаң екен» өлеңі

Әдебиет, 5 — сынып

Сабақтың тақырыбы: Ж.Нәжімеденов «Сен ақылды болсаң екен» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Ж.Нәжімеденов өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып, «Сен ақылды болсаң екен» өлеңінің мазмұнын меңгерту;

Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау, Б.Блумның сұрақ қою әдісі, түсіндіру, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: Ж.Нәжмеденовтың портреті, шығармалар жинағы, т.б.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

1. Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы

2. « Отырар» өлеңі бойынша ойтолғау жазу

IIIӨтілген материалдар бойынша білім тексеру кезеңі

Дүниетанымдық сұрақтар:

1.Шығарманың бас қаһарманы кім?

2.Қайыр хан мен Қарашоқының Отырар трагедиясындағы орны

3.Қайыр ханның соңғы арманы орындалды ма?

4.Баллададағы ұлт трагедиясының мәні неде? Оны қалай түсіндіңдер?

5.Қазіргі ұрпақтың міндеті мен парызы қандай болмақ?

IV Мақсат қою кезеңі

Сабақ тақырыбымен таныстыру

V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

1.Ой қозғау үшін қойылатын сұрақ:

-Балалар, жақсылық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

-«Жақсы адам» қандай болады?

«Жақсылық пен жамандық» атты аңыз әңгімені айта отырып, жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру.

2. Ақынның өмірі жайлы мәлімет

-1935 жылы Атырау облысы Теңіз ауданының «Қошалақ» ауылында туған.

-Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ұлт аспаптары факультетінде оқыған.

-Мәскеудегі М. Горкий атындағы әдебиет институты жанындағы жоғары курсты бітірген.

-Еңбек жолын Қарағанды көмір шахтасында қара жұмыс істеуден бастаған.

-Оның «Менің Қазақстаным» өлеңін күллі қазақ даласы әнге қосыла айтады.

-«Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» романдары бар.

3.Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру, әдеби талдау жасай отырып, өлеңнің идеясын ашу.

4.Сөздікпен жұмыс

VIЖаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі

·Жақсылық жасау дегенді қалай түсіндік?

·Ақын тілегін қалай жеткізген?

·Жақсы адам болу қиын ба?

Сергіту сәті. (Қимыл-қозғалыспен көрсетеді)

Мынау – менің жүрегім, бәрі осыдан басталған,

Мынау – басым ақылды, бар жақсыны басқарған.

Мынау – менің оң қолым, мынау – менің сол қолым,

Барлық істі басқарған.

Жақсы адам боп өскенде, жақсылықпен мақтанам!

VII Бекіту кезеңі

1-қатардың тапсырмасы. «Бес жолды өлең»

Адам. Өмір

2-қатардың тапсырмасы. Ақын өлеңіне сатылай кешенді талдау

1.—Авторы. Ж.Нәжмеденов

2.—Тақырыбы. Адамдардың жақсы, жаман қасиеттері

3.— Идеясы. Жақсы адам болуға тілек

4.— Тегі. Лирика

5.— Жанры. Өлең

6.—Өлең құрылысына талдау

7.—Өлеңнің тілі. Антоним

Жақсы жанның ұнатқаны, Қауіптенем жамандарға ұнаудан

8.—Өлеңдегі ажарлау. Кейіптеу. Табиғат та асылын Тереңірек, тереңірек көмбей ме?

3-қатардың тапсырмасы. «Менің адамдарға тілегім» ойтолғау

Балалар, біз бүгін не білдік, не үйрендік? Инсерт әдісі

Білемін

Білдім

Білгім келеді

VIII Қорыту кезеңі

1.Үй тапсырмасын беру

1. Жұмекен Нәжімеденов өмірі мен шығармашылығы

2. « Сен ақылды болсаң екен… » өлеңін жаттау

2. Оқушылардың білімдерін бағалау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110059

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар