«Оян, Тұрар!» (Ш.Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі)

«Оян, Тұрар!» (Ш.Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі)


Пәні: әдебиет

Сабақ тақырыбы: «Оян, Тұрар!» (Ш.Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі)

Мақсаты: Бала Тұрар бейнесін жан – жақты ашу.

Білімділік: Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» романындағы «Тұтқын бала» тарауы

бойынша бала Тұрардың санасын оятқан түрме сабақтарын жете

түсінуі, Тұрар арманы — оның орындалған мұраты екенін дәлелдеу.

Дамытушылық: мәтіннен Тұрардың зеректігін, ойлылығын, ұстамдылығын,

сонымен бірге үнемі күдікпен жүретін сақтығын айқындайтын

үзінділерді табу, проблемалық сұрақтар арқылы жинақтауды дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа, достыққа,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жинақтау, пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: танымдық сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, Венн диаграммасы арқылы салыстыру

Сабақтың көрнекілігі: слаидтар, тұжырым кестесі, пікір күнделігі, сұрақ-жауап, көркем мәтінмен жұмыс, проблемалық ізденіс.

Ұйымдастыру – 2 мин.

Үй тапсырмасын сұрау – 6 мин.

Жаңа сабақ – 25 мин. (топтық жұмыстар)

Сәйкестендіру тесті – 3 мин.

Қорыту – 7 мин.

Бағалау – 2 мин.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын «Оян, Тұрар!» деп алуымыздың өзіндік себебі бар. Шығарманың әр тарауы Рысқұл әкенің «Оян, Тұрар! Тұра ғой, балам! Тыңда әңгімелерді!» деген сөздерімен басталмаушы ма еді?!
Ендеше шығармадағы бар оқиғаның мән-жайына терең бойлайтын әкенің осы сөзін сабағымыздың тақырыбы етіп алып отырмыз.
Сонымен, балалар, Шерхан Мұртаза туралы не білдік?

ІІ Үй тапсырмасы:

І. Топтастыру



Балалар, алдыңғы сабақта біз шығарманың мазмұнымен толық танысып, жоспар жасағанбыз. Бүгінгі сабағымызда басты кейіпкер Тұрардың өзіне тән тұлғасы мен көркемдік ерекшелігін талдаймыз. Өздерің білесіңдер үйге шығармашылық тапсырма мен соған орай бағыттар берілген болатын. Алғашқы бағытта сендердің мәтінді қаншалықты меңгергендеріңді, мәтінді оқу барысында қандай ой түйгендеріңді байқау үшін «Не білеміз» бағытында Атаулы сұрақтарға жауап берулерің сұралады. Тақырыпқа орай, қысқа нұсқа жауап берейік.

ІІ Не білеміз? (үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы тексеру)

1. «Қызыл жебе» романының авторы кім, ол туралы не білеміз?

2. Романның «Тұтқын бала»тарауында кім, не туралы айтылған?

3. Романның басты кейіпкері кім? Ол туралы не білесіңдер?

4. Осы тараудағы басты – басты оқиғаларды атаңдар?

5. Рысқұл не себепті Тұрарды қасына алдырды?

6. Приходько мырзаның үйінде Тұрар қандай қызметтер атқарды?

7. «Кафедральді соборды » көргенде Тұрардың ойына не түсті?

8. Тұрар оқу мен жазуды, орыс тілін кімнен үйренді?

9. Гимназияның алдында тұрып Тұрар нені армандады?

10. Надзиратель Тұрарға қандай қысым көрсетті?

11. Бронников қандай адам?

12. Әкесі Тұрармен қоштасар күннің алдында қандай күй кешті?

13. Тұрар әкесімен қалай қоштасты?

14. Тұрар мектепке қалай барды?

15.Тұрардың фамилиясын не себептен Қырғызбаев деп өзгертті?

16. Тұрардың дәптеріне алғаш жазған сөздерін ата? Оларды Тұрар қалай түсіндірді?

17. Айбаров тақтада тұрған Тұрарға неге күлді?

18. Семашко кім? Не себептен Тұрарды көмекші етіп алды?

19. Тұрар Иван Владимирович алдында қандай қылмыс жасадым деп ақталды?

20. Тұрарға Иван Владимировичтің берген жауабын айт, қандай кеңес берді?

ІІІ. Жаңа сабақ: Ш. Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі.

Сынып оқушыларын 3 топқа бөлемін:

1 топ: Тарихшылар

2 топ: Әдебиетшілер

3 топ: Зерттеушілер

І. Тұрарға мінездеме. Оқушыларға үзінділер беріледі, сол үзінді арқылы Тұрарға мінездеме беру.

1.Әттең, әкесі түрмеде жатып тәуелді болмаса, Тұрар қазір бұл есірікті не де болса қамшының астына алар еді, амал жоқ… Бір жағы қорқады. Бір жағы баламысын деген: «Әйтеуір, айтқандарын екі етпей орындай берсем, көкеме көмегі тие ме » деп ойлайды. «Көкемді түрмеден босатар» деп үміттенеді.

( әке-шешеге қамқор)

2.Бірақ екі жирен қарны тойса қайғырмайды. Нағыз түрме аттары. Тұрар аттарды жайғастырып болып, енді қораның ішін тазалауға кіріседі. Приходько мырзаның әмірі бойынша, қорада бірде- бір қылпық қалмауы керек. Ақ қолғаппен сипағанда, аттардың үстінен бірде –бір қылау жұқпауы керек.

(еңбекқор)

3.Бала өте сезімтал-тын. Бір ауыз жылы сөзден іші-бауыры езіле елжіреп, әлде қандай аянышты көмейіне түйіліп жас тығылып қалушы еді.

(сезімтал)

4.Туған әкесіне опасыздық жасағандай бір беймаза сезім жауқазын жүрегін жаралап, шөңгедей қадалды да қалды. Әкеңнің атын айта алмай күмілжіген не қорлық!

(намысшылдық)

5.Әлгінде Иван Владимирович айтқан «тарих», «география», «арифметика» деген сөздер шәкірттердің көбінің құлағына тосын еді. Ал Тұрар бұларды түрмеден білетін. Бірінші сыныптықтар «а», «б»-ны жазып, оның мәнін түсініп болмай жатқанда Тұрар іші пысып терезеге қарап отырады.

(қабілетті, зерек, алғыр)

ІІІ.Топтық жұмыс

1 топ: ТарихшыларМіне оқушылар, Тұрар романда жақсы қасиеттерімен басты қаһармандық кейіпкер дәрежесіне көтерілді. Тұрар Рысқұлов өмірде болған адам, ол туралы қандай өмірлік деректемелер келтіруге болады?

– Сендер мен көрсеткен жылдардың Тұрар өміріндегі маңызын айтасыңдар.1894ж. ХІІ. 26. Алматы облысының Талғар ауданындағы Бесағашта дүниеге келген.
1907-1910ж. Меркедегі туыстарына барады. Орыс-қазақ бастауыш мектебінде оқып, оны үздік бітіріп шықты.
1910-1914ж. Бішкектегі І дәрежелі ауыл шаруашылық мектебін тәмамдайды.
1915ж. Ташкенттегі мұғалімдер институтына түседі.
1916ж. Ұлт-азаматтық көтерілісі басталып, оған қатысады.
1918ж. 21 жаста Түркістан Республикасындағы аштық пен күрес орталық комиссиясының төрағасы болады.
1924ж. Моңғолияға өкіл етіп жібереді.
1932-1933ж. Қазақ халқының жер бетінен жойылып кетпеуі үшін бел буып күресті.1938ж. Өмірден өтеді.

– Міне, балалар, Тұрар жүріп өткен жолдарға қарап отырып, оның бүкіл саналы ғұмырын ұлт мүддесі жолына арналған ұлы жанашыры болғандығына көз жеткіздіңіздер. Оның сонау Голощекиннің солақай саясаты салдарынан қазақ даласын жайлаған сұрапыл ашаршылықпен жанкешті күресінің өзі неге тұрады?

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151068

Пікірлер (1)
Салтанат # 23 ақпан 2016 в 00:12 0
Рахмет. Сабақ өте тамаша. Еңбегіңіз жана берсін!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар