СайынМұратбеков «Қылау» әңгімесі. «Сатай мен Рәбиға» еліне саяхат

18 мамыр 2015 - Ләззат Салимова

Сабақтың тақырыбы: СайынМұратбеков «Қылау» әңгімесі.

«Сатай мен Рәбиға» еліне саяхат

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың Сайын Мұратбековтің өмірі және шығармашылығы жайлы алған білімдерін кеңейту, «Қылау» әңгімесін оқыту арқылы әңгіменің мазмұнын ашу, кейіпкерлер бейнесін жан-жақты аша білу;

ә) дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, оқушылардың жекелей және топпен жұмыс жасау әрекеттерін дамыту;

б) тәрбиелік: кейіпкерлердің әрекеті арқылы оқушыларды адамгершілікке, шынайы достыққа, мейірімділікке баулу, өз-өзіне деген сенімдерін арттыру, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, тірек-сызба стратегиясы, талдау, кестемен жұмыс, «Рөлдік ойындар», «Автор орындығы»

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе қағаздары, билеттер, автобустар, кестелер, стикерлер, көңіл-күй смайликтері

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. «Қылау» кассасы

Сайын Мұратбеков бойынша:

1. Сайын Мұратбеков қай жылы, қай жерде дүниеге келген? (1936 жылы 15 қазанда Алматы облысы, Қапал ауданы, Қоңыр ауданы)

2. Сайын Мұратбековтің 1961 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы қандай атпен жарық көрді? («Менің қарындасым»)

3. Сайын Мұратбековтің қандай прозалық кітаптары жарық көрді?

«Бұл қай сәт?» бойынша:

1. «Қой, тұрайын, болмас......»

2. «Шіркін, адам өлмейтін болса.......»

3. «Аумайды-ей қасқырдан......»

4. «Мә, ішікті жамылып отыр......»

5. Менің сондай бір жаман мінезім бар.

6. «Апыр-ау қайда кете қалды? Әлде қасқыр.....»

7. «Оны қайтем, керегі жоқ........»

І топ.«Тамаша бестік»(сары автобус)

ІІ топ. «Жұлдызды білгірлер» (қызыл автобус)

ІІІ топ. «Ғажайып алғырлар» (көк автобус)

ІV топ. «Керемет тапқырлар» (жасыл автобус)

І аялдама

«Әдеби оқу» аялдамасы

І топ. «Зерттеушілер»

Әңгіме құрылысына талдау жасайды

ІІ топ. «Ізденушілер»

«Талқылау» кестесін толтырады

Шығарманың тақырыбы

Негізгі кейіпкерлер

Олардың әрекеті

Кейіпкерлердің бойындағы қасиет

Әңгіме қалай аяқталды?

ІІІ топ. «Мінездеме берушілер»

Әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме береді

Сатай –

Рәбиға –

Сатайдың әкесі –

ІV топ. Концептуалдық кесте.

Кейіпкерлерге баға береді.

ІІ аялдама

«Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» аялдамасы

Жіңішке сұрақтар:1. «Қылау» дегеніміз не?
2. Сатай мен Рәбиға нешінші сыныпта оқиды?
3. Рәбиға қай ауылда тұрады?
Жуан сұрақтар:1. Егер саған Сатайдың рөлін берсе, Рәбиға рөліне кімді таңдар едің?
2. Сатайдың өлім мен өмір туралы ойлауына не түрткі болды?
3. Сатайдың мектеп туралы ойлары қандай? Сенің өз көзқарасың қалай?

Сергіту сәті

«Рөлдік ойындар»

Рөлдерде:

ІІІ аялдама

«Автор орындығы» аялдамасы

Ойтолғау.

1-топ. «Егер мен Сатайдың орнында болсам.........»

2-топ. «Егер мен жазушы болсам........»

3-топ. «Егер маған «Қылау» әңгімесіне кино түсір десе… »

4-топ. «Егер мен Рәбиғаның орнында болсам.......»

Бағалау.

Бағалау парақшасы ұсынылады. Топ басшысы бағалайды.

Үйге тапсырма

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150988

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар