Сал- серілер поэзиясы

12 қараша 2015 - Кенжегул Бекбаева
Сал- серілер     поэзиясы

Алматы облысы

Алакөл ауданы

Үшбұлақ ауылы

Безродных атындағы орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бекбаева Кенжегуль Жумагазыкызы

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Сал- серілер поэзиясы

Сабақтың мақсаты : а) Сал- серілер поэзиясы туралы айта отырып, сал мен серінің айырмашылығын түсіндіру;

ә) оқушыларды адамгершілікке, қайырымды болуға,қоғамдық-саяси дүниетанымын дамыту;

б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, суреттер

Пәнаралық байланыс: ән-күй, тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Зар заман ақындарының өмірі, шығармашылығы жайында не білесіңдер?

2.«Зар заман» топтамасы туралы қандай ойларың бар?

3.Тәуелсіздік, егемендік алғаннан бері зар заман ақындарына деген көзқарас қандай өзгеріске ұшырайды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ әдебиетінің ерекше, өзгеше, ешбір халық мұрасына ұқсамайтын шетін өнер иелері-сал-серілер.

Бодандыққа бет алған ел ішіндегі осы бағыт өкілдері өз қылықтарымен қарсылықтарын білдіріп тұрғандай.

Олар еш заңға бағынбайды, ешкімнің құлы емес, еркін, өр. Тіпті киімдері де ешкімге ұқсамайды. Жүріс-тұрысы бөлек жандар қазақ өнері алдында ғана бас иеді. Әнді әспеттеп, сөзді сүйіп, жүйрік ат, алғыр қыран, алымды тазыны ертіп, өткен күннің ертек кездің кейіпкеріндей сұлу тағдыр кешеді.

Сал-серілердің бойындағы қасиеттер

Сал-серілер әнші де өнерлі адамдар

Сал-серілер-сазгер әрі ақындар

Сал-серілер ешкімге бас ұрмайтын ер көңіл, жүректі жандар

Сал-серілер сәнді киім, жүйрік ат, қыран құс, алғыр иттің иелері

Кітаппен жұмыс: Сал-серілердің өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Сал-сері деп кімдерді айтамыз?

2.Сал мен серінің қандай айырмашылығы бар?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Сал-серілердің өмірі мен шығармаларын оқып келу.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

Орыс тіліЗвонкие и глухие согласные

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072382

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар