Тақпақтар

7 қыркүйек 2014 - Майдаш Темиржанова

Кабдыкаримова Даяна

Ақсу қаласының дарынды балаларға

арналған мамандандырылған

гимназиясының 5 «А» сынып оқушысы.

Туған жер!

Туған жерім, туған жер!

Құрметтейді қыз бен ер.

Өмір, нәр берген өзің сен,

Сүйемін сені туған жер.

Туған жер деген сөзін де,

Ұмытпайды мәңгіде.

Отан үшін, жер үшін,

Дайын тұр қыз да, ер де.

Ақсуым

Туған жерім тұғырым,

Сүйікті менің Ақсуым.

Қимаймын туып-өскен жерімді,

Мәңгілік есте сақтаймын.

Сағыныш

Көрем сені күнде де,

Бірақ сағынам мәңгіде.

Білмеймін не болғанын,

Не келгенін маған де?

Ауырғанда сағынам,

Көрмегенде сағынам.

Махаббат сөзін енді мен

Түсіндім мағынасын.

Су -тіршілік көзі

Су тіршіліктің көзі,

Өмір берген жалғыз өзі.

Сусыз өмір жоқ деген,

Ата-бабалардың сөзі.

Қазақстан

Мен өз жеріммен мақтанам,

Туымен,әнұранымен, елтаңбасымен.

Туған еліме тағзым етіп,

Құрметтеп өтем мәңгі мен.

Санамақ

Бір дегенім-бауырым,

Ашиды жаным.

Екі дегенім- ел басы,

Қуантады ұлтымды.

Үш дегенім-үйірме,

Ұйымдасады күніме.

Төрт дегенім-телидидар,

Телидидарсыз көрмеспін телехикаялар.

Бес дегенім-баға,

Жетпейді оған сана.

Алты дегенім-адал дос,

Даяна деген жан дос.

Жеті дегенім-жеті ата,

Одан тарады ата-баба.

Сегіз дегенім –саусақ,

Санаймыз санамақ.

Тоғыз дегенім-тау,

Кездеседі Алатау.

Он дегенім –отбасы,

Тұрады үй басы.

Жеңіс күні

Жеңіспен мақтанады бар ұлттар,

Соғысты, фашистермен қазақтар.

Жендік Ұлы Отан Соғысын,

Қосылып оған басқа ұлттар.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103561

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар