Фариза Оңғарсынова "Оюлар"

Фариза Оңғарсынова "Оюлар"

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы КММ академик О.А.Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің екінші (негізгі) деңгейдегі мұғалімі Г.Ш.Нарымбекова

Әдебиет пәнінен шығармашылықпен оқыту ­- Блум таксаномиясының ұтымдылығы

(1-бөлім)

Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова «Оюлар»

Мақсаты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру формасы

Күтілетін нәтиже

Бағалау формасы

Білу

Үй тапсырмасын бекіту.Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын біледі.Ою туралы біледі.

Оқушыға ой салу.

Өз мақсаттарын айқындайды, мәселені шешуге әрекет жасайды.

Топпен жұмыс

Өзін топта ұстай білуі, өз ойын ашық айта білу дағдысы қалыптасады.Ынтасы қызығушылығы артады.

Смайликтер бойынша бағалау

Түсіну

«Ою» өлеңінің мазмұнын түсінеді.

Сөздік жұмыс жасай отырып, кейбір сөздердің лексикалық мағынасын ашады,ұлттық құндылықтарымызды біледі. Қазақтың қошқармүйіз өрнектері ғасырлардан асып жеткенін түсініп,өлеңнің идеясын анықтайды

Мақсатқа жету жолдарын көрсетеді,ұйымдастырады.

Қойылған мәселеге өзіндік көзқарасын қалыптастырады.

АКТ-ны пайдалану.

Оқулықпен жұмыс.

Танымпаздық іс-әрекеті, ойлау қалыптастырады.

Мұғалімнің смайликтер бойынша бағалауы

Қолдану

Өлеңге болжам жасап, дәлелдейді.Қошқармүйіз өрнектерін бояумен сала отырып, оған көркем тілмен жан бітіреді.

Көмек, нұсқау т.б. материалдармаен қамтамасыз ету.

Сурет салады. Мәселе мәнін түсіну үшін өзінің барлық іскерлігін пайдаланады.

Өзіндік жұмыс

Дербестігі,өз-өзіне сенімі қалыптасады

Ұпай қою

Талдау

Өлеңге эвристикалық талдаужүрізеді.Ақынның өлең арқылы жеткізгісі келген ойын ашады.

Топ жетекшілері арқылы көмек ұйымдастырылады

Өзгені тыңдай отырып,өз білімін толықтырады.

Топпен жұмыс

Топта өз ойын ашық айтуға, өзін-өзі бағалау дағдысы қалыптасады.

Бағалау парағына ұпай қояды

Жинақтау

Шығармашылық жұмыс жасау

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтерліктей түйін түйдіру.

Өз жауаптарын, ойын мәнді жеткізуге тырысады.

Өз білімін бағалауға дағдыланады

Өзіндік қорытынды баға

Бағалау

Бүгінгі білімнің не үшін қажеттілігіне, білімнің құндылығына көз жеткізу

Оқушылардың дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдауына ықпал ету.

Дұрыс шешім қабылдайды.

Өзіндік жұмыс (стикерлерге жазып, өз бағасын беру)

Дұрыс шешім қабылдайды

Өзіндік баға

Әдебиет пәнінен шығармашылықпен оқыту ­- Блум таксаномиясының ұтымдылығы

(II бөлім, тапсырмалар жүйесі)

Деңгей

Берілген деңгей бойынша тапсырмалар жүйесі

Білу

I.Топқа бөлу. 4 топқа бөліну.

.

II.«Миға шабуыл» стратегиясы.

Топтың атын қояйық.

. Өздерінің бұрыннан білетін білімдерін пайдалана отырып, топ атын таңдайды. Бір оқушы қорғап шығады.

III. Үй тапсырмасы:

IV. Сабақ тақырыбын өздеріне ашқызу.

(Шебер, өрнек, ою, ұшқыр, т.б.)

Сонда бүгінгі сабақ не туралы екен?

Бейнефильм көру “Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы”

V. Топтастыру стратегиясы “Оюлар”

“Ою” деген сөзді естігенде қандай ой келді?

Түсіну

  1. А) Интербелсенді тақтада оюдың түрлері шығады, күй ойнап тұрады, өлең мәнерлеп оқылады.

Ә)оқушының мәнерлеп оқуы

  1. “Мағынаны тану” (мәтіннің мазмұнын толық түсіну үшін кейбір сөздердің лексикалық мағынасына тоқталу қажет)

Желбау – киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтан төмен бастыруға пайдаланылатын өрнектелген төгілме шашақты бау.

Басқұр – киіз үйдің ішін сәндеу үшін керегелердің басынайналдыра орап таңатын өрнектелген жалпақ бау.

Текемет – оюланып, киізден жасалған кілем.

Тарамысты – еті қашқан, арықтаған.

(Интербелсенді тақтада суреттерін көрсету)

  1. Өлең мазмұнын сұрау. Өлең не жөнінде деп ойлайсыңдар?
  2. Сұрақ – жауап.

-Өлеңде қандай оюлар жөнінде айтылған?

-Қазақтың ою — өрнегінде “Қошқармүйіз” көп айтылады. Не ебепті? “Қошқармүйіз” өрнегі туралы не білесіңдер, соны топпен еске түсіріп, идея қосу.

I топ.

А) Өлең не себепті “Оюлар” деп атаған?

Ә) Ою мен әжесін неге бір – біріне байланысты алып отыр?

II топ.

А) Ақын өлеңін неге “Әжелер” деп алмаған? Ақын өлеңіндегі әжесі кім?

Ә) Халқына деген сүйіспеншілік көрсетілген бе?

III топ.

А) Ақынның өлеңді жазудағы түпкі ойы не?

IV топ.

А) Өлеңнен қандай әсер алдыңдар?

Қолдану

“Болжам жаса және дәлелде”

Болжам

Дәлел

Ақын әжесінің тәрбиесінде болуы мүмкін

Ақын өзі де ою ойып, шебер тұскиіз жасауды үйренген

Қазіргі өнерге ғана көңілі толмайды

Оюды ою өнері жойылып кетеді деп ойлайды

Сергіту сәті:

“Қошқармүйіз” өрнегін көркемдеп салу, бояу.

Салған өрнектеріне жан бітіріп айту.

RAFT стратегиясы.

Рөл

Аудитория

Формат

Тақырып

Ою

Оқушыға арналған

Өлең немесе эссе

“Қошқармүйіз өрнегі”

Талдау

Эвристикалық талдау

I топ. Ою, өрнек сөзі неше рет қайталанады?

II топ. Әже сөзі неше рет қайталанады?

III топ. Өлеңдегі теңеуді тап?

IV топ. Өлең ұйқасын тап?

Жинақтау

Шығармашылық жұмыс:

-Оюлар сөйлей ме?

Бағалау

Үйге: “Оюлар сөйлей ме?” эссе жазу.

Өлеңді жаттау.

  1. Бүгін сабақта қай сұрақ саған оңай болды?
  2. Қай сұрақ ойландырды?
  3. Қандай сұрақ қиын болды?

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130091

Пікірлер (2)
назия # 18 қыркүйек 2014 в 20:51 0
керемет сабақ
Базаргүл Алтынбекқызы # 16 наурыз 2016 в 22:56 0
Фариза апамыздың өлеңдерін қазақтың оюы арқылы жеткізу шығармашылықты дамытуға өз көмегін берері сөзсіз.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар