Халық ауыз әдебиеті

16 тамыз 2014 - Айнур Матниязова
Халық ауыз әдебиеті

Күні:

Қазақ әдебиеті

9- сынып

Сабақтың тақырыбы

Халық ауыз әдебиеті

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы, 9- сынып оқулығы

Жалпы мақсаты

1.Халық ауыз әдебиеті, оның түрлері бойынша алған білімдерін қайталау

2.Салт-дәстүрді қастерлеу, дәріптеу.

3.Ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, оқушылардың тіл байлығын арттыру, тапқырлыққа баулу.

Оқыту нәтижесі

СТО-ға үйрете отырып, мәнерлеп оқуға, оны талқылауға үйрету

Топпен бірлесе жұмыс жасай біледі, тақырыпты аша алады, ережеге бағынады, бір-бірін тыңдай біледі

Оқыту формасы

Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу

Оқуда қолданылатын модульдер мен әдістер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау. Топтастыру. Миға шабуыл

Құрал – жабдықтар

флипчарт, оқулық, кеспе қағаздар

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 кезең

Ұйымдастыру2 мин

Үй тапсырмасын тексеру 5мин

Қызығушылықты ояту

Сәлемдесу арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру

Жазғы демалыстарын қалай өткізгендіктері туралы әңгімелесу

Бір- бірімен амандасу түрлері арқылы көңіл күйлерін көтеру.Үй жұмысын орындау. Қосымша сұрақтарға жауап береді

2 кезең

Қызығушылықты ояту

3 мин

Мағынаны тану 20мин (жаңа сабақ бойынша тапсырмалар, сергіту сәті 2 мин)

Ауыз әдебиетінің түрлерін топтастыру.

Тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер, айтыстар.

Бүгінгі сабағымызды көркем ойлау мен көркем сөздің озық ойлы үлгісі ретінде қалыптасқан халық ауыз әдебиеті тақырыбына арнаймыз.

Ауыз әдебиеті — халқымыздың асыл мұрасы. Ол — төгілген сөз маржаңдарына бай. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген.

Бұл тарауға тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз- әңгімелер, батырлық дастан мен лиро-эпостық жырлар, шешендік сөздер үлгілері сияқты ауыз әдебиетінің әр түрі енген.

Оларды оқып-үйрену үстінде әдебиеттің көркемдік әлеміне енесіндер. Асыл сөз өрнектерімен сусыңдап, рухани жан дүниелерің байи түседі.

Ауыз әдебиетінен сусындамаған, нәр алмаған бірде-бір шынайы суреткер болған емес. Ауыз әдебиеті — олардың құнарлы топырағы

Ауыз әдебиеті — талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертегішілері оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген

Сынып екі топқа бөлініп, «Бақытты сәт» ойынына қатысады.

І топ – «Мұрагер» тобы

ІІ топ – «Талапкер» тобы

ІІ. «Бақытты сәт» ойыны

І гейм.Әр топқа 10 сұрақтан беріледі.Көп сұраққа жауап берген топ ұтады.

«Мұрагер» тобына арналған сұрақтар:

1.Фольклор дегеніміз не?

2.Ауыз әдебиетінің үлгілерін ата.

3.Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығын ата.

4.Тұрмыс-салт жырларының түрлерін ата.

5.Жар-жар жыры ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?6.Төрт түлік туралы қандай жырларды білесіңдер?

7. «Көкжендет» қай жырдың түрі?

8.Бесік жыры қандай жырға жатады?

9.Тойбастар қандай жыр?

10.Үйлену салтына байланысты қандай жырдың түрлерін білесіңдер?

«Талапкер» тобына арналған сұрақтар:

1.Сыңсу қандай жыр?

2.Бастаіғы қандай салт-дәстүр?

3.Көңіл күйін білдіретін өлең түрлерін ата.

4.Беташар қандай жырға жатады?

5.Жоқтау өлеңінің тақырыптық ерекшелігін айт.

6.Бата дегенді қалай түсінесіңдер?

7.Сәбидің дүниеге келуіне байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?

8.Ертегінің түрлерін ата.

9.Аңыз әңгімелердің қандай ерекшелігі бар?

10.Батырлар жырының тақырыбы.

ІІ гейм. «Бөшкеден шыққан басқатырғылар»

Кішкене бөшкеге нөмірленген жетон салынған.Тапсыр маны топ мүшелері бірігіп орындайды.

    1.Сөзжұмбақ «Ертегі»

    2.Ребус шешу.

    3.«Бақытты сәт»/Бұл жетонды алған оқушыға сыйлық беріледі/

    4.Батырлар жырынан үзіндіні мәнерлеп оқу.

    5.Тұрмыс салт жырларын мәнерлеп айту

    ІІІ гейм. «Жұмбақтас» Берілген сұраққа жылдам жауап берген топ ұтады.Жауап беретін топ жалауша көтереді.

    1.«Ер Тарғын» жырындағы жыраудың аты.

    2.Ақжүніске таласқан қарт батырдың есімі.

    3.Ер Тарғынның тұлпары

    4.Лиро-эпостық жырдың тақрыбын ата.

    5.Төлеген елінен кім үшін аттанды?

    6.Төлегеннің ажалы кімнен болды?

    7.Шешендік сөздің ерекшелігін айт.

    8.Қандай шешен- билерді білесіңдер?

    9.Төле би қай жерде дүниеге келген?

    10. «Өркенім өссін десең,

    11.Кекшіл болма-

    12.Кесапаты тиер еліңе...» Бұл кімнің сөзі?

    13.Айтыстың түрлерін ата.

    14.Салт айтысы нешеге бөлінеді?

    15.Айтыскер ақындарды ата.

ІV гейм. «Сен- маған, мен- саған».Топтағы оқушылар өздері дайындап келген сұрақтарын бір-біріне қояды.

Оқушылар жұптасып, топқа бөлінеді. Бір- біріне сұрақтар қою арқылы және әр түрлі тапсырмалар арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.

3 кезең

Сабақты бекіту 5 мин

Ой толғаныс Не білдік?

1.Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

2.Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

3.Ауыз әдебиеті қандай салаларға бөлінеді?

Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану

Бағалау3 мин

Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма 2 мин

Ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы оқып келу.

Рефлексия 3 мин

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124376

Пікірлер (1)
Шұға # 26 қыркүйек 2014 в 22:15 0
Жазылған, жинақталған материалдар ұнады. Әйткенмен қоры аз. Шам келгенше қоржын толтыруға ат салысайық.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар