Шығармашылық ізденіс – білім сапасына жетудің жолы

6 сәуір 2015 - Құралай Орманова

Алматы облысы

Райымбек ауданы

Сарыжаз орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бекбергенова Бану Нұрданқызы

Шығармашылық
ізденіс – білім сапасына жетудің жолы

«Пай, пай, пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал-сері кеткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!» -деп ақиық ақын Мұқағали
Мақатаев айтқандай, ең біріншіден, қасиетті мекеніміз Қазақстанға тағзым етіп,
тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызды мақтан етемін.

Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Қасиетті көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы аса мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрегіміз әнұранымызға әуен қосып, асқақтай шырқалуда. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 23 жыл толды. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевта
Қазақстанның 20 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен
еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай
көшбасшымыздың болғанынерекше мақтан тұтамын.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйытқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну
керек, жас ұрпақ!»деп айтқандай, біздер, жас ұрпақты тәрбиелеуде жауапты
екенімізді жете түсінуіміз керек.Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті –өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу.

Білім мен ілім ізгі ниетті жандардың ортақ игілігі, баршаға белгілі келешегі кемел болуын көздеген кез келген халық ең алдымен білімге қол созып, ғылымға ұмтылған…

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер»-, деп ұрпағына өсиет тастапкеткен ұлы Абай. Ел дамуының ертеңгі бағыт-бағдарын саралаған елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың«Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралықдеңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз»-, деп
білім беру саласының мәселелерін бірінші кезекке қоюы да тегіннен тегін емес.
Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім
заманы. Тамырын тереңге жайып, өзегіне өмір нәрін молынан тартқан бәйтеректің бойы да биік, жапырағының бояуы да қанық болатыны белгілі. Осыған орай«Еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,- деп Елбасымыз тегін айтпаса керек.

2012 жылдың 5-қыркүйегінде ел Президенті «Назарбаев университетінде» «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбында оқыған дәрісінде: «Мұғалімдердің біліктілігін
арттыруға және оларды материалдық ынталандыруға бөлек көңіл бөлу қажет. Біз
педагогтарды қайта даярлаудың жаңа үш деңгейлі бағдарламасын енгіздік, ол
үздік педагогикалық тәжірибелер негізінде әзірленген. Үкіметке алдағы 5 жыл ішінде біліктілікті арттырудың жаңа бағдарламасы бойынша12 мың мұғалімді оқытуды қамтамасыз етуді тапсырамын!» деп ерекше айтып өткен болатын.

Заман көшіне ілесе отырып жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттері екенін түсіне отырып, әр мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті өзгерістерге сай әртүрлі жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, келесі ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің
ғылыми –педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі болып
табылады. Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын
іздестіру – бүгінгі қажеттілік. Осы қажеттіліктерді іске асыру үшін қазіргі
таңда Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарында оқытылып жатқан оқытудағы Кембридждік тәсілдің (сындарлы
оқыту теориясына негізделген тәсіл) тиімділігін ерекше атап өтуге болады.

Қазақ елі ертеден ұлт болашағына, ұрпақ келешегіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты.Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай
педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.

Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. « Қазақстантағдыры, келешегі
мол ел болуы мектептің қандай негізге құрылуына тіреледі. Мектебімізде сау,
берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құрабілсек, келешегімізге тайынбай серттесуіне болады. Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» — деп ұлы педагог Мағжан Жұмабаев айтқандай келешек ұрпақты
оқытуда сапалы білім беру және оларды жан-жақты дамыған, заман талабына сай
етіп тәрбиелеуіміз керек.

Осыған ұқсас жазбалар:

БаяндамаЖаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану.

Қазақ әдебиетіҚазақ тілі мен әдебиетін оқытуда электронды оқулықтың тиімділігі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148613

Пікірлер (1)
Базаргүл # 10 мамыр 2015 в 23:12 0
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпақтарына дүниетанымы шыңдалған азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеп білім беретін орда мектеп.Қойылатын талапта жеткілікті. Қазіргі оқытудың түрлі технологиялық, инновациялық үрдіс негізін қалыптастыру.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар