Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі

12 қараша 2015 - Кенжегул Бекбаева
Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік тілі

Алматы облысы

Алакөл ауданы

Үшбұлақ ауылы

Безродных атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекбаева Кенжегуль Жумагазыкызы
Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі

Сабақтың мақсаты :

а)Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі екенін түсіндіре отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық іздену, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), Тіл саясаты туралы тұжырымдама (1996) және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң (1997) тек қазақ тілінің ғана емес, республикадағы барлық ұлт тілдерінің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастыққа құрылған мүддесін көздейді.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғышарттары бар.

Мемлекеттік тіл ретінде қызмет етудің алғышарттары

Ішкі тілдік факторлары

Сыртқы факторлары

Тілдік құрылым жүйесі жетілген. Лексика фразеологиялық қоры мол. Ежелден келе жатқан жазба және ауызша дөстүрі бар үлттың тілдердің бірі.

Республиканың барлық аймақтарында таралған. Ауызша, жазбаша да қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етеді. Тілді қолданушылар саны жеткілікті. Табиғи және табиғи емес тілдік ортаның қалыптасуы.

Дәстүрлі, тұрақты, тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, ұлттық деңгейдегі қазақ тілі — бұл күнде мемлекетіміздің қоғамдық өмірінде белсене араласып, еліміздің қоғамдық, әлеуметтік, саяси, мәдени салаларының бәріне мінсіз қызмет көрсетіп отырған тіл.

Жаттығумен жұмыс: 12-жаттығу. Тіл туралы Заңның тарулары мен баптары жөнінідегі мәліметтерді көшіріп алыңдар

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Тіл туралы Заң неше тараудан тұрады?

2.Неше баптан тұрады?

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 13-жаттығу

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Орыс тіліЗвонкие и глухие согласные

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148542

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар