Қазақ тілінен ҰБТ-ге даярлау

Баяхметова Құрмангүл Батышбайқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Безродных атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Алакөл ауданы

Қысқа мерзімді  жоспар

                   

Бекітемін:

Безродных атындағы орта метеп

Сабақ: қазақ тілі

Сынып:11-сынып

Пән мұғалімі:

Баяхметова Қ.Б.

Сабақтың тақырыбы:    Қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ге даярлауда  диалогтік оқытудың тиімділігі

Сабақтың мақсаты:

ü  Оқушыларды ҰБТ- ге   сапалы дайындауда диалогтік оқытудың әдістері мен түрлерін кеңінен пайдалану;

ü  Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,  алған білімдерін өмірде тиімді пайдалана білуге үйрету;

ü  Орташа ұпайын жоғарылатуға тарта отырып, өз біліміне сенетін белсенді тұлға қалыптастыру.

Ресурстар: АКТ,  оқулық,  А3 форматтағы материалдар, маркер, стикерлер

 

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, диалогтік оқыту, АКТ-мен жұмыс.

Уақыты

Жұмыс түрі

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

10.30-10.33

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Психологиялық тренинг

Сабақты бастамас бұрын сыныппен жылы амандасады, топқа бөледі,  «Миға шабуыл» әдісімен сыныптың қызығушылығын оятады.

Сұрақ: Сенің ойыңша  ҰБТ сөзі  қандай мағына береді?

 «ҰБТ» сөзінің мағынасын ашады.

(Ұмтылу, білу, талпыну) немесеұмытылмайтын білім тексерісі. т.б.)

10.33-10.40

Шолу  жұмысы.

Сұрақ-жауап /диалогтік оқыту/

І.Қазақ тіл білімінің салалары туралы қысқаша шолу. (мұғалім       оқушы)

 

ІІ. «Ыстық орындық» әдісі бойынша пәнді  қайталау. (оқушы       оқушы)

1.Слайд бойынша қысқаша тоқталып, тіл білімінің салаларын еске түсіреді.

2.Бір оқушы ортаға отырып, өзге оқушылар оған сұрақ қойып, өткен тақырыптарды қайталап шығады.

10.40-10.45

Түсіндіру

ІІІ. Топтық жұмыс.

1.Анықтау тесті.

«Еске түсір» ойыны

Әр топтар  өздеріне берілген кестені кеңесе отырып толтырады, тексереді, білімдерін толықтырады.

10.45-10.55

Талдау

2.Постермен жұмыс. «Айналмалы бекет» әдісі.

Морфологиялық талдау жасау арқылы сөз табының сөйлемдегі қызметін анықтау.

Екі топ сөз таптарының сөйлемдегі қызметін анықтайды.

10.55-11.00

Бекіту

Сатылай кешенді талдау.

Тақтаға берілген алгоритмді пайдалана отырып,  берілген сөйлемдерге сатылай кешенді талдау жасау, бәрі талқылап, біреуі қорғайды.

11.00-11.03

 

Сәйкестендіру тесті.

Тақтада берілген кестені дұрыс жауаптарымен сәйкестендіреді.

11.03-11.05

Қорытынды

Ұмтылу мен талпынудың арқасында неге қол жеткіздік?

Б і л і м г е !

         

Сабақ тапсырмалары.

І. Қазақ тіл білімінің салалары туралы қысқаша шолу. (мұғалім      оқушы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ІІ. «Ыстық орындық» әдісі бойынша пәнді қайталау. (оқушы       оқушы)

 

ІІІ. Топтық жұмыс.

1. Анықтау тест.  1-топ

Жай сөйлем түрлері

Ереже

Жақты сөйлем

Бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем

Жалаң сөйлем

Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемнің түрі

Жайылма сөйлем

Тұрлаулы мүшемен қатар, тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлем

Толымды сөйлем

Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан  жай сөйлем түрі

Жақсыз сөйлем

Бастауышы болмайтын, баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің  түрі

Толымды сөйлем

Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған  жай сөйлемнің түрі

Атаулы сөйлем

Іс-оқиға жайында баяндамай, тек соған байланысты жағдайды атап көрсететін жай сөйлемнің түрі

                                                      2-топ

Сөз таптары

Ереже

Зат есім

Заттық ұғымды білдіретіндіктен, сөйлемдегі негізгі қызметі бастауыш пен толықтауыш болады.

Есімдік

Есім сөздердің орнына жүретін болғандықтан, “орынбасар” сөздер деп те аталады.

Сан есім

Заттың мөлшерін, ретін білдіріп, тікелей зат есіммен тіркесіп қолданады.

Етістік

Грамматикалық тұлғаларға бай, ерекше түрлері бар, шақтары,  категориялары бар сөз табы

Сын есім

Шырайлары бар, мағынасына қарай сапалық, қатыстық болып бөлінетін сөз табы

Үстеу

Іс әрекеттің әр түрлі белгісін, жай-күйін  білдіріп,  өзгертуге келмейтін, грамматикалық тұлғалармен түрленбейтін сөздер

Еліктеуіш сөздер

Әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына еліктеуден туатын сөздер

Одағай

Басқа сөздермен байланысқа түспей, тек адамның  көңіл күйін білдіретін сөздер

Шылау

Толық мағынасы болмайтын,  бірақ басқа сөздерге көмекшілік қызмет атқаратын сөз табы

 

2.Постермен жұмыс. «Айналмалы бекет» әдісі.

Морфологиялық талдау жасау арқылы сөз табының сөйлемдегі қызметін анықтау.

 

 

 

   
  Скругленный прямоугольник: Талдау жұмысы
1-тапсырма.  
Берілген  сөйлемдегі сын есімнен жасалған толықтауышты тап.
    Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.
 
  Скругленный прямоугольник: Талдау жұмысы
2-тапсырма.
Берілген сөйлемдегі  есімдіктен  жасалған анықтауышты   тап.
         Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ІV. Сатылай кешенді талдау.

1-топ                                                                                     2-топ

 

       
 

     Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады.

І. Айтылу мақсатына қарай түрін табу;

ІІ. Құрылысына қарай түрін табу;

ІІІ. Сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшесіне талдау;

IV. Жай сөйлемнің түріне қарай:

-          жалаң, жайылма;

-          жақты, жақсыз;

-          толымды, толымсыз;

-          атаулы.

  V. Сөз тіркестерін табу:

VІ. Байланысу түрі;

VІІ. Байланысу тәсілі.

    — есімді тіркес;

    — етістікті тіркес.

 

     Тауып айтылған сөз жүрекке жетіп, жүйкені босатады.

І. Айтылу мақсатына қарай түрін табу;

ІІ. Құрылысына қарай түрін табу;

ІІІ. Сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшесіне талдау;

IV. Құрмалас сөйлемнің түріне қарай:

-          салалас;

-          сабақтас;

-          аралас.

V. Сөз тіркестерін табу;

VІ. Байланысу түрі;

VІІ. Байланысу тәсілі.

— есімді тіркес;

— етістікті тіркес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


V. Сәйкестендіру тесті.   1-топ

Мағынасына қарай

Жасалу жолдары

1.Жіктеу

А. өз, өзім, өзіміздің, өз-өзіне

2.Сілтеу

Б. кейбіреу, қайсыбір, әлдеқайда, кімде-кім

3.Сұрау

В. барлық, бүтін, күллі, тегіс, барша

4.Өздік

С. кім? қайда? қалай? қашан? нешеу? қашанғы?

5.Жалпылау

Д. ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, дәнеңе, дәнеме

6.Белгісіздік

Е. мен, сен, сіз, ол, сендер, олар, сіздер

7.Болымсыздық

Ж. бұл, осынау, сонау, әне, міне, осы, ол

     2-топ

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері

Жалғаулықтары

 

1. Ыңғайлас салалас

А. бірде, біресе, кейде

2. Себеп-салдар салалас

Б. бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де

 

3.Қарсылықты салалас

В. жалғаулығы болмайды, бірінші жай сөйлемде сол, сонша, соншалық, сондай, мынау, мынаны сияқты сілтеу мәнді сөздер болады

4. Түсіндірмелі салалас

С. өйткені, сондықтан, себебі, неге десеңіз, сол себепті

 

5. Талғаулы салалас

Д. және, да, де, әрі

6. Кезектес салалас

Е. не, немесе, я, яки, болмаса, я болмаса, әйтпесе, әлде

Z'>

 

С. өйткені, сондықтан, себебі, неге десеңіз, сол себепті

 

5. Талғаулы салалас

Д. және, да, де, әрі

6. Кезектес салалас

Е. не, немесе, я, яки, болмаса, я болмаса, әйтпесе, әлде

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141959

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар