Қайталау - білім анасы 6-сынып

 Баяхметова Құрмангүл Батышбайқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

«Безродных атындағы орта мектебі

 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ

  Алакөл ауданы

                                                              

                                                              

Сабақтың тақырыбы:            Қайталау — білім анасы. (6-сынып)

 

Сабақтың мақсаты:        1.Оқушылардың қазақ тілінен өткен  

                                         білімдерін бекіту, жалғау түрлеріне тапсырмалар

                                         орындау;                      

                                                    2.Ауызша, жазбаша жаттығулар орындай отырып,                  

                                         оқушылардың сауаттылығын, тіл байлықтарын,      

                                         сөздік қорларын молайту;  

                                         3. Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа,

                                         жауапкершілікке тәрбиелеу.

                         

Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

 

1. Ұйымдастыру.

                                  Психологиялық дайындық.

     -Бүгін бізде ерекше күн. Біздің сабағымызда қонақтар отыр. Бүгінгі сабақта өз білімімізді тартынбай көрсетуге тырысайық. Сынып екі топқа бөлінген. 1-топ. «Зерделілер», ІІ топ. «Тапқырлар» тобы.  Бүгін әр топ өз білімімізді ортаға саламыз.Сабақты бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Қазақ тілінен өткен тақырыптарға қысқаша шолу.

Жеке-жеке талдау (ауызша)

Бүгінгі сабақта өзін-өзі бағалау әдісін қолданамыз.

(Әр оқушыға бағалау парағы беріледі)         

Сабақ кезеңдері:

І1.Мәтінмен жұмыс.  (Әр топ ақылдаса отырып, мәтіндерді аударады )

Қыс.

      Қыс желтоқсан айынан басталады, ол – жылдың соңғы айы. Жылдың ең қысқа күні мен ұзақ түні осы айда болады. Бұл мезгілде жиі-жиі қар жауады, боран соғады. Адамдар қыстыгүні жылы киінеді. Қыста Жаңа жылды қарсы аламыз.    

ІІІ.Фонетикалық талдау жасау (Әр топтан бір оқушы шығып тақтаға талдайды.  Қалғаны дәптерге жазады.)

Ғалым, ұстаз сөздерін  буынға бөліп,  буын түрін ажыратып,  дыбыстық талдау жасаңдар.

IV.Септіктер. (Екі топтың оқушылары қатар тұрып, ауызша септейді.)

Сергіту сәті. 

V.Жалғаулар әлемінде. (Әр топ өз таңдаулары бойынша жіктік және тәуелдік жалғауларын жалғайды)

VI.Перфокартамен  жұмыс. (Алдарына дайын сызба беріледі, Тақтамен салыстырады)

 

 

 

Сөз таптары

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік

Алма

 

 

 

 

Барды

 

 

 

 

Жеті

 

 

 

 

Қызыл

 

 

 

 

Тарақ

 

 

 

 

Оқыды

 

 

 

 

қоңыр

 

 

 

 

он

 

 

 

 

VII.Морфологиялық талдау жасау. (Екі оқушы тақтаға шығады, қалған оқушы дәптерге сөз құрамына талдап көрсетеді)

VIII.Сөздерді  дұрыс орналастырып, сөйлем құрап жазу.

І-топ.           Мектепке, Әйгерім,  жатыр, келе.(зат есімді тап)

ІІ-топ.     Үлкен, табиғатта, басталды, өзгерістер.(сын есімді тап)

IX. Тестілеу жұмысы.

(Тақтадағы тесті орындайды, жауабымен cалыстырады)

1.Қазақ тіліне  ғана тән неше дыбыс бар?

а) 5;          ә) 7;              б)3;            в) 9

2. Кімде? Неде? қай септіктің сұрағы?

а)барыс;    ә) ілік;         б) жатыс;    в) көмектес

3.“Етістік” – бұл:

а)наречие;      ә) глагол;     б) местоимение;       в) союз

4. “Жеңіл” сөзінің антонимін тап:

а) ауыр;       ә) төмен;      б) жоғары;        в) ала

5. “Мұғалім”  сөзінің синониміндерін белгіле.

 а) кітап, оқулық;          ә) дәптер, қалам;                                                                          

б) ұстаз, оқытушы;       в) зат, пән    

6.Заттың атын білдіретін сөздерді… дейміз.

а) сын есім;       ә) зат есім;         б) есімдік;          в) етістік

7.Жұрнақ арқылы жасалған сөзді белгіле:

а) намыс;         ә) сиыр;         б) достық;           в) жаз

Рефлексия.

Оқушыларға постер беріледі, олар смайлик салып, стикерге ойларын жазып жазып жабыстырады. (Бағалау парағын алып, есептеледі).

10. Қорытынды.      Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні (Ф.И.О)

            тапсырмалар

ұпай саны

(баллы)

бағасы

(оценка)

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                               

Осыған ұқсас жазбалар:

Орыс тіліЗвонкие и глухие согласные

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110015

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар