«Бейбітшілік пен бірлік символы»

17 наурыз 2014 - Дана Жумажанова

Жумажанова Дана Мұхтарқызы

Бостандық орта мектебінің

орыс тілінде жүретін

сыныптарындағы қазақ тілі және әдебиет

пәні мұғалімі С. Қ. О Ақжар ауданы

Бостандық ауылы

 

 Пәні: Қазақ тілі          Сыныбы: 8 сынып      

Сабақтың тақырыбы:     «Бейбітшілік пен бірлік символы»

Ашық тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен оқушыларды таныстыру, мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өздерінше ойларын түйіндеуге, есте сақтауға бағыттау.Рухани ұстанымызды нығайту.

Тәрбиелік: Мемлекеттік рәміздерге көңіл бөлу, оларды қолданып, құрметтеуге шақыру. Өскелең ұрпақтың отаншылдық, ұлтжандылық қасиеттерін ояту.

Сабақтың түрі: дебат (дөңгелек үстел басында)

Сабақтың әдісі: пікір алмасу, ой бөлісу, сөз жарыстыру, іздену

Сабақтың көрнекіліктері: үнтаспа, суреттер, слайд-шоу

Жұмыс түрі: топтық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақты бастамас бұрын, үнтаспаны жағып, қолымызды жүрегімізге қойып Қ. Р-ның Әнұраның айту.

Мұғалімнің сөзі: Оқушыларға Мемлекеттік рәміздер тарихынан айтып өтеді.

Ту, Елтаңба, Әнұран – бұлар мемлекеттік рәміздер деп аталады. Олардың әрқайсысының мәні, тарихы бар. Осы тарихты, жалпы рәміздерді білу қазіргі кезде үстірт қолдануда.

Осы дебатта талқыланатын мәселелер:

1.     Қ. Р-ның рәміздерін әрбір азамат білу қажет пе?

2.     Мемлекеттік нышандарды білмеу, бірлік жоқ дегені ме?

3.     Рәміздеріміздің жасалу тарихын әлі де тереңірек білмейміз

 Дебатта қолданылатын сөйлеу үлгілері:

-         Мен сізбен келісемін

-         Мен сізбен келісе қоймаймын

-         Сіздің пікіріңіз дұрыс, бірақ....

-         Менің ойымша.....

 

-          

-         Бұл мәселеде басқа пікір болмау керек

-         Мен де осылай ойлаймын

-         Шын мәнінде олай болмау керек

-         Басқа көзқарас болмау керек

-         Мен… сенемін

Жоғарыда көрсетілген мәселелер дөңгелек үстел басында 2 топ ішінде қызу талқыланады.

1 топ – жақтаушы, жоғарыдағы талқыланатын мәселелерді жақтап, дәлелдейді

2 топ – даттаушы жақтаушының пікіріне қарсы болып, даттайды (жақтаушының пікірін жоққа шығарады, нақты дәлелді сөздермен, деректермен)

ІІ. Кіріспе. Оқушыларды 2 топқа бөлу.

1 топ – жақтаушы, 2 – топ – даттаушы болады.

Тақтада рәміздерге байланысты деректер, көрнекіліктер ілулі болады. Парталарда оқулық беттерінде, газет-журналдарда дәйек сөздер, мәліметтер, ақпараттар болады.

2 топ талқылап, ойларын талдап болған соң, мұғалім олардың талдауын жинақтай келе өзі өз пікірін айтады.

Сонымен қатар интерактивті тақтадан «Мемлекеттік рәміздер» атты

слайд-шоуды көрсете отырып, мемлекеттік рәміздер тарихы жөнінде айтып береді.

Мұғалімнің сөзі: Тәуелсіздігімізді паш ететін Отанымыздың Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны – Қазақстан Республикасының ең басты айшықты белгілері болып табылады. Ту, Елтаңба, Әнұран – бұлар мемлекеттік рәміздер деп аталады. Олардың әрқайсысының тарихы бар.

                                                                  

 

Ту – ертеден келе жатқан мемлекет белгісі. Ту ең алғаш осыдан бес мыңдай жыл бұрын Таяу Шығыста пайда болды. Бұл құстардың, аңдардың, Құдайлардың бейнелері салынған ту болатын. Ең көне ту Иран елінің аумағында табылған. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Мемлекеттік тудың авторы – Шәкен Ниязбеков рәмізге аспан тектес көгілдір түсті таңдап алуына қазақтың ежелден Көк тәңіріне сыйынған ел

екендігін бала жастан біліп-өскендігі себеп болғандығын айтады. Ал автордың күннің

астында қалықтап ұшып бара жатқан қыранға көңіл қоюына бір кездері өзі оқыған саясатшы Марко Полоның кітабы себепкер болған екен. «Ол кітапта

қай ата-бабамыздың үйіне кірсең де бір-бір қыран ұстап отыратындығы туралы айтылған. Көп жасайтын, тек биікте ұшатын қыранды туға енгізуімнің себебі осы», дейді Ш. Ниязбеков. Иә, мемлекеттік Туымыздың аспан текті, зеңгір көк түсті болуы кездейсоқтық емес. Қазақтың түсінігінде бұл адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны. Көк түс ынтымақ пен бірлік идеясын аңғартады, бейбітшілік, тұрақтылық пен береке-байлық белгісі болып саналатын ашық аспанға мегзейді. Аспанкөк – қазақтың ұлттық бояуының реңі. Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек – сондай айтары мол астарлы айшықтар. Күн образы  — байлық пен берекенің белгісі.Қыран бүркіт бейнесінің нышандық мәні әдетте билік, көрегендік пен кеңдік, күш-қайрат ұғымдары арқылы айқыңдалады.

 

 

ХІІ ғасырда геральдика ілімінің негізі қаланған. Геральдика – латын тілінен алынған сөз. Ол «Елтаңба тану» дегенді білдіреді.

Елтаңбаның жасалу тарихы да қызықты. Рәміз авторларының бірі Шот-Аман Уәлиханов Елтаңбаға шаңырақты, уықтарды енгізуіне көрген түсі себепші болғандығын айтады. Екінші автор Жандарбек Мәлібековтың сөзіне қарағанда, Елтаңбаға аңыздардағы қанатты пырақтарды деталь етіп пайдалануға өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы «қазақтарда мәдениет жоқ, болған күннің өзінде тамыры тым терең емес» деген

мазмұндағы жаңсақ пікірлер түрткі болған. Яғни, Есіктен табылған «Алтын адамның» тәжінде тұрған қанатты, мүйізді силуэттер Елтаңбаға енгізілген.

 

 

               

 

Кез-келген халықтың тарихында музыкалық шығармалары бар. Ол тарихтың белгілі бір уақытында сол жұрттың гимні болған. Мұндай әндер қазақ халқында да көп. Соның бірі жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының ауыр тауқыметін көрсетуге арналған «Елім-ай» әні. Оны 15 ғасырдың атақты батыры, ақын-сазгер Қожаберген жыры Толыбайұлы жазған. Осындай бір екінші әні «Менің Қазақстаным». Бұл шығарма ҚКСРО құрамында болған тұста тың игеру үдерісі  ісін мадақтау үшін жазылған тапсырыс бойынша жазылғанымен, негізінде қазақтың намысын қайрау мақсатында өмірге келді. Ақын Жұмекен Нәжімеденов пен сазгер Шәмші Қалдаяқовпен шығармашылық бірлестігінен туындаған «Менің Қазақстаным» шын мәнінде қазақ  халқының рухын көтерген, келер күнге деген сенімін арқалаған ресми емес гимн болды. Тарлан тарих араға жылдар салып оның мемлекетіміздің ресми Әнұранына айналдырады. Осы тұста тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 ж. ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадір Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрібаева мәтін сөздерін жазған алғашқы Әнұранымыз өзінің тарихи миссиясын абыроймен атқарғанын әділдік үшін айта кету керек. Ал заман талабына сай 2006ж. 6 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа түзетулер енгізілгеннен кейін, арада төрт күн өткесін, яғни қаңтардың 10-да «Менің Қазақстаным» ресми Әнұран болып бекітілді. Сөйтіп бұл күн тарихқа еліміздің жаңа гимнінің туған күні ретінде жазылды. Әуенін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов жазған Әнұранның сөзін уақыт өлшемімен үндестірген бірлескен автор – еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Біздің Республикамыздың мемлекеттік рәміздеріне шетелдік мамандар жоғары баға берген.

 

 

Мемлекеттік рәміздеріміз әлемдік каталогқа енгізілген.

Қазақстан Республикасы 4 маусым күні – Мемлекеттік Рәміздер күні өткізіледі.

Сабақты бекіту: Блум таксономиясы арқылы оқушылар талқыланған, баяндалған сөздерді түйіндей келе, өздері қорытынды жасайды.

 

 

Үйге тапсырма: Рәміздердің жасалу тарихын жаттау

Бағалау: Белсенділіктеріне сай

 

Сабақты қорыту: Мұғалім: Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі рәміздеріміз бар. Оның біріншісі- Елтаңба, екіншісі — Әнұран, үшіншісі – Көк байрақ туымыз, төртіншісі – Қазақ тілі. Ендеше, біз сіздермен алтын күмбезімізді мықтап, мәртебесін жоғалтпайық.   

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152294

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар