Ұлттық ойындар атты ашық сабақтың жоспары

24 желтоқсан 2014 - Нұргүл Хасанова
Ұлттық ойындар атты ашық сабақтың жоспары

5-сынып

Сабақтың тақырыбы:Ұлттық ойындар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға жаңа сөздерді меңгертіп, оларды дұрыс айтуғажаттықтыру.

Дамытушылық:логикалық ой-өрістерін кеңейтіп, сабақта оқушылардыңсөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік:оқушыларды қазақтың салт-дәстүрлерін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілік:«Қыз қуу» ойыны бейнеленген сурет, ұлттық ойындар туралыслайд-суреттер, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Өткен сабақты пысықтау үшін сұрақтар:

— Төрт түлік малға нелер жатады?

— Бұл үй жануарларын неліктен «төрт түлік» деп атаған?

— Төрт түлік туралы қандай тақпақтар білеміз?

— Төрт түліктің төлдерін қалай атайды?

2. Қайталау үшін тестсұрақтарын тарату.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1) Ұлттық ойындар туралы түсінік.

— Ұлттық ойындар адамды жылдамдыққа, ептілікке, ойлау қабілетін арттыруға,өнерлі болуға, күштілікке үйретеді. Ұлттық ойынның түрлері: «Тоғызқұмалақ», «Ақсүйек», «Көкпар», «Аударыспақ», «Қыз қуу» т.б. (интерактивті тақтаданмәтіндерді оқушыларға оқытып, таныстыру).

1. «Тоғызқұмалақ» ойыны – шахмат сынды ежелгі ойын түрі. Ойынға екі адамқатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа салып ойнайды. Бұл ойынныңбекітілген өз ережесі бар. Ол – үлкен шеберлікті, ойлануды, айла-тәсілді қажетететін, математикалық есепке құрылған күрделі ойын.

2. «Ақ сүйек» ойыны. Тойға жиналған жастар жаздың айлы түнінде «Ақ сүйек»ойнаған. Оның басты шарты: лақтырылған ақ сүйекті жабыла іздеп, тауып әкелу.Осы ақ сүйекті іздеу үстінде бозбала мен бойжеткен өзара сырласып, көңілқұпияларын ашатын болған.

3. «Көкпар» ойыны. Үлкен тойда, аста көкпар берілетінболған. «Көкпар тартылады» дегеннен-ақ көкпаршы жігіттер алдын-ала аттарынбаптаған. Той немесе ас иесі бір серкені ойынға арнап шығарған. Көкпаршылар екітопқа бөлініп, әлгі серкені тартысады. Бұл – өте күрделі, ерекше қайрат-күш пенамал-тәсілді талап ететін, аса қызғылықты ойын.

4. «Қыз қуу» ойыны кезінде ұлттық киім киіп, жүйрік атқа мінген қыз бенжігіт бірін-бірі қуған. Қыз қашып, жігіт қуып жетсе, қыздың орамалын алады, неболмаса, бетінен сүйеді. Егер жігіт жете алмаса, қыз оны қамшының астына алады.

2) Оқулықпен жұмыс:

а) мұғалім оқиды;

ә) оқушылар оқиды;

б) сөздікті пайдаланып, аудару;

в) жаңа сөздерден сөйлем құрау;

г) сұраққа жауап беру.

3) Оқушыларға үлестірмелікарточкалар арқылы тапсырмалар беру.

4) «Қыз қуу» ойынын ойнату (бірқыз бен бір бала кезекпен мұғалім дайындаған сұрақтарды суырып, жауап береді.Кім сұраққа көп жауап берсе, соның аты алда келіп, жеңімпаз болады).

1.      Әнұранның авторлары кім?

2.      Қазақ тілінде неше жалғау бар?

3.      Иелік форма қалай жасалады?

4.      Зат есім дегеніміз не?

5.      Төрт түлік малды ата.

6.      Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

7.      Өзің туралы айт. 

8.      Сөз құрамы неден тұрады?

9.      Досың туралы айт.

10.  Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

11.  Көптік жалғауларын ата.

12.  «Кітап» сөзін септе.

13.  «Отан» сөзін тәуелде.

14.  Абай Құнанбаев кім?

15.  Есімдік дегеніміз не, түрлерін ата.

IV. Сергіту сәті:

«Тоғызқұмалақ»сөзіндегі әріптерді пайдалана отырып, жаңа сөздер табу. Мысалы, тоғыз, құмалақ,мал, т.б...

V. Сабақты қорытындылау:

а) орысша, қазақшабалалардың «Ұлттық ойындар» туралы не түсінгенін пысықтау;

ә) мұғалімдайындаған тест сұрақтарынан ауызша жауап алу.

VI. Бағалау.

VII. Үй тапсырмасы:Ұлттық ойын түрлерін біліп келу.

<o:p> </o:p>

Сабақты өткізген: Ақтау қаласындағы № 10 орта мектептіңорыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, бірінші санаттыұстаз НҰРГҮЛ ХАСАНОВА.

Осыған ұқсас жазбалар:

Іс-шара мәліметтеріҰлттық ойындар сауық кеші

Дене шынықтыруДене тәрбие сабағындағы ұлттық ойындардың алатын орны

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151044

Пікірлер (4)
Бақытжан Баянбаев # 25 желтоқсан 2014 в 00:13 0
Жаман емес,маған ұнады,рахмет!
Нұргүл Хасанова # 25 желтоқсан 2014 в 00:34 0
Рахмет сізге!
бакыт сагындык # 25 желтоқсан 2014 в 22:01 0
тамаша ,озин кандаи болсан ,сабагын сондаи ,артык кеми жок ,тусиникти
Нұргүл Хасанова # 28 желтоқсан 2014 в 03:25 0
Сізге де көп-көп рахмет! Ниетіңізді Алла Тағала қабыл етсін!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар