Ұлы Жеңіс мерекесі

8 мамыр 2016 - Жанша Текеева

Ерлікке тағзым

Сол бір күн жадыраған жаз болатын,

Адамдар жанарынан нұр таматын.

Кенеттен соғыс ашып фашистер,

Бұзды ғой бейбіт күннің салтанатын.

 

Бұл өзі қырық бірдің маусымы  еді,

Құлаққа аттан деген дауыс келді,

Бозбала, өрімдей кіл жас жігіттер,

Сұранып қан майданға, соғысқа енді.

 

Аналар қалды аңырап, құлыным деп,

Сәбидің іңгәлаған шырылы көп.

Жас ару шығарып сап сүйген жарын,

Күні-түн еңбек етті, бұрылу жоқ.

 

Хат жазып жас  жарына, анасына.

Боздақтар шайқасты ұрыс даласында.

Майданнан келген елге қара қағаз.

Өзгеріс салды адамдар санасына.

 

Қансырап қан майданда ес жия алмай,

Өмірден кетті боздақ жар сүйе алмай,

Қайтпады кан майданнан арулар да,

Қос жұлдыз Мәншүк пенен Әлиядай.

 

Әйтеуір жойқын соғыс аяқталды.

Аударып қасиетті парақтарды.

Қуантып келді Жеңіс төрімізге,

Алқызыл  қызыл туға бояп таңды.

 

Өтіпті  жетпіс бір жыл содан бері,

Әрине әркімге ыстық туған жері.

Құлпырып кетті бүгін мұнайлы аймақ.

Көк байрақ төбемізде жібереді.

 

Майданнан қайтпай қалған жерлесім көп,

Соғысты енді басқа бермесін деп,

Майдангер қарт айтады ақ тілегін,

Бейбіт күн сәбилерді тербесін деп.

                         

Атырау қаласындағы химия-биология

бағытындағы Назарбаев зияткерлік

мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Текеева Жанша Тажибаевна        

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103548

Пікірлер (2)
Нургиза Кульджина # 12 мамыр 2016 в 08:45 0
Өте тартымды, адамға ой салатын, соғыс басталған уақытты көз алдыға алып келетін өлеңіңізге рахмет!
Жанша Текеева # 12 мамыр 2016 в 09:34 0
Нургиза әріптес, менің материалдарыма уақыт бөліп оқып, оған айтқан пікіріңізге ризамын. Қолдаушысы бар адам қашанда жігерлі болады гой. Сізге рақметімді айтамын.Аман болыңыз.Сізге деген құрметпен Жанша.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар