Айтыс

10 мамыр 2014 - Мадина Тулешева

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Е. Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Е. Тулешева

Сабақтың тақырыбы:Айтыс

Сабақтың білімділік мақсаты: Айтыс тақырыбын оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлап талқылауға үйрету. Осы мақсатқа жету үшін пайдаланылатын стратегиялар біздің маңызды істерге бастайды

1.Бір – бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қамтамасыз ету.

2.Оқушыларға анық та нақты мақсат қоюға мүмкіндік береді.

3.«Айтыс» тақырыбын талқылауға белсенділікпен қатысуға үйретеді.

4.Шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдырады.

5.Айтыс ақындарына деген құрмет сезімін нығайтады.

6.Өздерінің айтқан, жазған жауаптарына толғанып ойлауын қамтамасыз етеді.

7.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту арқылы өз ойын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету.

«Айтыс» тақырыбын толық меңгеру үшін пайдаланылатын оқыту стратегиялары:

1. Ой шақыру.

2. Топтастыру.

3. Кубизм.

4. Венн диаграммасы.

5. Еркін жауап (мағынаны тану).

6. Түсініктеме күнделігі.

7. 5 жолдан тұратын қорытындылау өлеңі.

8. Ой – толғаныс.

Дамытушылық мақсаты: оқушыларды осы сабаққа дейінгі білетін ақпараттар мен одан кейінгі білгенін ұштастыру, жинақтау.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, қазақ тілі.

Көрнекіліктер: М.Әуезов, Біржан, Сара портреттері, айтыс жайында жазылған нақыл сөз, «Айтыс» (2 томдық кітап), М.Әуезов зерттеу (18 томы), суреттер, сабаққа қажетті плакаттар, маркирлер, өлең жолдары басылған қағаздар, интерактивті тақта, бейне көрініс, т.б.

Ұйымдастыру:

1.Оқушыларды топқа бөлу

сы геометриялық фигураларды оқушыларға таратып беремін де, топқа бөлемін. Осы әрекетті жүзеге асыру, ұйымдастыру ісіне 1 минут уақыт бөлемін.

І. Ой шақыру. 1 минут.

«Айтыс» атты ғажайып сөздердің сырына үңілейікші, балалар! Қазіргі сәттен бастап осы сөздің сыры өз қолдарында. Қане, ми қыртыстарын іске қосамыз.

ІІ. Топтастыру әдісі.

Топтастыру — оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағытталған оқыту стратегиясы. Бұл — жаңа идеяларды жинақтап, бір – бірімен сабақтастыру үшін қажетті құралым. Топтастыру қызықтыруды ояту, «Айтыс» тақырыбына байланысты ой тудыруды күшейту үшін қолданылып отыр.

1.Оқушыларға «Айтыс» тақырыбын бердім.

2.Алдарына дайын қағаз (плакат) қойылды. Уақыт 5 минут.

3.«Айтыс» тақырыбы бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза бересіз. Топпен жұмыс істейді.

4.Орфографиялық ережелерге мән бермеңіз.

5.Берілген уақыт біткенше жаза беріңіз.

Топ идеяларды топтастырып жазады.

.

Топ мүшелері ойын қорытып болған соң, уақыттың біткенін ескертемін.

2.Үш қатар да жазғанын тақтаға іледі.

3.Топ атынан шыққан оқушы «Айтыс» анықтамасын оқып шығады.

4.«Айтыс» туралы кіріспе сөзінде толық айтып кетеді.

(8 – 9 минут уақыт беріледі.)

ІІІ. Кубизм. Тақырыпты жан –жақты қамту мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Кубиктің алты жағы бар.

1. Суреттеп беріңіз.

2. Салыстырыңыз.

3. Зерттеңіз.

4. Қолданыңыз.

5. Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді. Ауызша талдау.

6. Талқылаңыз, қолданыңыз, қарсы шығыңыз.

І- топқа кубикті шиіріп тастау керек.

Суреттеңіз: кубиктің осы беті түссе «Айтыс» түрлерін атау қажет.

А) Бәдік айтыс

Ә) Жұмбақ айтыс

Б) Жануарлар мен иесінің айтысы

В) Өлі мен тірінің айтысы

Г) Жар – жар айтысы

Ғ) Салт айтысы

Салыстырыңыз.5 минут. Кубиктің осы беті түссе айтыс түрлерін салыстьыру қажет.

Бәдік айтысы мен жұмбақ айтысын салыстыра суреттеу.

Қыз бен жігіт айтысын салыстыру.

Жар – жар айтысы. Әнімен айту.

Бұл жерде қыз бен жігіттің сөздері арқылы олардың көңіл- күйін салыстыра талқылау.

Зерттеңіз: 4 минут. Жалпы айтыс туралы топ оқушылары өздері білетін білімдерін ортаға салады. Қазіргі айтыс ақындары туралы да білетіндерін ортаға салады.

Бұл туралы ойлағанда көз алдыңызға не елестейді?

Оқушы қиялы. Болжау.

Қолдаңыз, не қарсы шығыңыз. Айтыс бізге керек пе, жоқ па?

Факт келтіру, дәлелде. Оның болашағын болжау. Қолдаңыз. Қыздар мен ұлдар болып айтысады.

Қазіргі айтыс ақындарының айтысынан бейне көрініс.

ІV Венн диаграммасы

5 – 7 минут. Венн диаграммасы кабысып жатқан үш дөңгелектен тұрады.

Біржан мен Сара туралы бар білетіндерін өз дөңгелегіне жазады. Ал, екеуі ортақ қасиеттерін ортасына жазады. Туған жері, жылы, ақындығы, басқа да шығармалары толық жазылады. Әр топ алдындағы қағазға толтырады. 3 минут + 2 минут = 5 минут.

.

Еркін жауап(мағынаны тану). 8 – 10 минут. Оқушылар «Біржан мен Сараның» өздеріне ұнаған жерлерін жаттап алады. Оны сұраған кезде төмендегі нәрселерді ұмытпайымыз керек.

1. Есте сақтау қабілеті.

2. Дауыс ырғағы.

3. Өлеңнің мәнері.

4. Сөздің анықтығы.

5. Сөз көркемдігі.

VІ. Түсініктеме күнделігі. 6 – 7 минут.

Оқушыларға 5 шумақ өлеңді жазып беру керек.

Әр оқушы өз мысалын талдайды (минут). Ауызша айту.

Үзінді жазу

Үзінді жайлы пікір

Қырандай аспандағы желді күнгі

Қыран биіктікті сүйеді, өте жоғары ұшады. Желден де қорықпайтын қайсар. Біржан өзін желді күні ұша алатын қыранға теңейді.

Тақтаға сызу қажет

Түсіндірген дұрыс.

VІІ. 5 жолдан тұратын қорытындылау өлеңі(5 минут) .

Ақпаратты түйіндеп айту, терең ойды, сезімді және сенімді қысқа сөзбен қамту. Кодоскоппен көрсету ыңғайлы.

Нұсқау.

1.Бірінші жол тақырыпты суреттейтін сөз. Ол зат есімнен болуы шарт.

2.Екінші жол сол тақырыпты суреттейтін екі сөзден тұру керек. Екі сын есім.

3.Үшінші жол іс — әрекетті көрсететін үш сөз болуы тиіс.

4.Төртінші жол төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.

5.Соңғы жол синоним болуы керек.

Жасау жолы.

Тақырып (Зат есім) Айтыс.

Суреттеу (екі сын есім) Ғажап, тамаша

Қимыл (үш етістік) Жарысады. Айтысады.Сайысады.

Сезіну (төрт сөзден сөйлем). Айтыс – шешендік өнердің падишасы.

Синоним. Айтыс. Дода.

Үш топ талдайды.

VІІІ. Ой – толғаныс. 10 – 13 минут. «Айтыс» туралы шағын шығарма жазу.

ІХ Қорытындылау.

Х Бағалау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150781

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар