Антонимдер

9 қазан 2015 - Батима Түсіп

Сабақтың тақырыбы: Антонимдер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға антоним жайлы түсінік беріп, функционалдық сауаттлығын арттыру мақсатында түрлі жұмыстар орындату.

Міндеттері:1.антоним сөздерді бір-біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру,

2.оқушының білім мен танымын кеңейту және тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін толық жеткізе алуына баулу, ойлау қабілетін арттыру;

3.оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып, сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тілдік талдау, топтастыру.

Көрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті тақтада слайдтар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақ барысы.

І.Мотивация. Ұйымдастыру, зейіндерін аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

Әр топқа арнайы сұрақтар қоя отырып өткен сабақты еске түсіру:

1. Лексика дегеніміз не?

2.Омонимдердің анықтамасын айт. Мысал келтір.

3.Сіздер күнделікті өмірде омоним және синоним болатын сөздерді қаншалықты жиі қолданасыздар?

Омоним мен синоним сөздерге жазып келген өлеңдері мен мақал-мәтелдерін оқыту.

ІІІ. Мақсат қою. Жаңа тақырыпқа жазылған мысалды оқытып, өздеріне ереже шығарту, мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы білімін кеңейту, антоним сөзі қай тілден шыққанын, жасалу жолдарын таныстыру.

ІV.Жаңа сабақ.

Өзіндік ізденіс – білім негізі.

Интерактивті тақтадан салыстыру арқылы оқушыларға не түсінгендерін және ереже шығару керектігін ескертемін.

-Балалар, антоним грек тілінде anti –қарсы, onota — атау дегенді білдіреді. Ендеше сіздер мысалдарға сүйене отырып қандай қорытындыға келдіңдер?

— Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздерді антонимдер деп атаймыз.

-Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды, болымсыздық мағыналар бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады.

Тақтаға жазылған мақал-мәтелдерді оқып, антонимдер мен болымды, болымсыздық мәндегі сөздерді табамыз.

Антонимдер

Болымды, болымсыздық мағыналар

1.Күштімен алысқан әлсіз өз қолын сындырады. (Сәйф Сарайи).

Піл күшті,

Піл күшті емес, тіл күшті.

2.Жаман сөз жылатады,

Жақсы сөз жұбатады.

Көп сөйлеген қалайда жақсы емес. (Құтып)

3.Білімді – алтын көзі ашылатын,

Надан жан – қара бақыр шашылатын.(Йүгінеки)

Білімді білімсіздің мыңын жеңер. (Йүгінеки)

Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.

Жұмбақтар.

    ·Түнде бармын,

    Күндіз жоқпын. /жұлдыз/

3- топ тапсырмасы:

<img width=«527» height=«63» src=«file:///C:/Users/ACFC~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image001.gif» v:shapes="_x0000_s1035 _x0000_s1036 _x0000_s1037 _x0000_s1040 _x0000_s1041 _x0000_s1042">

Сын есім

Етістік

Зат есім

Есімдік

Үстеу

ауыр-жеңіл,

кең-тар,

ыстық-суық,

жас-кәрі

артық-кем,

аш-тоқ,

арық-семіз,

оңай-қиын

озу-қалу,

кету-келу,

қону-ұшу,

шашу-жинау,

ашу-жабу,

кіру-шығу,

күлу-жылау,

сату-алу

өтірік-шын,

обал-сауап,

алғыс-қарғыс,

рахат-бейнет,

бақ-сор,

өмір-өлім,

пайда-зиян,

жаз-қыс,

күн-түн

анау-мынау,

әне-міне,

осы-сол

ерте-кеш,

ақырын-шапшаң,

жоғары-төмен,

алыс-жақын,

әрі-бері

V.Сергіту сәті. «Кім тапқыр?» ойыны. Мақалдың жалғасын табу.

Ашу… (дұшпан) Ақылдан жақын… (дос) жоқ,

Ақыл… (дос). Ашудан жаман… (қас) жоқ.

VІ.Бекіту кезеңі:

Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға антонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады.

<img width=«651» height=«239» src=«file:///C:/Users/ACFC~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.gif» v:shapes="_x0000_s1026 _x0000_s1027 _x0000_s1028 _x0000_s1029 _x0000_s1030 _x0000_s1031 _x0000_s1032 _x0000_s1033 _x0000_s1034 _x0000_s1038 _x0000_s1039">

VІІ.Рефлексия.

VІІІ.Үйге тапсырма беру: 89- жаттығу.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151059

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар