Конфликт және бейбітшілік

17 сәуір 2016 - Жанша Текеева

Сабақтың тақырыбы :             Конфликт және бейбітшілік   10-сынып

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Т/А 2 Әр түрлі контекстегі мәтіндерді ауызша сөйлеу кезінде ғаламдық тақырыптармен салыстырады,  креативті ой  айтады.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар:

·       Өз ойын ауызша айта алады;

·       Әр түрлі байланыстағы сөздерді қолданады;

Көптеген оқушылар:

·       Ғаламдық тақырыптағы мәселелермен салыстыра алады;

Кейбір оқушылар:

·       Тақырып бойынша креативті ой айта алады;

Жетістік критерийлері

·       әр түрлі тақырыптарды ғаламдық мәселелермен салыстырады,

·       тақырып төңірегінде креативті ой айта алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар сөйлемдердің құрылысын түсінеді және қолдана алады.

Пән лексикасы және терминология:  конфликт сөзін әр қалай қолданады;

Тіл біліміндегі тілдік тұлғалардың мағынасын айқындайды,  «операция»-соғыс операциясы; т.б.,

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Тәрбие құндылықтары

Жеке, топтық жұмыстар оқушыларды бір-бірін ашық, ынтымақты және сыйластықпен қызмет атқара білуге жұмылдыру;

Пәнаралық байланыс

 «ГППР», «КСМ».

 

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу

Сыныпты әр елдің нөмірленген жалаушыларымен 4 топқа бөлу.

Топта Қазақстаннан келген өкілге өзге 4 ел Қырғызстан, Ресей, Белоруссия, Украина бірігеді.1 оқушы аудармашылық қызмет атқарады.

                

«Ой қозғау»

Суреттер арқылы оқушылар пікірі. Бүгінгі сабақтың тақырыбына  анықтау.

Сабақ конференция түрінде өтеді.

Тақырыбы: Әлемдегі қақтығыстар мен оларды бейбіт өмірге шақыру.

Сабақтың  мақсаттары мен жетістік критерийлерітаныстырылады.

«Мағынаны тану»

Төрт топқа  4 мәтіндер беріледі.Қазіргі әлемдегі күрделі қақтығыстар жайлы тақырыпты талқылай отырып, түсіндіреді.
Дереккөздері:     Википедия  материалдарын пайдалану
 

1-топқа Украинадағы әскери қақтығыстар.

Түйінді пікір: бұл елдегі қақтығыстың соғыс екендігі мойындалды.

2-топқа  Сириядағы соғыстың  астарында не жатыр?

Түйінді пікір: Ислам мемлекетінің лаңкестік ұйымының әрекеті

3-топқа Діни секталардың бейбітшілікке әсері

Түйінді пікір: теріс ағымдардың ірткі салуы

4-топқа Аймақтық қақтығыстар өрши түсуде

Түйінді пікір: Қазіргі қақтығыстардың барлығы да әлемдік тәртіпті сақтамай, оған бағынбай отыруынан шығып отыр.

 

Ø  Конференция аясы қалай өтетіндігі туралы қысқа түсінік беріледі.

Ø   

Тапсырма 1.

Топта көшбасшылар тобын (делегация өкілдерін) ортаға алып, мәтіндердің мазмұнымен таныстырады.

Мәтіндегі өзекті ойды конференцияға келген  өзге елдің өкілдеріне 1-оқушы  синхронды аударма арқылы қазақшадан-орысшаға айтылым (говорение) арқылы бірден аударма  жасап түсіндіреді.Қатысушылар 3,4,5,6 оқушылар (конференцияға қатысушылар)өздерін толғандырған сұрақтарын (мәтін бойынша) орыс тілінде қою арқылы ортада (қазақ тілінен орыс тіліне тікелей аударма арқылы) диолог жасайды.

Мұғалім (қазақ және орыс тілі) оқушылардың тыңдалым мен айтылым тапсырмаларын қаншалықты жеткілікті орындағанын бағалау парағына түсіріп отырады.

Бақылау парағы                                                                                    Лист наблюдения

ФИ

Қазақтілі

Тыңдалым және айтылым:

1.Әр түрлі контекстегі сөздерді қолданып біледі

2.Ауызша сөйлеу кезінде өз ойын орынды етіп жеткізе алады;

3.Тақырыпты ғаламдық мәселелермен салыстырып, еркін айта алады;

4.Талқыланған мәселе жайлы креативті ой айта алады;

Русский языкГоворение Г4:

1. Создает устное высказывание, подтверждая его аргументами;

2. Соблюдает орфоэпические и грамматические нормы языка (допускает менее 4 ошибок).Слушание С2:

1. Может переводить литературный текст на русский язык, передавая основную мысль;

2. Использует термины, встретившиеся в оригинальном (каз.) тексте.

Тапсырма.2

5 ел Қазақстан,Қырғызстан, Ресей, Белоруссия, Украина бірігіп, әлемдегі қақтығыстар мен соғыстарды болдырмаудың жолдарын талқылап, бейбітшілікке шақыратын Үндеу қабылдайды.

Конференцияға  қатысушылар ортадағы дөңгелек  үстелге жиналып мини- конференцияны қазақ тілінде жасап, ортақ пікірге бейбітшіл елдер достастығына әкеледі.

Кері байланыс. Рефлексия

Сабақтың сен үшін қай кезеңі сәтті өтті? 1 дәлел келтіріңіз.

Сәтсіз өткен  кезеңіне қандай ой білдірер едіңіз.Ұсыныс

Атырау қаласындағы химия-биология

бағытындағы Назарбаев зияткерлік

мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Текеева Жанша Тажибаевна

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148642

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар