Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым

18 сәуір 2016 - Жанша Текеева

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы

           Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

           пәні мұғалімі   Текеева Жанша Тажибаевна

Бұл сабақ кіріктірілген сабақтың үлгісі.Тақырып жағынан

 орыс тілі мен Қазақстан тарихы пәндерімен бірлесіп өткізілді.

 

 

Сабақтың тақырыбы:       Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым              

Сынып 7 Т1

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары:

Т/А5  Әлеуметтік және іскерлік ортадағы тіл мәдениеті.

О8  Мәтіндердің салыстырмалы анализі

·    Әлеуметтік, көпшілік және білім тақырыбынан алынған

ақпараттарға өз сезімін көрсете отырып, диалог және монолог құрастырады.

· Қысқа көркем шығармалардың тақырыптары мен идеяларын анықтайды, бас кейіпкерлерді сипаттайды.

   Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар :

•        Әлеуметтік ортадағы белгілі тақырыптан ақпараттарды жинай алады.

•        Ол ақпарттардағы ойға өз көзқарасын білдіреді.

•        Көпшілік талқыға салған тақырыптарға диалог пен монолог құрастырады.

•        Берілген шығармалардағы кейіпкерлерге сипаттама береді.

Оқушылардың көбісі:

·       Көпшілік қозғаған тақырыптардағы мәліметтерді таба алады.Оған өз сезімін көрсете отырып, шағын монолог жасайды.

·       Көркем шығармадағы бас кейіпкер туралы мәліметтер тауып, ол туралы дәлелді ойларды орынды айта алады.

Тілдік міндеттер: Түйін сөздер: сөз тіркестерін құрып, сөйлей білу, еркін сөзді қалыптастыру, ауыспалы мағынадағы сөздерді таба алады.

Алдыңғы білім: Жеңіс күні. Ерлік ешқашан өлмейді.Мәтінмен жұмыс түрлері.

                         

 

                                           Жоспар

                                            Жоспарланған іс — әрекеттер:

Оқушылармен сәлемдесу.Сыныптың сабаққа белсенділігін арттыру.

                                           Қызығушылығын ояту.

Ән «Бейбіт күн тілегі»  Сөзі: Ж.Нәжімеденовтікі, әні: Ш.Қалдаяқовтікі) 1 шумағы  айтылады.

Ортаға балаларды жинап алу, әнді жалғастырып айтқызу.
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген

Оқ даусы мәңгілік жойылсын

Бомбаның орнын тегістеген

Күректер музейге қойылсын

Қ-сы

Кел, достарым,Ән бастайық!

Көтеріп жаңғыртық!

Даласын дана, баласын ана

Жоқтамасын мәңгілік !

Әнді айта жүріп, топқа бөлу.Сыныпты құлып бауының  түстерімен бөлу.

                         Ортаға сұрақ

Оқушылар, бұл әнді бұрын естідіңдер ме?

Ән жалпы не туралы? Кімдер жайлы деп ойлайсыңдар?

Сіздерге ән мәтінінің қай тұсы ұнады? Бүгінгі сабақ не туралы  білдік пе? Әннің жалғасын жаттап алу тапсырылады.

"Әлемнің бар сәби балалары 

Тұрсын тек ұйқысы қанған соң"

Осы сөзді сұрақ етіп тастау.

Пікір білдір, ой айт, сұрақ қой, талдау жаса

Өз ойларын айтады. Пікірлерін  ортаға салады.

Жеңіс күні, ешкімде, ешқашанда ұмытылмайды, мәңгілік алау туралы ойларын  "Иә, бірақ… деген оймен жалғастыра айту.

Бағалау  "Бір жұлдыз, бір тілек"

 

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады    (Слайдтан)

а) Ақпарат жинаймыз

ә) ол үшін дерек көздерінен мәлімет аламыз.

б) мәлімет үшін  бұрын білетіндерімізді еске түсіреміз.

Сабаққа орыс тілі мұғалімі кіріседі.  Жұптық жұмыс.

Оқушыларға тақырыпқа сай сұрақтар  алдында ілулі тұрған шарға жапсырылады.

Тапсырма 1.Жұптық жұмыс.Диалог (орыс тілінде) құрастыру.

Представь, что ты ребенок военного времени. О чем ты мог бы мечтать?

Ты ребенок настоящего, о чем мечтаешь ты?

Назови ключевые слова современности — мирного времени.

Назови ключевые слова военного времени.

Как по-твоему, место ли детям на войне?

Ты ребенок из прошлого – из военного времени. Ты оказался в нашей школе.

Перед твоими глазами – наши школьные будни. Вырази свои чувства и эмоции.

Ты играешь в компьютерные игры, где нужно убивать. Что ты должен помнить в реальной жизни?

Бағалау.Смайликтермен.

Тапсырма 1

Осы тақырыпқа монолог (қазақ тілінде) құрып көру.

Тапсырма 2

4 топқа 1 мәтіннен үзінді беріледі.

1.Үзінді  қандай көркем шығармадан алынған?

2. Шағын үзіндінің тақырыбын анықтаңыз.

3.Бас кейіпкерді 3 сөзді пайдалана отырып сипаттаңыз.

4.Ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып көріңіз.

Осы сұрақтың бірі  кеудесіндегі таққан лентаның астына жапсырылады.

"Желкең қиылғырлар-ай, соғыс аздай, бұл атысып ойнады дегенді қайдан шығарды осылар, басқа ойын аз ба-ей!..» — деп ұрсып тастайды.Бірақ олар кетісімен қайта жиналамыз.Қайта атысамыз."

                                                     ***

"Әрине, майдандағы әке-ағамызға хат жазу бәріміздің де көкейіміздегі асыл арман еді. Бас-аяғы бірер айдың ішінде әріптерді тегіс жаттап, бірлі-жарым сөздерді құрап жаза алатындай халге жеттік. «Аса жаннан артық көретін аға…» деп бастап, хат жазатын болды."

                                                         ***

"Көктем шыға колхоз жұмысына біз де араласқанбыз. Ортасына сым темір салып өртеген бір-бір дойыр қамшыны қолымызға алып, өгіз жеккен соқаның басына міндік.Жер жыртуға көмектесеміз."

Бағалау.ТАМАША! КЕРЕМЕТ! РИЗАМЫН!

 
Тыңдалым тапсырмасы.  Соғыс жылдарына балалық шағы қатар келген жандар

Бейне материал тыңдау. 3 минут

Соғыс жылдарына балалық шағы қатар келген жандар

Тапсырма.

1.Тыңдалым тапсырмасын мұқият тыңдай білу
2.Керекті мәліметтерді жазып алу.
3.Кейіпкерлер тану, олардың айтқан ойларының тақырыптарын білу.
3.Тиімді тыңдалымды немесе блокбастерді қалыптастыру
4.Сөзге мәтін құрау
Жетістік критерийін құру
1.Видеоны мұқият тыңдайды, керекті мәліметті жазып алады.
2.Кейіпкерлерді тани алады, сөзіне мән береді.
3.Блокбастерді орындай алады.
5. БағалауҚАТТЫ ҚЫЗЫҚТЫМ! РИЗАМЫН! ҚОЛ СОҚТЫМ! ҚУАНҒАНЫМ СОНДАЙ!

Тарихшы мұғалім өз деректері бойынша тапсырма  беріледі.

Оқушылардың есте сақтау қабілетін жетілдіру мақсатында өңіріміздегі Кеңес Одағы батырларының портреті және олардың майдандағы ерліктері туралы сөздердің орны ауыстырылған тапсырма берілді. Сөздерді орындарына қою арқылы сөйлем құрастырды.

Атырау өңірінде дүниеге келген, облыстың өсіп-өркендеуі және Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен батырлар туралы слайд ұсынылды. Кеңес Одағының Батыры-10,«Даңқ» орденінің иегері — 4, Социалистік  Еңбек Ері — 75, Халық қаһарманы — 1, барлығы —  90 адам болғаны түсіндірілді.

Өткен азапты жолдың ауыр сабақтарын халық ешқашан да ұмытпайды. Оның ауыр сабақтары біздің санамызға ұялап, қазіргі ұрпақтарды ерлікке, қырағылыққа баулып, жарқын болашағымызды қорғауға әрдайым дайын тұруға шақырады. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес.

Үйге тапсырма:Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» шығармасын оқу.

Рефлексия.

Қағазға  жазып Мәңгілік алаусуретіне жапсыру.

§  Сабақта алған ең маңызды ақпаратым

§  Қиындық келтірген 2 мәселе

·             Сабақта ұнаған 1 аспект

Осыған ұқсас жазбалар:

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Орыс тіліЗвонкие и глухие согласные

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115469

Пікірлер (2)
Нургиза Кульджина # 26 сәуір 2016 в 11:51 0
Кіріктірілген сабақтың өзіне тән қиындығы бар. Оның жоспарын жасау да күрделі. ұстаздардан аса шеберлікті талап ететіні анық. Ұлы Отан соғысы тақырыбы жеңіл және қызықты тақырып,мұғалімдер тақырыпты жақсы таңдаған. Жоспары тамаша.
Жанша Тажибаевна # 26 сәуір 2016 в 12:12 0
Нургиза әріптесім, уақыт бөліп, пікір білдіргеніңізге рақмет айтамын.Денсаулық пен шығармашылық тілеймін. Құрметпен Жанша Тажибаевна

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар