Білгірлер бәйгесі

25 наурыз 2016 - гүлжазира жолжанова

Сабақтың тақырыбы: Білгірлер бәйгесі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімділіктері мен білімдері арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқырлық, шапшаңдық пен ойлау қабілеттерін шыңдау;
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар, плакаттар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
-    Топтарды ортаға шақыру
-    Әділқазы алқаларын сайлау, таныстыру                                                   

Сайыстың бөлімдері:
І.Таныстыру
ІІ. «Білімді мыңды жығады» (Сұрақ-жауап)
ІІІ. Жеті жұмбақ
ІV. «Мақал – сөздің мәйегі»
V. «Шапшаң болсаң, шауып көр»
VІ. «Өлең – сөздің патшасы»
VІІ. Жекпе жек

І.Таныстыруға кезек берейік. Әр топтың таныстыруы, эмблемасы, ұраны болуы шарт.(5 ұпай)

ІІ. «Білімді мыңды жығады» (Сұрақ-жауап)
7 класқа
1.Көп тіл білетін адам (полиглот)
2.Абай атамыз айтқан 5 дос (ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым)
3.Үш бәйтерек (Ілияс, Бейімбет, Сәкен)
4.Сөз таптарын атап беріңдер (зат есім, сан есім, сын есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөз)
5.Салмақты сөзінің синонимі(байсалды, ұстамды, сабырлы)
8 класқа
1.Абай атамыздың 5 дұшпаны (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

2.Бес арыс (Ахмет, Міржақып, Мағжан, Шәкәрім, Жүсіпбек)
3.Морфология нені зерттейді (сөз құрамы, сөз таптары)
4.Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия)
5.Әдебиет қай тілден енген сөз, қандай мағына береді? (араб тілі, асыл сөз)

ІІІ. Жеті жұмбақ
7 класқа

1.Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ жүреді
Ауызы жоқ ұлиды (боран)

2.Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады (пияз)

3.Жаралғанға жабысқан (есім, ат)

4.Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді (ауа)

5.Өмірді өлшейді ешкімнен сұрамай, тіліңді алмайды тетігін бұрамай (сағат)

6. Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы ( мектеп)

7. Өзі айлакер, өзі бір қу
Жүрген жері айқай да шу (түлкі)
 
8 класқа
1.Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарады күзге жеткенде (алма)

2.Өзі сондай аппақ,
Жесең оны тәтті-ақ (қант)

3.Өзі таудың бөктерінде өседі,
Жаңа жылда үй төріне көшеді (шырша)

4.Қыс бойынша жатады,
Тәтті ұйқыға батады (аю)

5.Мысықтан бұл қорқады,
Бұдан піл қорқады (піл)

6.Белі бүкір, алысқа түкір (мылтық)

7.Тіріден өлі туады, өліден тірі туады (жұмыртқа мен балапан)

ІV. «Мақал – сөздің мәйегі»
(Мақалдың жалғасын табыңдар)
7 класқа

1.Тіл тас жарады...
(тас жармаса, бас жарады)
2.Өнер алды ...
(қызыл тіл)

3.Тілде ...
(тиек жоқ)

4.Шебердің қолы ортақ ...
(шешеннің тілі ортақ)

5.Таяқ еттен өтеді ...
(сөз сүйектен өтеді)

8 класқа
1.Піл көтермегенді… (тіл көтереді)

2.Басқа пәле… (тілден)

3.Бас кеспек болса да, ...(тіл кеспек жоқ)

4.Ойнап сөйлесең де,… (ойлап сөйле)

5.Көз жетпеген жерге… (сөз жетеді)

V. «Шапшаң болсаң, шауып көр»
(Сөзжұмбақ шешу)
7 класқа

1.Сәрсенбаевтың аты кім?
2.Сәкен Сейфуллиннің өлеңі
3. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» шығармасының авторы
4. «Қалың елім қазағым» деп тебіренген кім?
5. «Әнші», «Бөбек бөлеу» өлеңдерін жазған ақын?
6. «Көксерек», «Қараш-қараш» туындыларының қаламгері
7. «Аягөз, қайда барасың?», «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңдерін жазған

8 класқа

1.Оқиғаны заттық жағынан сипаттай толықтыру үшін жұмсалатын тұрлаусыз мүше
2.Жай сөйлемнің бір түрі
3.Айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем
4.Сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше
5.Оқшау сөз түрі
6.Септіктің түрі
7.Көңіл-күйді білдіретін сөйлем
8.Әртүрлі тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы
9.Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөз табы

VІ. «Өлең – сөздің патшасы»
(Берілген ұйқастарды пайдаланып, бір шумақ өлең құрастырамыз)

7 класқа
Халқым, салтым, ардың, бардың

8 класқа
Ұрысатын, ұғысатын, аяулым, таяумын

VІІ. Жекпе жек
(Топ басшылары ортаға шығып, тәуелсіздік сөзіне сөз құрайды)

Әділқазылар топтардың ұпай сандарын есептеп болғанша, 6 класс оқушыларының әнін тыңдай отырайық

Жеңімпаз топты  анықтаймыз

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110001

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар