Диктант (Теңіз үстінде)

22 маусым 2015 - гүлжазира жолжанова

Диктант (6 класс)

Теңіз үстінде

Тымырсық ауа мен ауыр ескек Андрейканы әбден қалжыратты.Енді ол мүлде тынышсыздана бастады.Жаңа ғана мөлдіреп жатқан аспан әлемінде енді ағыл-тегіл бұлттар көше бастады.Олар бір жағынан жарқырай көрінеді, екінші жағынан қараңғылық жайып, түнеріп көрінеді.Андрейканы асықтырып отырған қарт енді ескекті өз қолына алды, ауыр жүк тиелген үлкен қайық жақын жағаға қарай жөнелді.Қарт бір ескекті тастай салды да, орындығының астынан шекпенін алып киді.Белін мықтап буып алды, сонан соң қайықтың арт жағына отырды.Ескекті қайықтың қасына салбыратып жібереді де, рульді ұстады.Теңіз бетін судың мөп-мөлдір түсімен араласқан майлы толқын қаптады, оларды үстінен жөңкіле көшкен бұлттардың көлеңкесі сипай өтіп жатыр.Кенет сол көлеңке қап-қара болды да, көз жеткісіз кеңістікті түгел басып кетті. (115 сөз)

(А.Серафимович)

Диктант (5 класс)

Көкшетау

Күн ыстық.Көкшетау маңы.Айнадай тұнық сулы көлшүмектің қасы.Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрақтар айнаның жиегіне салынған әдемі өрнек сияқты.Көктегі шыжыған қызыл күн өткір алтын шұғыласын көктен жерге бүркіп тұрғандай.Айнала-төңірек, жер-дүние, жан-жануар, жердегі өсімдік қазір маужырап, марғау тартып тұрған тәрізді.

Ойпаң көк ала құрақты кішкене көлшүмек.Айнала төңірек ылғи белес.Күншығыс жақтан Көкшетаудың басы көрінеді.Тек күнбатыс жақтағы Көкшетау қаласына қараған жонның оң жағы көсіліп жатқан қиырсыз дала.

Белестер де, ойпаңдар да, далалар да, бұта-өсімдіктер де көкпеңбек, жасыл бояқтай.Түп-түгел қара жерге жасыл жібек кілем төсегендей.Көк ала көлшүмек те жап-жасыл.Оның айнадай суында ашық аспанның суреті көрінеді.(103 сөз)

(С.Сейфуллин)

7 класс

Сабақтың тақырыбы: Диктант

Сабақтың мақсаты:

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты, мейірімді, кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.

Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

Жаңа сабақты түсіндіру

Аңға шыққанда

Алдымызда бір төбе бар еді. Арғы етегі-ағаш. Соның тұсына барғанда, қасқыр көзімнен ғайып болды. Бір кезде аспанда түйіліп айналған бүркітім төмен қарай сорғалай құлады. Қасқырдың ауызна түсіп, жазым бола ма деп қорықтым. Атымды тебініп, шаба жөнелдім.«Түскенжобасы осы-ау!»-деп, мөлшерлеген тұсына келдім. Қалың күртіктің ішінеат бараалмайды. Жалмажан атты қаңтарып тастадым.Сыртқы күпімді шештім де, жеңіл киіммен күртікті өрлей, ағаштың ішіне жүгірдім. Мөлшерден қаталасқан жоқ екем. Мен көрген жоқ едім. Бүркітім шақырған жерге ентігіп жүгіріп бардым. Оның бір аяғы құрықтай қайынға қадалған да, бір аяғы қасқырдын төбесінде түр. Қасқыр сіресіп тартып тұр.Аяғын қалай үзіп әкетпегенін білмеймін. Жүгіріп келгенқалпыммен қасқырдың тірсегінен алдым да,қындағы пышағымен ішін осып жібердім.

(С.Мұқанов) (123 сөз)

Үйге тапсырма: Етістіктің түрлерін қайталап келу

Пән атауы: қазақ тілі

Өткізілетін класы: 5

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Диктант. «Аса білімді адам»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білімдерін қадағалау, бақылау

Дамытушылық. Оқушылардың сауатты да, мәнерлеп, көркем жазуын дамыту, жетілдіру

Тәрбиелік. Оқушыларды елін, жерін сүюге, қазақ ақын – жазушыларын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдіс – тәсілі: баяндау, мәнерлеп оқу, әдемі жазғызу

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Оқушылардың қатысымын, тәртібін, дайындығын қадағалау

Жаңа сабақты меңгерту

Мәтінді мәнерлеп оқу

Түсініксіз сөздерге түсінік беру

Аса білімді адам

Қазақ әдебиеті тарихында ұлы Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі тарихында А.Байтұрсыновтың да орны сондай.

А.Байтұрсыновтың артында қалдырған бай мұрасына қарағанда, оны жоғары оқу орнын бітірген адам деп ойлауға болады. Шындығында, ол екі – ақ оқу орнында оқыған. Бірі – Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесі. Екіншісі – Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын қазақ мектебі. Еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалім болып бастайды. Ол қазақ балаларының өз тілінде сауат ашуына арнап тұңғыш әліппе жазады. Оны 1912 жылы Орынбор қаласында бастырып шығарады. Осыдан кейін қазақ тілін мектепке пән ретінде оқытуды қолға алып, оқулық жазуға кіріседі. 1915 жылы «Тіл құрал» деп аталатын оқулығы жарық көрді.

(97 сөз)Ө. Айтбаев

Сабақты қорыту

    -Мәтін бойынша сұрақ қою

    -Мәтіннен түсінгенін сұрау

7 класс

Сабақтың тақырыбы: Диктант

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету

б) өз ісіне ұқыпты, мейірімді, кешірімшіл болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.

Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қояамын.

Жаңа сабақты түсіндіру

Көктемде

Екі күнненкейін мен қалаға жүріп кеттім.

Каспий суының жаңа ашылған кезі. Лай судың үстінде болбырлау сұрғылт сеңдер теңселе жылжиды. Оларды біздің қайығымыз қуып жетті де, басып озды. Сеңдер қайықтың жақтауына соқтығып, шатынай айырылып қалып жатты.Толқындарды жарға айдап, «жорға жел» ойнақтады. Бөшке, қап, жәшік сияқты ауыр жүк артқан моторлы қайық тербеліп келеді. Рульді ұстап келе жатқан жас жігіт еді. Оның үстіне қырма қой терісінен істеген, омырауы әр түсті жіппен кестелеген әсем бешпеті бар.

Оның жүзі сабырлы, салқын қанды еді. Қайықтың тұмсық жағында көмекшісі отыр. Бұл-үстіне жыртық шекпен киген, белін арқан жіппен бүған, басында көнетоз қалпағы бар, үсті-басы үрпі-түрпі бір мұжық еді. Ол ұзын ағашқа ілген темір ілмекпен сеңдерді серпіп қояды.(122 сөз)

Мәтінді оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды

Үйге тапсырма: қайталау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124387

Пікірлер (1)
Базаргул Агимбекова # 24 маусым 2015 в 23:10 0
Оқушының сауатты болуы, меніңше білім негізі бастауышта қаланады емеспе!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар