Дыбыс үндестігі

15 наурыз 2015 - Nur Kasiet

5 «а» сынып қазақ тілі

Сабақ тақырыбы: Дыбыс үндестігі

Сабақ мақсаты:

Күтілетін нәтиже:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Қамтылатын модульдер:

Дыбыс үндестігі туралы түсінік беру. Сөз бен қосымша арасындағы дыбыстардың үндесуі және оның ерекшелігі туралы мәлімет.

Оқушылар дыбыс үндестігі туралы теориялық білім алады. Сөз бен қосымшаның үндесе байланысуы туралы жаттығу жұмыстары арқылы түсінігін кеңейтеді.

СТО элементтері: қалпағы, белсенді оқыту тәсілі.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер /Диалогтік оқыту/, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытудағы басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, АКТ пайдалану, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңберін құру арқылы оқушылардың психологиялық дайындығын орнатамын.

Үй жұмысын тексеру

Білу

Буын неден құралады?

Буынның қандай түрлері бар?

Мысалдар келтір. Жаттығу жұмыстарын тексеру.

Жаңа тақырып:

Түсіну

Сабақ критерийі:

Дыбыс үндестігі мен буын үндестігін ажырата алу.

Сөз бен қосымшаның үндесе байланысуының ерекшелігін білу.

Мағынаны тану:

Кітабы, бағу, керегі сөздеріндегі түбір мен қосымшаның өзгерісі болды ма? Қандай өзгеріс байқадыңдар?

Дыбыс үндестігі сөз бен қосымшаның арасындағы дауыссыз дыбыстардың бір-бірімен үндесе байланысуын қарастырады.

Басты ерекшелік:

Түбір қатаң дауыссызға аяқталса, қосымша қатаң дауыссыздан басталуы тиіс.

Ат+тар, жас+тар.

Түбір үнді дауыссызға, дауысты дыбысқа аяқталса, қосымша үнді не ұяң дауыссыздан басталуы тиіс.

Гүл+дер, бала+лар.

Түбір ұяң дауыссызға аяқталса, қосымша ұяң дауыссыздан басталуы тиіс.

Жаз+ғы, қарбыз+дар.

Сөздік диктанты:

Қолғабы, қару-жарағы, еңбекші, қасқырлар, азаматтар, оқымысты, керегі, тарағы.

Берілген сөздердегі дыбыс үндестігін түсіндір.

Қолдану

331-жаттығуды орындау ұсынылады. Оқушылар мұнда түбір мен қосымша арасындағы дыбыс үндестігін анықтап, түсіндіруі тиіс.

Талдау

Жинақтау

Бағалау

Қосымша тапсырма:

Тастар, аңыздар, етікші сөздеріне фонетикалық талдау жасау және дыбыс үндестігін анықтау тапсырылады.

332-жаттығу. Мәтінді рөлге бөліп оқу. Мәтінге ат қою тапсырылады.

Дыбыс үндестігі мен буын үндестігін салыстыру.

Венн диаграммасы арқылы.

Үйге тапсырма:

Дыбыс үндестігі байқалатын сөздерге мысалдар жазып келу.

Қ-у. Буын үндестігі.

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышМал баласын сүйеді. Сөз (Кембридж бағдрламасы)

Қазақ тіліҚыс. Қазақ тілі 5 сынып

Ұстаздарға« Оқытуды жақсартуда оқыту үшін бағалауды тиімді ұйымдастыру »

Қазақ тіліКөктем. Қазақ тілі 4- сынып

ХимияОттек аллотропиясы.Озон және озон қабатының маңызы.Заттардың жануы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152371

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар