Қазақ тілі пәнінен емтихан билеттері (орыс сыныбына)

13 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

7-сынып (орыс бөлімі)

№1.

1.Қазақ тіл білімінің салалары.Тіл білімін

зерттейтін тақырыптар.

2. Фонетика нені зерттейді?

3. «Болашақ» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

№2.

1.Буын.Буынның түрлері.

2.Қолдану аясы шектеулі сөздер.

3.Сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

Болашақ бүгіннен басталады.

№3.

1.Орфография және орфоэпия дегеніміз не?

2.Үндестік заңы және оның түрлері.

3.Мына сөздерді буынға бөліп, түрлеріне ажырат.

Балдырған, бірлестік.

№4.

1.Сөз мағыналары.

2.Морфология нені зерттейді?

3.Сөйлемге морфологиялық талдау жаса.

Біз ертеңнен бастап шөп шабуға барамыз.

№5.

1.Қосымшаның түрлері.

2.Антоним дегеніміз не?

3. «Құрылысшы» сөзін жіктеп жаз.

№6.

1.Жұрнақтың түрін айт.

2.Диалект сөз дегеніміз не?

3. «Үй» сөзін септеп жаз

№7.

1.Етістік.Етістіктің жасалу жолдары.

2.Тәуелдік жалғауы.

3. Мына сөздерге фонетикалық талдау жаса:

үздік, оқушы.

№8.

1.Кірме және табу сөздер.

2.Синоним дегеніміз не?

3.Септіктердің атауын айтып шық.

№9.

1.Сын есім.Сын есімнің жасалу жолдары.

2.Қанатты сөздер.

3. «Күз» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

№10

1.Сан есім. Сан есімнің мағыналық түрлері.

2.Омоним дегеніміз не?

3.Сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

Ауыл сыртынан гүрілдеген дыбыс естілді.

№11.

Етістіктің шақтары.

2.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

3.«Даналық, батыр» сөздеріне дыбыстық талдау жаса.

№12.

1.Етістіктің райлары…

2.Етістіктің болымсыз түрі.

3. «Қазақстан» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

№13.

1.Есімше.Есімшенің шақтары.

2.Етістіктің райлары.

3. «Оқушы» сөзін септеп жаз.

№14.

1.Көсемше.Көсемшенің шақтары.

2.Есімшенің жұрнақтары.

3. «Дәрігер» сөзін жіктеп айт.

№15.

1.Тұйық етістік.

2.Шылау – көмекші сөздің бір түрі.

3. «Отан» сөзін тәуелдеп жаз.

№16.

1.Етіс. Етістің түрлері.

2.Күрделі етістік.

3. 3. «Киімдер» сөзін буынға бөліп, буын түрлерін ата.

№ 17.

1.Жалғаудың түрлері.

2.Сөз құрамы.

3. «Жылқышы» сөзін сөз құрамына талдау.

№18.

1.Синоним.Антоним.Омоним.

2.Мақал мен мәтел.

3.Үнді дауыссыздарды есіңе түсіріп жаз.

№19.

1.Есімдік.Есімдіктің мағыналы түрлері.

2.Көсемшенің жұрнақтары.

3. Сөзге морфологиялық талдау жаса: Егіншілер

№20

Етістіктің шақтары.

2.Есімшенің жұрнақтары.

3. «От» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

№21.

1.Үстеудің мағыналық түрлері.

2.Әдеби тіл және оның түрлері.

3.Берілген сөздерденжұрнақ арқылы туынды

түбір жаса:

Ой, сый, тәрбие, жүз, сықақ.

№22.

1.Септеулік шылаулар.

2.Белгісіздік есімдігі.

3.Сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

Терезеден бұлыңғыр ғана жарық түсіп тұр.

(С.Мұратбеков).

№23.

1.Жалғаулық шылаулар.

2.Сан есімнің мағыналық түрлері.

3.Сөйлемге фонетикалық талдау жаса:

Торы дөнен қос аяқтап шаба жөнелген.

(С.Мұратбеков).

№24.

1.Сапалық және қатыстық сын есім.

2.Өзгелік етіс.

3.Сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

Тоқаң селт етіп басын көтерді де, есіктен

кірер адамды көзбен тосты.

(Д.Исабеков).

№25.

1.Сын есім. Сын есімнің жасалуы…

2.Тұйық етістік.

3.Төмендегі сөздердің омонимдік қатарын тауып жаз,

түсінік бер:

Жаз, бала, асық, Бақ.

№26.

1.Тұрақты тіркестер(фразеологизм)дегеніміз не?

Мысал келтір.

2.Сан есім дегеніміз не? Есептік және реттік

сан есімге мысал келтір.

3. «Жыл» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

№27.

1.Етістік.

2.Сан есімнің құрамы.

3.Сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

Планетаның табиғаты өте қызық екен.

(Т.Сұлтанбеков ).

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068770

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru