Қазақ тілі пәнінен емтихан билеттері

13 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

№1

1.Мәтін дегеніміз не? Мәтіннің түрлерін айт.

2.Тілдің қатысына қарай дыбыс нешеге бөлінеді?

3. «Жақсы» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

№2

1.Лексика дегеніміз не?

2.Дауысты дыбыстардың түрлерін ата.

3. «Күз» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

№3

1.Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не?

2.Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата.

3.Жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығын айт. Мысал келтір.

№4.

1.Омоним сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.

2.Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

3. «Ара» сөзін септе.

№5.

1.Синоним сөздер дегеніміз не? мысал келтір.

2.Зат есім дегеніміз не?

3. «От» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

№6

1.Антоним сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.

2.Зат есім дегеніміз не?

3. «Жер» сөзін септеп айт.

№7

1.Табу дегеніміз не? Мысал келтір.

2.Етістік дегеніміз не?

3. «Дәптер» сөзін тәуелдеп айт.

№8

1.Евфемизм мен дисфемизм дегеніміз не?

2.Сын есім дегеніміз не?

3. «Дәрігер» сөзін жіктеп айт.

№9

1.Тұрақты тіркестер(фразеологизм)дегеніміз не? Мысал келтір.

2.Сан есім дегеніміз не? Есептік және реттік сан есімге мысал келтір.

3. «Жыл» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

№10

1.Көнерген сөздер дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?

2.Болымды және болымсыз етістікке мысал келтір.

3.Көптік жалғауды ата. Мысал келтір.

№11

1.Жаңа сөздер немесе неологизм дегеніміз не?

2.Қаратпа сөз дегеніміз не, арасына қандай тыныс белгі қойылады?

3. «Жылқы» сөзінен туынды сөз жаса.

№12

1.Басқа тілден енген сөздер қалай аталады?(самолет)

2.Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

3.Сөйлем мүшесіне талда. «Жаңбыр себеледі.»

№13

1.Диалект сөздер дегеніміз не?

2.Тұрлаулы мүшелерді ата?

3.Қаратпа сөзді тап. «-Оқып жүрмін, Абай ата.»

№14

1.Кәсіби сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.

2.Есептік және реттік сан есім дегеніміз не, сұрақтары қандай?

3. «Бір, алты...»Осы сөздерді реттік сан есімге айналдыр.

№15

1.Термин сөздер дегеніміз не?

2.Жай сөйлем нешеге бөлінеді, олардың айырмашылығы неде?

3. «Біз дүкенге кірдік.» Осы сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жатады?

№16

1.Фонетика дегеніміз не?

2.Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

3.Дауысты дыбыстардың түрлері қандай?

«Жел» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

№17

1.Еріннің қатысына қарай дауыстылар нешеге бөлінеді?

2.Буынның түрлерін ата.

3. «Киімдер» сөзін буынға бөліп, буын түрлерін ата.

№18

1.Жақтың қатысына қарай дауыстылар нешеге бөлінеді?

2.Үстеу дегеніміз не?

3. «оқушы сөзін септе.

№19

1.Дауыссыз дыбыстың түрлері.

2.Дауыссыз дыбыстар қалай жасалады?

3. «мекен»сөзіне дыбыстық талдау жаса.

№20

1.Буын үндестігі дегеніміз не?

2.Шылау сөздер дегеніміз не?

3.Үндестік заңына бағынбайтын сөзді тауып айт.

№21

1.Буын дегеніміз не?

2.Қандай сөздерді тасымалдауға болмайды?

3. «таңертеңгі» сөзін тасымалдап көрсет.

№22

1.Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

2.Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?

3. «теп-теуіп», көнбеді(айтылуы көмбеді) қандай ықпал?

№23

1.Орфография мен орфоэпия дегеніміз не?

1.Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының несі болып табылады?

3. «ала көз-ала гөз», «сөзсіз-сөссіз» қандай ықпалдар?

№24

1.Екпін дегеніміз не?

2.Екпіннің түрлерін ата.

3. «ғажа-а-ап»қай дыбысқа екпін түсіп тұр?

№25

1.Сөзжасам дегеніміз не?

2.Сөзжасамға мысал келтір.

3. «жылқышы»сөзін сөз құрамына талдау.

№26

1.Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

2.Жұрнақ, жалғау дегеніміз не?

3.Сөйлем құра. «жолбарыс, шекара»

№27

1.Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздерді қалай атаймыз?

2. «Дәрі-, киім- ,құрбы- »Сыңар сөзін тап.

3. «Күйшілер» сөзін құрамына талда.

№28

1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2. «Менің анам – мұғалім» Неліктен сызықша қойылған?

3.Осы сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.

№29

1.Көп мағыналы сөз дегеніміз не?

2.Ауыспалы мағынадағы «істің төркіні, мәселенің төркіні, сөздің төркіні»сөздерінің бастапқы мағынасын тап.

3. «Бұлақтың көзін ашу-игі іс» Қай сөз ауыспалы мағынада?

№30

1.Мақал мен мәтелдің айырмасын айт.

2.Өзің білетін мақал айт.

3.Бірыңғай мүшелерге мысал келтір, олардың белгісі қандай тыныс белгі болып табылады?

Емтихан билеттері

6-сынып

№1.

1.Сөз тұлғасы.Түбір мен қосымша.

2.Дефис арқылы жазылатын шылаулар.

3.Мақалдарды аяқтап, ауыспалы мағынада қолданылған сөздерді анықта, тура мағынасына мысал келтір.

А)Кітап – білім….

ә)Ат – адамның….

б) Ел іші – алтын….

в)Балалы үй –….

№2.

1.Дара сөздер мен күрделі сөздер.

2.Ма, ме, па, пе ба, бе шылауларының емлесі.

3.Төмендегі сөздерге омонимдес сөздер тауып,

сөйлем құра:

Жүз, жастық, өкпе, қас.

№3.

1.Біріккен сөздер.

2.Және, мен, пен, бен шылауларының емлесі.

3.Сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

Абай Әйгерімді осыдан үш Ай бұрын ұзатып әкелген еді.

(М.Әуезов)

№4.

1.Қос сөздер, түрлері.

2.Көмекші етістіктер.

3.Сөйлемге фонетикалық талдау жаса:

Бала ояна қоймады.

(Ш.Мұртаза).

№5.

1.Қысқарған сөздер.

2.Негізгі және туынды еліктеу сөздер.

3.Төменде берілген сөздерді көп мағыналы

ретінде келтіріп, сөз тіркесін құра:

Көз, аяқ, бас, бет.

№6.

1.Тіркесті сөздер.

2.Ортақ етіс.

3.Сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

Қыз шананың арт жағынан кеп тізерлей отырды.

(С.Мұратбеков).

№7.

1Атауыш, көмекші және одағай сөздер.

2.Ырықсыз етіс.

3.Синоним сөздерді топтап жаз.

Алыс.Сүйкімді.Сұлу. Тартымды. Өңді. Алшақ.

Келбетті. Жаман.Кең. Ұстамды.Нашар. Әдепті.Аңғар.

Тәрбиелі.Үлкен.Көрегенді.Байқа.

№8.

1.Зат есім, жасалуы.Деректі және дерексіз зат есімдер.

2.Үстеудің емлесі.

3.Сөйлемге фонетикалық талдау жаса:

Әлдекім Ахмет шалды сыртынан көрсетіпті.

М.Мағауин.

№9.

1.Сын есім. Сын есімнің жасалуы…

2.Тұйық етістіктің емлесі.

3.Төмендегі сөздердің омонимдік қатарын тауып жаз,

түсінік бер:

Жаз, бала, асық, Бақ.

№10.

1.Сапалық және қатыстық сын есім…

2.Өзгелік етіс…

3.Сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

Тоқаң селт етіп басын көтерді де, есіктен

кірер адамды көзбен тосты.

(Д.Исабеков).

№11.

1.Сан есім.Дара және күрделі сан есімдер.

2.Үстеудің емлесі.

Сөйлемге фонетикалық талдау жаса:

Қонақ бала қанша асығы барын білмейді.

(М.Мағауин).

№12.

1.Есімдік.Есімдіктің мағыналық түрлері.

2.Өздік етіс.

3.Омоним, синоним, антоним сөздерді топқа бөліп жаз:

Туыс.Алыс.Дәу.Бет.Ет.Ат.Қой.Дерт.Ағайын.Кесел.

Зәру.Кең.Тума.Келбет.Суық.Тар.Қараңғы.Ұзын.Ай.Жарық.

Ыстық.Жылы.Қысқа.Үй. Күн.Ауыр.Кәрі.Тұщы.Жас.Қалың.

Жұқа.Сал.Көр.Жамағат.Қат.Ащы.Мал.Көрме.

№13.

1.Етістік.

2.Сан есімнің емлесі.

3.Сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

Планетаның табиғаты өте қызық екен…

(Т.Сұлтанбеков ).

№14.

1.Дара етістік пен күрделі етістік.

2.Біріккен сөздердің емлесі.

3. Өлең жолдарына фонетикалық талдау жаса:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

(Абай)

№15.

1.Болымды және болымсыз етістіктер.

2.Тіл мәдениеті.

3.Берілген мақал-мәтелдерді аяқтап, антоним сөздерді тап.

а)Көп сөз – көмір,……….

ә) Ер жігіт ел үшін туады,……….

б) Ер бір рет өледі,……….

№16.

1.Сабақты етістік пен салт етістік.

2.Есімдіктердің емлесі.

3.Асты сызылған сөздерге мағынасы

қарама-қарсы сөздерді тауып жаз:

Ұзақ жол, биік ағаш,қалың кітап, жас адам.

№17.

1.Есімше.Есімшенің жасалуы мен түрлері.

2.Одағай сөздер. Одағайдың түрлері.

3.Сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

Мен бұл елге егін жинау үстінде келіп едім.

(Ғ.Мүсірепов).

№18

1.Көсемше. Көсемшенің жасалуы мен түрлері.

2.Көмекші есімдер.

3.Сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін?!

(Б.Соқпақбаев).

№19.

1.Тұйық етістік.

2.Болжалдық сан есім.

3.Берілген сөзді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп,

мағынасын түсіндір:

Қоңыр (сиыр, жіп, дауыс, күз, жел, аю)

№20.

1.Үстеу.Үстеудің құрамдық түрлері.

2.Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті.

3.Сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

Өмірде, осы тәрізді әділетсіздіктер толып жатыр.

(Б.Соқпақпаев).

№21.

1.Үстеудің мағыналық түрлері.

2.Әдеби тіл және оның түрлері.

3.Берілген сөздерден жұрнақ арқылы туынды

түбір жаса:

Ой, сый, тәрбие, жүз, сықақ.

№22.

1.Еліктеу сөз.Еліктеу сөздің түрлері.

2.Болымсыздық есімдігі.

3. Сөздерге фонетикалық талдау жаса:

Сейсенбай, егеуқұйрық, сөзшең.

№23.

1.Септеулік шылаулар.

2.Белгісіздік есімдігі.

3.Сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

Терезеден бұлыңғыр ғана жарық түсіп тұр.

(С.Мұратбеков).

№24.

1.Жалғаулық шылаулар.

2.Қайталама қос сөздер.

3.Сөйлемге фонетикалық талдау жаса:

Торы дөнен қос аяқтап шаба жөнелген.

(С.Мұратбеков).

№25.

1.Демеулік шылаулар.

2.Қосарлама қос сөздер.

3.Сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

Еламанның үсік шалған беттері қап-қара,

еріндері тілініп кеткен.

(Ә, Нұршайықов).

№26.

1.Тұрақты тіркестер(фразеологизм)дегеніміз не?

Мысал келтір.

2.Сан есім дегеніміз не? Есептік және реттік

сан есімге мысал келтір.

3. «Жыл» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

№27.

1.Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не?

2.Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата.

3.Жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығын айт.

Мысал келтір.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141081

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар