Еріндік, езулік дауысты дыбыстар. 5 сынып

Алматы облысы, Алакөл ауданы,

Үшбұлақ ауылы, Безродных атындағы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баяхметова Курманкул Батышбайқызы

Мерзімі: ________ 2014ж.Пәні: қазақ тіліСыныбы:

Сабақтың

тақырыбы

Еріндік, езулік дауысты дыбыстар

Сілтеме

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, ғаламтор мағлұматтары,

5-сыныпқа арналаған оқулық.

Оқыту мақсаты

1. Оқушыларға дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру, фонетика саласы туралы лингвистикалық білім беру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

2. Оқушылардың ойлау әрекеттерін дамыта отырып, ой-пікірлерін толық жеткізе білуге дағдыландыру, материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.

3.Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Оқу мақсаты

1.Дауысты дыбыстардың түрлері туралы толық ақпарат алады.

2.Ментальды карта арқылы дауысты дыбыстарды анықтайды.

Оқу нәтижелері

Дыбыстар жайлы түсінік алады.

Талдап, салыстыру арқылы жұмыс жасайды;

Деңгейлік тапсырмалар арқылы өз білімдерін бағалай алады.

Негізгі дерек көздер мен құралдар

АКТ, постер мен маркер, стикерлер.

Сабақтың

әдіс-тәсілдері

Блум таксономиясы, топтастыру, АКТ, интерактивті тақта, тірек-сызбалар.

Оқыту модулі

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Кіріспе

3мин

Топқа бөлу

Амандасу, ынтымақтастық атмосферасын құру. Суретті таңдау арқылы топқа бөлу.

Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Білу. Үй тапсырма

сын сұрау.

7мин.

Сыни тұрғыдан ойлау

«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

Әр топтан 1 оқушы «Ыстық орындыққа» отырып, 10 сұраққа жауап береді.

Үй тапсыр

масын бағалау

Оқыту үшін бағалау

Топтар бір-бірін бағалау парағы арқылы бағалайды

Жаңа тақырып

қа дайын

дық

АКТ

Фонетикалық талдау жасау арқылы бұрынғы білімдерін

еске түсіру.

Ару және әже сөздеріне шағын фонетикалық талдау жасау арқылы бұрынғы білімдерін еске түсіру.

Мақсатты қою кезеңі

Сыни тұрғыдан ойлау

Бүгінгі тақырыпты үйрену үшін біз алдымызға қандай мақсат қоюымыз керек деп ойлайсыңдар?

Балалар бүгінгі тақырыптың атын болжап, сабақтың мақсатын қоюға талпыныс жасайды.

Түсіну

Жаңа тақырып

10мин

Топпен жұмыс.

Диалог арқылы оқыту.

Сыни тұрғыдан ойлау.

Дарынды балалар

ды бақылау

Постермен жұмыс.

«Ә дауысты» тобы.

Езулік дауыстылар туралы түсіндіреді.

Мысал келтіреді.

«О дауысты» тобы.

Еріндік дауыстылар туралы түсіндіреді.

Мысал келтіреді.

Сергіту сәті 1,5мин

Видео көрсетілім

Қолдану

Бекіту

10мин

Жұппен жұмыс.

Дарынды балаларды

бақылау.

Оқулықпен жұмыс

247-жаттығу

Өтірік өлеңдегі еріндік дауыстары бар сөздерді бір бөлек, езулік дауысты

лары бар сөздерді бір бөлек, аралас келген сөздерді бір бөлек жазып шығу.

Жаңа та

қырыпты бағалау

1мин

Оқыту үшін бағалау

Бекіту

Оқушылар тақтадағы кестені толтырады

Бағалау

2мин

Оқыту үшін және оқуды бағалау

Бағаны өзін-өзі бағалаудан алған нәтижелерімен салыстырып, баға қояды.

Рефлексия

5 мин

Кері байланыс

Өз ойларын айтады.

Смайликтер арқылы сабақты бағалайды

Үйге тапсырма

2мин

    1.Езулік, еріндік дауыстыларды жаттау.

    2.250 -жаттығу

Үй жұмысын белгілеп алады

Қорытынды.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119769

Пікірлер (1)
Айгуль Турганова # 20 қаңтар 2016 в 21:09 0
Фонетика саласы бойынша 5-сыныпқа бағалаудың қандай түрлерін қолданасыз? Сізге шығармашылық табыс тілеймін. сабағыңызға рахмет

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар