Есімдіктерден өткенді қайталау

20 қаңтар 2015 - Жаңыл Қожамбердиева

Қазақ тілі 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктерден өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты. а) Білімділік: Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту. ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу; топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету; сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: жинақтау, талдау, сын тұрғысынан ойлау, сатылай кешенді талдау, т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математикаорыс тілі, ағылшыннеміс тілі, биология.

Сабақтың көрнекілігі. Есімдіктің жасалу жолына арналған кестелер, ашық формалы тест, сөзжұмбақ, бейнефильм, компьютер, бағалау парақшалары, т.б.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу, ә) түгелдеу; б) сыныпты сабаққа даярлау,үш топқа бөлу.(Үш түрлі текшені таңдату арқылы)

(Топ жетекшілеріне бағалау парақтарын таратамын)

2. Үй тапсырмасын тексеру

а) Қызығушылығын ояту

Логикалық ойын «Ғажайып алаң»

Төмендегі ұяшықтардағы жасырын сөзді табайық.Бұл сөз тіл білімінің бір саласына жатады.Өзі жеті топқа бөлінеді.Қане әр топ бір әріпті ойласын, егер сол әріп бұл сөздің ішінде болса сол әріп ашылады.Сөздегі әріптің біразы табылғаннан кейін жылдам топ толық сөзді атауы мүмкін, сол топ жеңіске жетеді.

Е

Д

І

С

М

К

1

Жаңа сабақ.

а) Сөзжұмбақ «Есімдік»

1.Жіктеу есімдігі
2.Сілтеу есімдігі (көптеліп тұр)

3.Сұрау есімдігі (септеліп тұр)

4.Өздік есімдігі (І жақ, көпше түрі, тәуелденіп тұр)

5.Белгісіздік есімдігі

6. Жалпылау есімдігі

7. Болымсыздық есімдігі

(ережесін бірден сұрап отырамын)

ә) Сатылай кешенді талдау.

Бұл баяғыда болған хикая.

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды.

Бүкіл әлем тілегі- бейбітшілік

Бұл Ешкім Бүкіл

негізгі негізгі негізгі

дара күрделі дара

есімдік есімдік есімдік

сілтеу болымсыздық жалпылау

сұрағы: қай сұрағы: кім сұрағы: қай

анықтауыш бастауыш анықтауыш

б) Мәтінмен жұмыс.

Диқан мен жер

Мәтіндегі есімдіктерді мағынасына, сұрағына, тұлғасына қарай жазбаша талдатамын.

в) Полиглот (асты сызылған сөздерді орыс, ағылшын, тілдеріне аудару керек)

І топ Адамның кейбір кездері

Көңілде алаң басылса, Тәңірінің берген өнері

Көк бұлттан ашылса.

ІІ топ Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан. ІІІ топ

.Өлеңге әркімнің — ақ бар таласы,

Сонда да с

олардың бар таңдамасы.

(Абай өлеңдерін толықтырып айтуларына болады.)

Бекіту

а) Көру диктанты. (Жатқа жазып, есімдіктерді талдау)

Басқа жұрт балалары оқу қуған,

Біліммен өз жұртының бетін жуған.

Ішіп-жеп жүрсе егер жайған малдай

Адамзат жер жүзіне не үшін туған?!

ә) Тест (компьютер арқылы көрсетіледі) Ашық формалы тест. Нұсқау: толықтырыңдар

1.Үлкенді сен сыйласаң, 2.Жаманның… (өзі) бола алмайды, 3.Балапан ұяда… (не) көрсе,

Кіші … (сені) сыйлайды.Болғанды көре алмайды. Ұшқанда соны іледі.

4.Не ексең,… (соны) орасың. 5.Біреу тойып секіреді,

(Біреу) тоңып секіреді.

Қорытынды

ә) Кластер немесе топтастыру әдісі

Сонымен, есімдік жайлы білдік?

Есімдік

б) Бағалау (бағалау парақшаларын жинап аламын)

Үйге тапсырма

І топ ІІ топ ІІІ топ

Ой толғау Сыр толғау Жыр толғау

«Болашақ Қазақ елі» «Мен елімді сүйемін» «Ұрпағы ардақ тұтып, бас иеді рухына»

(Шағын шығарма,өлең, ой толғау жазу. Есімдіктерді тауып, талдап келу).

в) Менің алған әсерім.

(Сабақтан алған әсерлерін оқушылар алдарындағы парақшаларға түсіреді.Соңынан жинап аламын)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қожамбердиева Жаңыл Каденқызы

«Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі МДШО» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Қожамбердиева

19.12.2014

8-сынып. Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы

Жамбыл Жабаев «Жаныс ақынға»

Жалпы мақсаттары

Жамбыл шығармашылығын терең зерттеп оқу.

Жамбыл менің өз атым,

Халқым менің шын атым! -деп жырлап өткен ұлы жырау шығармашылығы туралы оқығандарын ортаға салып талдауға үйрету.Оқушылардың Жамбыл өмірі мен поэзиясы туралы ұғымын кеңейту.Ақындық өнерге қызығушылығын ояту.

Сілтеме

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.

2.Электронды оқулық;

3.8-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті оқулығы.

Оқу нәтижесі

Жамбыл шығармашылығын терең білу.Өз ойларын көркем жеткізіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.

Негізгі идеялар

Оқушылардың жас және психо-физиологиялық ерекшеліктеріне сай білім беру.

Сабақта қолданылатын материалдар

электронды оқулық;

Тірек сызба;

Слайдтар;

Оқулық

Оқыту әдістері

Интерактивті оқыту әдістері

1.жеке жұмыс;

2.жұптық жұмыс;

3.Сыныппен жұмыс;

4.Топтық жұмыс.

Қолданылатын модульдер

1.СТО

2.АКТ

3.Оқыту және оқытуды бағалау

4.Дарынды балаларды анықтау

Дерек көздері

1.Әдебиет оқулығы.

2.Ғаламтор материалдары

Тапсырмалар

Кестемен жұмыс, мәтін бойынша жұмыс, семантикалық картамен жұмыс.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 минут).

-Шаттық шеңбері арқылы бір –біріне тілек айту

-оқу құралдарының әзірлігін байқау;

-сыныпты үш топқа бөлу.(ұлттық аспаптар атауы арқылы; домбыра,қобыз, сырнай) Топ басшысын сайлау.Бағалау парағын тарату.

Ой қозғау Ассоцация І Білу.Үй жұмысын пысықтау.

І топ

1.Шәкәрім кім?

2.Шәкәрімнің қандай шығармаларын білесіңдер?

ІІ топ

1.«Қалқаман Мамыр» поэмасының кейіпкерлерін ата.

2.Қалқаман мен Мамырдың аталары кім?

ІІІ топ

1.Көкенай кім? Онымен неге Әнет баба санасады?

2.Қалқаман неге елінде қалмай, Бұхар жаққа кетті?

Жаңа тақырып (25-30 минут).

ІІ Түсіну: Ассосация құру.Өз білімін сынау

Жамбыл кім?

(Ж.Жабаев туралы мәтінді оқып келуге тапсырма берілген)

ІІІ Қолдану:

    1-топ Ж.Жабаевтың өміріне сатылай кешенді талдау жасау.

    2-топ Ж.Жабаев шығармашылығы туралы деректер жинау. Семантикалық карта толтыру.

    3-топ «Жаныс ақынға» өлеңін мәнерлеп оқу,өлең құрылысына талдау

Сатылай кешенді талдау.

Жамбыл Жабаев

1.Өмірі:

2.Туған жері:

3.Ұстазы:

4.Айтысқан ақындары:

5.Өлеңдері:

6.Дастандары:

7.Ақындық атағы:

Семантикалық карта толтыру:

Не үшін атын Жамбыл деп қойды, балалық шағы

Жамбылдың ұстазы кім және ол туралы мәлімет

Жамбыл жырлаған дастандар

Ақын қандай көтерілістердің куәгері болды?

«Жетісудың жүйрік ақыны» атануы

Өлең құрылысына талдау

1.Буын

2.Бунақ

3.Тармақ

4.Шумақ

5.Ұйқас

ІV Талдау «Мен саған- сен маған»

І топтың сұрақтары

1.Өлеңнің авторы

2.Өлеңнің тақырыбы

3.Жанр түрі

ІІ топтың сұрақтары

1.Өлеңнің негізгі идеясы

2.Өлеңде неше шумақ бар?

3.Өлеңде неше тармақ бар?

ІІІ топтың сұрақтары

1.Өлеңдегі бунақ саны қанша?

2.Өлеңдегі эпитетті тап

3.Теңеудің мысалын келтір.

V Жинақтау: Рефлексия

Не білемін?

Нені білдім?

Нені білгім келеді?

VI Бағалау Топ мүшелері критерий арқылы бірін-бірі бағалайды.

1.Топ мүшелерінің белсенділігі -5 ұпай

2.Өз ойын нақты жеткізе алуы -5 ұпай

3.Сөйлеу мәдениеті — 5 ұпай

4.Мағынаны тани алуы -5 ұпай

5.Тәртібі -5 ұпай

Топ басшысының өз тобындағы топ мүшелерін бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Оқу құралдары

Үй тапсырмасын орындауы

Жаңа сабаққа қатысуы

Қосымша тапсырма орындауы

Қорытынды

1

2

3

4

5

6

7

8

Әр топ бір-бірін осы критерий арқылы екі жұлдыз, бір тілектерін айтады, бағалайды.

Үйге тапсырма:

1.Ж.Жабаев туралы деректер жинау

2.Өлеңді жаттау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152305

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар