Етістіктің райларын қайталау

5 ақпан 2014 - ӘСЕЛ
Етістіктің райларын қайталау

                  Сынып: 7 «В»        Пән: қазақ тілі             Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: оқушылардың етістіктің рай категориясы туралы алған білімдерін бекіту, тұжырымдау. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру:

ә)дамытушылық: ойлау,қабылдау қабілеттерін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін дамыту;

б)тәрбиелік: орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке, адамгершілікке баулу. Пәнге қызығушылығын арттыру, бір-бірін тыңдай білуге, бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  білімді тиянақтау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест сұрақтары, деңгейлік тапсырмалар, сатылай кешенді талдау.

Көрнекілігі: үлестірме қағаздар, сызба, тест сұрақтары

     Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу    ә) оқушыларды түгендеу    б) тәртіп, тазалық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Қалау райы туралы түсінік

ІІІ. Жаңа сабақ

«Ой қозғау»   1. Сұрақтар

1.Етістік дегеніміз не?

2.Етістіктің түрленуі туралы түсінік

3.Етістіктің райларын ата

4.Жасалу жолын түсіндір. Мысалдар  келтір

2. Тест сұрақтары

Оқушыларға әр түрлі нұсқаға құрылған тест тапсырмаларын беремін. Оқушылар орындап болған соң бір-бірінің жұмыстарын тексереді.

3. Оқулықпен жұмыс

162-жаттығу. Ашық райлы етістіктің жасалу жолын көрсету.

Үлгі: болатын-бол-түбір, атын-есімше жұрнағы, көрінеді-көр-түбірі,ін-ырықсыз етіс жұрнағы,ІІ жақ жіктік жалғауы, бұйрық рай. Бекінген-бекін-түбір, ген-есімше жұрнағы, пайдаланды-дайдалан-түбірі, ды-ІІІ жақ жіктік жалғауы

163-жаттығу. 1- қатар ашық райлы етістікті жазу,2-қатар бұйрық райлы етістікті,3-қатар қалау райлы етістікті жазу.

164-жаттығу. Етістіктерді көшіріп жазу. Рай түрін табу. Сатылай кешенді талдау жасау

                       Көрсем

1.      Бұл сөз екі құрамнан тұр. Көр-сем

2.      Тұлғасына қарай- туынды етістік

3.      Құрамына қарай- дара етістік

4.      Лексика-грамматикалық мағынасы

Сөзде 1 лексикалық мағына,2грамматикалық мағына бар.

     4.1.Лексикалық мағынасы қимыл-қозғалысқа берілген атау.

    4.2. се-шартты рай жұрнағы

   4.3. м- І жақ жалғауы

   5. Сұрауы- не істесем? Етістік қызметін атқарып тұр.

  6.Мағынасына қарай –сабақты етістік, алдыңғы сөзі табыс септігін қажет етіп тұр.

  7. Болымды етістік, себебі,іс-әрекеттің болу шартын білдіріп тұр.

  8. Шартты райлы етістік, себебі,іс-әрекеттің болу шартын білдіріп тұр.

Деуші  едім-көмекші етістік, себебі,үшінші саладағы етістік.

 IV. Сабақты бекіту.

Берілген етісіктерді ауызша сатылай кешенді талдау жүргізу.

V. Бағалау. Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалау

 

VI. Үйге тапсырма. Етістіктің райларын қайталау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119684

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар