Етістіктің шақтарынан өткенді қайталау

4 наурыз 2015 - Кенжегул Бекбаева

Алматы облысы Алакөл ауданы

Үшбұлақ ауылы Безродных атындағы

орта мектебі мектеп жасына дейінгі

шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бекбаева Кенжегуль Жумагазыкызы

.

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарынан өткенді қайталау
Білімділік мақсаты: Етістіктің шақтарынан алған білімдерін жинақтау, тиянақтау.
Дамытушылық мақсаты: Өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың әдісі: Сұрақ — жауап, салыстыру, топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар, слайдтар
Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Өйткені етістіктің шақтарынан өткенді қайталап тақырып бойынша алған білімдерімізді көрсетеміз. Біліміңді байқап көр

Сабағымызды бастамас бұрын ортаға шеңбер құрып, бір — бірімізге ізгі тілектер мен сәттілік тілесек.

<img width="«481»" height="«302»" src="«file:///C:/Users/7272~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image004.jpg»" alt="«IMG_20150122_210718.JPG»" v:shapes="«Рисунок_x0020_2»">

Сыныпты 3 топқа бөлемін.

1- топ «Осы шақ»

2- топ «Келер шақ»

3- топ "Өткен шақ"

Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.

1. Таныстыру

2.«Мықты болсаң, тауып көр»

3." Ойлы болсаң, озып көр"

4. «Сөз ойла, тез ойла»

Сайыстың 1- тапсырмасы, ол таныстыру.

Әр топ «Осы шақ», «Өткен шақ», «Келер шақ» тақырыптарында жоба қорғайды.
ІІ кезең «Мықты болсаң тауып көр» кезеңі
Тапсырма Елбасының «Қазақстан — 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауынан үзінділер беріп, етістік шақтарын табу.
1 — топқа осы шақтағы етістігі бар сөйлемдер

Біз бүгін тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз. Қазақстан 21 — ғасырдың басында тәуелсіз, әрі өзіне сенімді болып отыр. Біз өз жетістіктеріміз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз. Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Адамзат үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз. Әлемде не болып жатқанын біздің бәріміз көріп отырмыз.

2 — топқа өткен шақтағы етістігі бар сөйлемдер

Дәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын қабылдадық. Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін. Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан рәсімдедік. Елдің жаңа елордасы — Астананы салдық. Халықаралық қауымдастық қазақстанды ЭКСПО — 2017 халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді. Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған. «Қазақстан — 2030» стратегиясы біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын.

3 — топқа келер шақтағы сөйлемдер

Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты – өлшем болды, әрі солай бола бермек. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде болашақта жетеміз.


3 — кезең. " Ойлы болсаң, озып көр"

Берілген етістіктерді жекеше. көпше жіктеу
І топ.

Алып келді
Келе жатыр
ІІ топ

Оқытты
Күледі
ІІІ топ

Жылайды
Тыңдайсың

4 — кезең. «Сөз ойла, тез ойла»

Венн диаграммасы
1 — топ Осы шақ пен келер шақты
2 — топ Келер шақ пен өткен шақты
3 — топ Ауыспалы осы шақ, ауыспалы келер шақ, ауыспалы өткен шақты салыстыру

Ой — толғаныс Қазақстан: бүгін, кеше, ертең

Үйге тапсырма Етістіктің шақтарын қайталау

Ой — толғауды толықтыру
Бағалау

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы:Сын есімнен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың білімділік мақсаты: Сын есімнен алған білімдерін тексеру, білім деңгейін көтеру тереңдету

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс, Сайыс сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың тәсілдері: Топпен жұмыс, сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгендеу

Сабақты бастауға әзірлеу

2.Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақты меңгерту кезеңі:

Сабақтың тақырыбы, өтілу формасы туралы хабарлау.

Балалар, бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сайысты бастамас бұрын мен сендерді 3 топқа бөлемін.

1-топ: Негізгі сын есім

2-топ- Туынды сын есім

3- топ: Күрделі сын есім

Ал енді бүгінгі сайыс сабағымыз 4 кезеңнен тұрады:

1.«Үй тапсырмасы»

2.«Кімжүйрік?»

3.«Тапқыр достар»

4. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

1-Үй тапсырмасы


1.«Кімжүйрік?» Сын есім

Бұл сайыстың шартыбойынша

Әр топқа 5 мақалдан бірінші

Жолыоқылады, екіншіжолын

Табуларынкерек! Мақалдан сын

Есімдердітауып, қандай сынесім

Екенін ажыратыңдар!

Негізгі сын есім тобына

1.Өтірік сөз… (өрге баспас)

2. Мақтаншақ адам бар ақылын ....(мақтанумен тауысар)

3. Өнерлі жігітөрге озар,..............(өнерсіз жігіт жер соғар)

4.Ақылды қария… (ағып жатқан дария)

5.Талаптыерге .....(нұр жауар)

Туынды сын есімтобына

1.Аңдамай сөйлеген ......(ауырмайөледі)

2.(Айлалы)… Батыр алдырмас

3.Көз қорқақ .......(қол батыр)

4.Жылы киім тәнді жылытар,

......................(жылы сөз жанды жылытар)

5.Жағымпаз адам...............(жасқаншақ)

Күрделі сын есім тобына

1.Ақылды адамелгеқарайды (Ақылсыз адам өрге қарайды)

2.Білекті адам бірді жығады (білімді мынды жығады)

3.Тентекбаланы… (тексүзер)

4. Жақсы балақонаққа үйір

..................(Жақсы тай жылқыға үйір)

5. Ақылды кісіісінесенеді,

..................(ақылсыз кісі күшіне сенеді)

3. Тапқырдостар

Бұл сайыстың шартыбойынша, сіздерұяшықта жасырылған сұрақтарға

жауапбересіздер

·Сынесімдегенімізне?

·Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

·Сын есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

·Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтарды ата

·Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтарды ата.

·Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

·Іс-қимыл, мезгіл-мекенге байланысты сын есімді ата

·Басқа сөз табынан жасалатын сын есімнің мағыналық түрі қалай аталады?

4.«Сөз тапқанға қолқа жоқ» бұл сайыстың шарты бойынша әр топ берілген сұраққа берілген әріптермен жауап беруі тиіс

Негізгі сын есім тобына

·Қайда оқисыз?

·Бүгінгі сабаққа дайынсыз ба?

·Еркесіз бе?

·Достарыңыз көп пе?

·Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

Туынды сын есім тобына

·Көңіл–күйіңіз қалай?

·Қай қалада тұрасыз?

·Мақтанасыз ба?

·Досыңыздың аты?

·Сабаққа келгенге асығасыз ба?

Күрделі сын есім тобына

·Асхананыңсәніне?

·Сүйіп оқитын кітабыңыз?

·Ата-анаңызға көмектесесіз бе?

·Тәттіні жақсы көресіз бе?

·Өскенде кім болсам деп армандайсыз?

Сабақтың қорытындысы:

Жеңімпаз топты марапаттау, Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру.

.

.

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Сан есім түрлері. Есептік сан есім.

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың білімділік мақсаты:Сан есім тақырыбы бойынша алған білімдерін жетілдіру, сан есімнің мағыналық түрлерімен таныстыру, есептік сан есімді оқыту. Оны практикалық жаттығулар арқылы бекіту.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:Оқушылардың өз бетімен іздену қабілетін дамыту, еркін сөйлеуге баулу, өз ойларын дәл, нақты айтып-жеткізуге дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелілік мақсаты:Оқушыны дұрыс, сауатты, мәдениетті сөйлеу әдебіне үйрету.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту сабағы

Сабақтың әдістері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, тапсырма орындау, тақтамен жұмыс. Өзіндік жұмыс, оқулықпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,оқулық, тақта, үлестірме қағаздар, сөзжұмбақтар.

Сабақтың барысы

    I.Ұйымдастыру кезеңі.

    Сыныппен амандасу.

    Оқушыларды түгендеу.

    Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

    Психологиялық дайындық.

    II.Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген жаттығуларды қарап шығу, ауызша оқыту. Ереже сұрау.

    Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:

    1.Сан есім дегеніміз не?

    2.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

    3.Дара сан есім дегеніміз не?

    4.Күрделі сан есім дегеніміз не?

Сөзжұмбақ «Сан есім»

Сөзжұмбақ сұрақтары:

    1.… Саусақ бірдей емес (мақал – мәтел)

    2.Дара сан есімді ата.

    3.Сан есімнің сұрағын атаңыз.

    4.Әлемнің қанша кереметін білесіз?

    5.Реттік мағынаны білдіретін сан есімді ата.

    6.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

7… кісінің түсін білгенше, бір кісінің атын біл. (мақал – мәтел)


7.

Семантикалық картамен жұмыс

Мысалдары

Дара сан есім

Күрделі сан есім

1

Оныншы

2

Мыннан бір

3

Бес-бестен

4

Отыз

5

Үш жүз

6

2 бүтін оннан бір

7

Қырық

8

Мын

9

1 миллон

10

Үш

III.Жаңа білімді меңгерту кезеңі.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, өтілу формасы туралы хабарлау.

Сан есімнің түрлері

Сан есім мағынасына қарай алты түрге бөлінеді: есептік сан есім, реттік сан есім, болжалдық сан есім, топтау сан есім, жинақтық сан есім, бөлшектік сан есім.

1.Есептік сан есім

Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? Неше? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бес, он, екі жүз, жиырма сегіз, тоғыз жүз бір т.б. Есептік сан есімдер дара да, күрделі де болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.

IV.Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

    1.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

    2.Есептік сан есім дегеніміз не?

V. Сабақтың қорытындысы.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру: 163 жаттығу.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084828

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар