Жалқы есім және жалпы есім

31 қаңтар 2014 - Админ
Жалқы есім және жалпы есім

 

                                        Қазақ тілі   2 сынып

 

Сабақтың тақырыбы:     Жалқы есім және жалпы есім

Мақсаты:   а) Оқушылардың зат есім жайлы алған білімдерін кеңейте           

                        отырып, жалқы есім және жалпы есім туралы түсінік беру.

                     

                      ә)Оқушылардың ой өрісін дамыту, түрлі тапсырмалар орындау                           

                         барысында танымдық, іскерлік, есте сақтау,ізденімпаздық

                        қабілеттерін дамыту.

                    

                      б)Оқу және жазу арқылыоқушыларды шығармашылыққа баулу,

                         ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:  жаңа білім

Сабақтың әдісі: интербелсенді тақта.сұрақ-жауап, түсіндіру, СТО әдіс-        ,                               тері, көрнекілік, талдау.                         

Сабақтың көрнекілігі:  кестелер, суреттер..

Пәнаралық байланыс  :әдебиеттік оқу, дүниетану.

 

                                         Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

  1.1 Оқушылар назарын сабаққа аудару.

       Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы тұр. Себебі, сабақ күндегідей емес, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, келген қонақтарға өз білімімізді, тәртібімізді көрсете білейік.

1.2 Тренинг «Тілек шоғы»

    Ендеше сабағымызды « Тілек шоғы»  деп аталатын тренинг семинарға келген қонақтарға арналмақ.

              

                -   Сіздерге денсаулық

               -Шығармашылық табыс

               -Отбасылық бірлік

               -Адами қарапайымдылық

               -Үлкен парасаттылық тілейміз!

 

Ал мен балалар сендерге сабақтарыңа сәттілік тілеймін! Әр ісімізге мұқият болайық.

 

II. Қызығушылықты ояту

  2.1 Миға шабуыл( жедел сұрақ)

Олай болса, балалар миға шабуыл жасап өткенге көз жүгіртейік.

— Сөз таптары деген не?( оқушы жауабы)

Интербелсенді тақтадан сызба көрсету.

 

                                      Сөз табы

 
  

 

 

 

 

      Зат есім                                                   Етістік

                          Сын есім           Сан есім

 

-Зат есім деген не?( оқушы жауабы)

-Бізді қоршаған нәрселердің барлығын не деп атаймыз?( оқушы жауабы)

-Бізді қоршаған заттар қандай күйде кездеседі?

 Деректі заттар, дерексіз заттар

-Деректі заттар деген не?-көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар.

Дұрыс айтасыңдар балалар, айналамыздағы барлық көзбен көрінетін заттар деректі заттар екен.Олар мұғалім, оқушы, кітап, гүл, парта, мектеп.

-Дерексіз заттар деген не?-Олар елеусіз көзге көрінбейтін, қолға ұстауға болмайтын затттар.

Олар қандай заттар екен?-жел, ауа, ақыл, ой, арман, қиял, сезім, тілек, ән, жыр.

Сонымен, балалар зат есім дегеніміз заттың атын, құбылысты білдіретін сөздер екен.

Ендеше мына тақтадағы кестеге назар аударып қарайық, бұл кестеден зат есім сөзге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтары болады.

 

                                 Зат есім

 

Сұрақтары                                                      Түрлері

 

Кім? Кімдер?                     Жалқы есім             Жекеше         Негізгі

Не? Нелер?                        Жалпы есім             Көпше           Туынды

 

                       Кісі аттары,                  Деректі, дерексіз

                      Жер-су аттары,             заттар мен ұғымдарды

                      Жан-жануарларға         білдіретін атаулар,

                      қойылатын аттар         жалқы есімдерден басқа зат есімдер

 
  

 

 

 

                    Бас әріппен жазылады.                Кіші әріппен жазылады.

 

                        

 

 

 

 

 

 

 

       III.   Мағынаны ашу

     3.1 Кестемен жұмысты жалғастыру

  

 Сонымен зат есімнің бірнеше түрі бар, соның бүгін жалқы есім және жалпы есім деген түрімен танысамыз.

Таныспас бұрын есімізге түсірейікші, бас әріппен жазылатын қандай сөздермен танысқан едік?( Оқушы жауабы)

 Сөйлем басында, кісі аты жөні, жер-су аттары бас әріппен жазылатыны рас. Ал бірақ неліктен кісі аты, жер-су аттары бас әріппен жазылатындығы жайлы  бүгінгі сабағымыздағы сендердің мақсаттарың олардың бас әріппен жазылу себебін танып білу.                          

Интерактивті тақта. Картамен жұмыс

-Суретте не көріп тұрсыңдар?-ҚР-ның картасы

-Картада нелер бейнеленген?-Қалалар,өзен, көлдер, таулар.

-Қала, өзен, көл, тау аттарын атату.

-Үй жануарларының суреттерін көрсету.

-Осы жануарлардың қайсысына ат қоямыз?( оқушы жауабы)

Дұрыс айтасыңдар, бұл кісі, қала, жер- су, жан-жануарға ғана тән, осы заттарға  қойылған жеке атауы екен.Осы заттарды  атына қарай біз оларды ажыратады екенбіз.

Қорытынды:олай болса балалар, кісі аты-жөні, жер-су аттары жан-жануарларға қойылатын атаулар жалқы есім деп аталады.Яғни жалқы есімдер бас әріппен жазылады.

-Суреттегі Астана, Алматы, Талдықорған-бұлардың жалпы атауы қалай аталады?-қала

-Балқаш, Алакөл, Қаратал-бұлардың жалпы атауы ше?-өзен, көлдер

-Құлагер, Ақтөс, Марғау-бұлардың жалпы атауы ше?-жан-жануарлар

Қандай туыстық атауларды білесіңдер? әже, ата, аға, әпке, ата-ана т.б

Қорытынды:Сонымен, жалқы есімдерден басқа  зат есімдерді жалпы есім дейміз. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады екен.

IV. Жаңа сабақты бекіту, дамыту жұмыстары

4.1. Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу (Ауызша)

   Өлеңді мәнерлеп оқу. Адам аттарын тауып, сұрақ қой. Олар қандай әріппен жазылған? Аталған батырлар туралы не білесіңдер?

 

Топтастыру.

Ұлы Отан                     Жоңғар-қазақ                Қазақ-ауыз әдебиеті

 соғысы                         соғысы                           батырлар жырынан

                         

                          — Олардың мақсаты не болды?

 

 

4.2. Дәптермен жұмыс.

Ай, күнді жазу

Көркем жазу

Аа   Аа   Аа

Алмас     Астана   Алакөл   Ақтөс  

2-жаттығу  Терме диктант

Интерактивті тақтаға жаздыру

(мұнай жайлы не білетіндерін сұрау)

Қаныш Сәтбаев- көрнекі қазақ геологы,қоғам қайраткері, академик. Ол еліміздің қойнауынан көптеген пайдалы қазбалар қорын тапқан.

V. Ой толғаныс.

5.1Шығармашылық тапсырма

 1-қатар.Суретпен жұмыс.

Сурет бойынша жалқы есім мен жалпы есімдерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жаз.

2-қатар.Сұраққа жауап бер.

Не қорқақ?      Не батыр?

 

Көз суреті -----------------,  Қол суреті    -------------------.

( осы сұраққа жауап беретін сөздерді табу, мақал шығуы тиіс.

3-қатар. Оқушы сөйлемдегі сөздерді дұрыс жазды ма? Неден қателесті? Қатесін тап.

 Кішкентай арман әжесімен саябаққа шықты.Биік Таулар көрді.арман әжесіне арнап әдемі  Гүл терді.

5.2 Семантикалық карта

Зат есім түрлері

сұрақтары

Кісі аты

Кіші әріппен жазылады

Жер-су аты

Бас әріппен жазылады

Мамандық атаулары

Жан-жануар

Жалқы есім

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы есім

 

 

 

 

 

 

 

Жекеше Көпше

 

 

 

 

 

 

 

VI. Үйге тапсырма беру.

  147-бет 5 жаттығуды орындау, ереже жаттау.

VII.Білімдерін бағалау

  Олай болса балалар келген қонақтарымызға жақсы сөздер айтып, сабағымызды аяқтайық.

 

-Келгендеріңізге рахмет!

-Сау болыңыздар!

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліЭвфемизм мен дисфемизм

Қазақ тіліСөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Интонация арқылы байланыс

Қазақ тіліАтаулы сөйлем 8 класс

Қазақ тіліОдағайға байланысты қойылатын үтір

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130023

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар