Көктем. Қазақ тілі 4- сынып

1 наурыз 2015 - Айгүл Дайырқызы

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы,

Осакаровка кентінің « №12 орта мектебі» КММ,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Торжанова Айгүл Дайырқызы

Қазақ тілі 4- сынып

Сабақтың тақырыбы: Көктем

Сабақтың мақсаты: Жыл мезгілдерін атауы, соның ішінде көктем мезгілімен байланысты жаңа сөздіктерді күнделікті өмірде қолдану және мезгілдерін сипаттауды үйрету.

Тақырып арқылы оқушыларды сыни ойлауға жетелеу. Топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық ізденіске бағыттау, іздемпаздық қасиеттерін арттыру. Ой шеберлігін және тілдерін дамыту.

Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөйлеу дағдыларын, іскерлік шеберліктерін қалыптастыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Көктем мезгіліне байланысты сөздер мен сөз тіркестерін құрастыру;

Табиғатты сүюге, аялай, қорғай білуге және қамқорлық жасауға баулу.

Оқушы нені білуі тиіс:1.Жыл мезгілі- көктем туралы жалпы түсініктерді меңгеріп, сөз тіркестерін құрай білу;
2.Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін түсіну және оларды атай білу.
Оқушы нені игеруі қажет:
1.Көктем мезгіліне байланысты сөздерді дұрыс оқуды, айтуды меңгеру.

Сабақтың әдісі :жеке, ұжымдық, топтық, интерактивті әдіс, сұрақ- жауап, қайталау, салыстыру, суретпен, сызбамен, практикалық жаттығулар
Сабақта қолданатын технологиялар:коммуникативтік технология, модульдік технология элементтері, ойын технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, тірек –сызбалар, сюжеттік сурет- слайдтар, интербелсенді тақта, презентация, плакат, стикер және маркер.

Сабақтың негізгі идеясы:

Қазақ тілінде сөйлей алу және қазақ тілінде кейбір мәліметтерді алу, көктем тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгеру.

Сабақтың мазмұны

уақыты

Мұғалімнің іс әрекеті

оқушының іс- әрекет

І

1Кіріспе (Тұлғааралық байланыс)

1. Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

2

Психологиялық ахуал

Оқушы мен мұғалім бірге қимылдар жасайды.

2. Оқушыларды топқа бөлу, бүгінгі топтық жұмысқа даярлау (Көктем айлары)

2

«Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру»

Оқушыларды көктем айлары бойынша топқа бөлу ( І топ –наурыз. ІІ топ – сәуір, ІІІ топ – маусым.

ІІ

Сыныптың білім деңгейін анықтау. Үй тапсырмасын қайталау.

Балалар, өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді? Үш сөзді септеу және тақпақты жаттап келу тапсырылған.Қазір қай топ қалай орындап келді екен, байқайық. Тақырыпқа байланысты қағазға көктемгі гүл суреттерін салып келу керек.

5

Формативті бағалау, бірін- бірі бағалау

Жеке жұмыс

Әр топтан бір оқушыдан

топ атына сәйкес тақпақ

тыңдаймыз.

Қағазға көктемгі гүл суреттерін салып келу және оны бір -біріне сыйлау.

ІІІ

Тұсаукесер

І.Мотивациялық кезең.

Балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын «Көктем келбеті» бейнебаянын көреміз.

Ал, балалар, қандай сезімде болыңдар?

Көктемдк ауа райы қандай болады?

2.Жер бетіне не шығады?

3. Көктемде ауа райының қандай қасиетін байқадыңдар?

Ендеше бүгін көктем мезгілімен танысамыз.

6 мин

Бейнебаян «Көктем келбеті»

электронды оқулық

АКТ

Диалогтық оқыту

Интерактивті тақтадан «Көктем келбеті» бейнебаянын көру

Түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау (сұрақ қойғанда толық жауап беруге итермелеу, мысал келтірту арқылы өз ойларын білдірту, көмектескісі келетіндер арқылы сұрақты басқа оқушыға бағыттау)

Оқушылардың айтатын ойларын әуелі топтастырып алуына көмектесу

Сөздік жұмысын жүргізу

Жауапты түзу берелік- дұрыс сөйлеу деген мағынада жұмыс жасау.

IV

Негізгі бөлім

Оқулықпен жұмыс

Балалар, өткен сабақта біз «Болжау кестесі» стратегиясын қолдану арқылы жаңа сабағымызды меңгерген болатынбыз. Ол сабақта кей балалар кестені толтыра алмай қиналған болатын. Бүгін біз қатемізді жөндеп осы әдісті жақсы меңгеру үшін тағы да жаңа сабаққа пайдаланамыз. Ойларыңа ешқандай тосқауыл болмайды. Қазір мен мәтіннің бөлігін оқимын, сендер әрі қарай оқиға қалай өрбуі мүмкін, жалғастырып көресіңдер. Мәтінді 3 бөлікке бөліп оқу

Сыни тұрғыдан ойлау Еркін жазу,

Болжау кестесі стратегиялары

«Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру»

Түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау (сұрақ қойғанда толық жауап беруге итермелеу, мысал келтірту арқылы өз ойларын білдірту, көмектескісі келетіндер арқылы сұрақты басқа оқушыға бағыттау)

Оқушылардың болжауларын, еркін ойлауларын бақылау

V

Қорытынды

Біз не білдік?

Балалар, жаңа алған ақпараттар бойынша кестені толтырып шығамыз.

Сұрақ- жауап

Формативті бағалау,

Семантикалық кесте толтыру

Түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау (сұрақ қойғанда толық жауап беруге итермелеу, мысал келтірту арқылы өз ойларын білдірту, көмектескісі келетіндер арқылы сұрақты басқа оқушыға бағыттау)

Үйге тапсырма

Оқулықтағы 4 тапсырманы жазбаша орындау, мәтінді оқу оны орыс тіліне аудару.

Дербес оқыту

Оқулық, ғаламтор көздері, қосымша ақпарат, дереккөздер.

VI

Бағалау

Топтық бағалау

Топтардың өз ішінде бағалау

Оқушылардың пікірімен санасу

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліҚыс. Қазақ тілі 5 сынып

Ұстаздарға« Оқытуды жақсартуда оқыту үшін бағалауды тиімді ұйымдастыру »

ХимияОттек аллотропиясы.Озон және озон қабатының маңызы.Заттардың жануы

КембриджАфриканың жер бедері мен пайдалы қазбалары (ҚМЖ)

БастауышМал баласын сүйеді. Сөз (Кембридж бағдрламасы)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150757

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар