Кәнекей, жігіттер сайысы

7 қыркүйек 2014 - Майдаш Темиржанова
Кәнекей, жігіттер сайысы

    М.Қ.Теміржанова., З.Б.Қаппасова., Г.А. Оразалина

    Ақсу қаласының №4 орта мектебінің

    қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

Кәнекей, жігіттер сайысы

Сайыстың мақсаты: Қазақтың салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпын, асыл қасиеттерін насихаттау.

Мәжіліс залда әуен ойналып тұрады.

І. Сайыс алдында жігіттер өз нөмірлерін таңдап алады.

ІІ. Сайыс басталмас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

    1.Абилова А.Н.

    2.Байжанова Ә.С.

    3.Арынова Н.Б.

ІІІ. Сайыскер жігіттер сахнаға «Алға, жігіттер» әнімен көтеріледі. Сайыстың шартымен танысады. Сайыс бес кезеңнен тұрады:

    1.Таныстыру сайысы (5 ұпай)

    2.Сұрақ – жауап сайысы (5 ұпай)

    3.

    Өнер сайысы (5 ұпай)

    4.Мақалшылар сайысы (айтқан мақалдары саналады)

    5.Күш сынасу сайысы (қанша гір көтереді)

ІV. 1). Бірінші кезеңді бастайық « Тегімді менің сұрасаң» деп қатысушылар өздерін таныстырады. (Әділқазылар сайыстың ұпайын жариялайды).

2). «Білімдіден ақыл шығар,

Ақылдыдан нақыл шығар» — дегендей, сайысымыздың келесі сынағын байқайық (Сұраққа жауап беріп болған соң, әділқазылар алқасы ұпайларын белгілейді)

3). « Жігітке жеті өнер де аз» дегендей қатысушы жігіттеріміздің өнерін тамашалайық.

Үй тапсырмасы (сурет, қолөнер, тақпақ, өлең)

(Әділқазыларға сөз кезегі беріледі, сайыскерлердің ұпайларын айтады).

4). «Өнер алды қызыл тіл» — дейді халық. Бұл сайыста әр қатысушы қоржыннан өз тақырыптарын таңдап алып, біраз уақыт дайындалады.

Осы кезде біз ән тындаймыз (балалардың өнерін тамашалаймыз).

Әннен кейін әр сайыскеріміз өз тақырыбына байланысты мақалдарын айтады. Кім көп айтады, сол жеңеді.

(Әділқазылар жігіттеріміздің алған ұпайларын хабарлайды).

5). «Ақылына күші сай» деп жігіттеріміздің мықтылығын, күштілігін сынайтын кезеңімізде жетті.

Жігіттер алдындағы гір тасын неше рет көтереді соңы байқау. Ең көп көтерген сайыскер женімпаз болады.

Әділқазылар әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтағанша, би тамашалаймыз.

Сайыстың соңында қорытынды жасалып қатысушылар марапатталады.

Номинациялар:

1.Сегіз қырлы бір сырлы

2.Сері жігіт

3.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

4.Жігерлі

5.Тапқыр

6.Көрермен көзайымы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083464

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар