Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі

17 наурыз 2014 - Дана Жумажанова
Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі

Мұғалім туралы қысқаша мәліметтер: 

                   Жумажанова Дана Мұхтарқызы

                   Солтүстік Қазақстан облысы

                   Ақжар ауданы

                   Бостандық орта мектебі

                   Қазақ тілі мұғалімі

Пәні: Қазақ тілі    Сыныбы: 6 сынып    Сабақ түрі: Сайыс   

 

Ашық тәрбие сағаттың тақырыбы: «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі»

 

Сабақтың мақсаты: ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге,Отанды сүюге, ата-баба дәстүріне, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, баяндау,әңгімелеу, ситуациялық сұрақтар, сайысу, іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі: ақын-жазушылар суреттері, тіл туралы нақыл сөздер, қанатты сөздер, слайдтар

Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу.

Жүргізуші.

–Құрметті қонақтар, оқушылар!. Біз ана тілімізге деген сезімімізді шешендік сөздер мен тапқырлық өнеріміз арқылы білдіретіндігімізді қуанышпен айтамыз.

  Қазақ тілі талай тарихи сыннан сүрінбей өтті.

  Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең тіл ретінде талайды тамсандырды.

  Сүйемін туған тілді анам тілін,

  Бесікте жатқанымда-ақ берген білім,

  Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

  Құлағыма сіңірген таныс үнін, — деп ақын Сұлтанмахмұт жырлағандай, сол ана тілімізге деген қошаметімізді «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі»интелектуалдық сайтыс арқылы көрсетейік.

Сайыс бағдарламасымен таныстыру

Қазылар алқасымеп таныстыру.

Есептеу комиссиясы:..

1.« Сәлем- сөздің анасы».дегендей топтар өздерін таныстырады

Сәлемдесу мен төс белгілерін бағалау

 Толысып Қазақстан  жылдан-жалға,

  Ел  болды  күнілгері, алып тұлға.

  Тұрады  өлкемізде көп  ұлт бірге,

  Бөленіп күн  сипаты достық-нұрға,-  дей  отырып  сайыскерлерді ортаға  шақырамыз.

1-топ «Болашақ»

 

2-топ «Нұрлы жұлдыз»

Алтын күннен бағасыз белгі боп

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың!

 

2. «Өнер алды қызыл тіл» мақал-мәтел жалғастыру

1. Бас кеспек болса да,… (тіл кеспек жоқ)
2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
3. Тілмен байланған ...( тіспен шешілмес).
4. Тіл тас жарады,… ( тас жармаса бас жарады)
5. Жақсы сөз… (жарым ырыс)
6.Тіл — адам ойының… (айнасы)
7. Тіл қылыштан… (өткір)
8.Ойнап сөйлесең де… (ойлап сөйле)
10. Тисе терекке, тимесе… (бұтаққа)
11. Айтылған сөз,… оқпен тең (атылған)
12. Бал тамған тілден… тамар (у)
13. Көп сөз — … (бос сөз)
14. Көп сөз — күміс, аз сөз — … (алтын)
15. Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі ілім біл)
16.Таза сөйлеу – биік… (мәдениеттілік)
17. Жақсы байқап сөйлер...(жаман шайқап сөйлер)
18.Көре-көре көсем боларсың...(сөйлей-сөйлей шешен боларсың)

19.Ана тілін білмеген...(анасын да сыйламас)

20.Дұшпан күлдіріп айтар

     Досын ...

Слайд

 

3.« Атамекен шежіресі- ұлы ойдың өрісі». Салт- дәстүрсіз халық болмайды. Біздер, ұстаздар, ғасырлар бойы қалыптасқан үлгі- өнегені оқушының бойына сіңірдік, соның жемісін көруге тиіспіз. Онсыз кешегіміз түгелденбейді, бүгініміз бүтінделмейді. Ол үшін барды бағалай, асылды ардақтай білуге тиіспіз.

  Сұрақ- жауап

Бұзылмай сақталатын ұлттық тағам.( құрт).

Ердің туы не?( намыс)

Қанаты не? (ат)

Жас кезінде балаға аталатын малдың атауы?(бәсіре)

Қазақтың бес қаруын ата?(садақ, мылтық, найза,қылыш, айбалта)

Туыстық атауларды ата?(а)ананың туыстары(нағашы),ә)ағаның әйелі(жеңеше), б)әпкенің күйеуі(жезде, в)шешенің әпкесінің балалары(бөле).

6Бес арысты ата?(Ахмет, Шәкәрім, Міржақып, Жүсіпбек, Мағжан)

Күні-түні дем алмай жүретін не?(Ай мен Күн)

Ораза айында берілетін құдай аты?(пітір-садақа)

Ораза кезінде арнайы ұйымдасып ішетін астың аты?(ауызашар)

Үш қуатты ата?(ақыл, жүрек, тіл)

Жеті жұтты ата?(құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала)

11.Үш тәтті не?(жан, мал, жар

12.Ұлттық киімдер?

 

4.Үй тапсырмасы: « Тіл шеберлігі әзілде».

Әр топ өздерінің үй тапсырмасын орындайды.

Өнерліге өріс кең,

Ойнап айтсаң да, ойынды айт.

Біздің дана қазағымыз өте әзілқой болған ғой, оны орынды да жүйелі айтып отырған. Астарлап, қалжың арқылы адам жетістіктері мен кемшіліктерін білдіріп жүрген. Қазір осы әзілге куә боламыз...

 

5.Капитандар сайысы

Кедеймін деп қысылма

Өнерін болса қолында    — Тіл туралы өлеңді мәнерлеп оқу

 

            Базаржан

Табысқан соң дүние фәнименен,
Тал бесікте жатқанда сәби денем
Ана тілі бойыма сіңдің шым-шым
Даусыменен анамның әлдилеген.

«Апа» — деппін анама бір күн күліп,
«Әке» — деппін әкемді сілкіндіріп.
Өз тілімде осылай алғаш рет,
Былдыр қаға бастаппын тіл сындырып.

 

Жаяйыншы, Жаратқан, сырымды алға,
Бәрін алсаң өзің біл, тілімді алма.
Тілім барда елім бар еркелеткен
Мен де бармын санатта тілім барда.

Назира

Қуан, далам!
Қуанатын күн бүгін.
Сертіп таста
Мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы
Заңым енді күшіне
Паш еткендей
Кескен жаңа кіндігін.
Қуан, бабам!
Қуанатын жөнің бар.
Деген едің -
«Тіл бар жерде өмір бар»
Халық жауы
Атандық — ау сол үшін
Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар.

Қуан, анам!
Ұзағынан сүйсініп.
Сәтің де көп
Кейде кеткен түңіліп.
Ақ сүтіңмен
Бойға біткен тілімді
Пір тұтамын
Мен алдыңда бас иіп.

6.Жорға  (жедел жауап)

Мақсаты:  Бір минутта қанша сұраққа жауап бере алуы арқылы білім деңгейін байқаймыз.

            1-топ

Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс (у)

Дауысты дыбыс нешеу? (12)

Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қашан қабылданды? (1997ж 11шілде)

Жазамыз және көреміз (әріп)

Қазақ тілінде неше жалғау? (4)

Зат есімнің сұрақтары? (кім? не?)

«Ұзын» сөзінің антонимі (қысқа)

«Батыр» сөзінің синонимі (ержүрек)

 «Қой аузынан шөп алмас» (жуас)

«ш» дыбысы қандай дыбыс? (қатаң)

 

                    2-топ

       1. «Қосаяқ » сөзжасалудың қай түрі? (біріккен сөз)

2. Екпін қай буынға түседі? (соңғы)

3 Ең тәтті, ең ащы не?(Тіл)

4. Септік жалғауы нешеу? (7)

5. Тілдің ең негізгі қызметі? (Сөйлесу, қарым-қатынас жасау)

6. Жұрнақтың неше түрі бар? (2)

        7. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

        8. Өнер алды не?

        9. «Ақылды» сөзінің түбірі?

       10.Тұрлаулы мүшелерді ата.

 

7. Шығармашылық тапсырма: Тіл туралы шағын шығарма жазу

 

Ән «Балалық шақ»

Даналардан қалған сөз (слайд)

 

 

 

Жүргізуші:Қуан  халқым! Күшіне  енді «Тіл заңы»,

                   «Сүйінші!» деп  жырлады  ұлы ақын.

                   Елдің  елдігі  бағаланар  тіліменен,

                   Сол  арқылы  құлпырады гүл  бағы.- дегендей  сайысымызды  жабық  деп  жариялай келе, әділ  алқасына  сөз  береміз

 

 

Оқушылар  өлеңдерін оқиды

 

Камила

Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған жаным.                                     

Тіл сенің
Тірліктегі жан ләззатың!
Тілсенің-
Арарманың,
Махаббатың.

Санат
Анатілімелдігім
Анатілімерлігім.
Тілдібиікқұрметтеп
Тойлапжатырелбүгін

Сандуғаш
Сеніңәрбіртынысыңменкүшкешем,
Сенарқылытіршілікпентілдесем.
Елбетінеқалайтүзуқараймын,
Анатілім, егерсенібілмесем.

Хамза
Анатілімтірегім
Анатілімжүрегім.
Қасиеттіелімнің
Текөзіңдепбілемін.


 

 

Руслан
Ана тілім, дана тілі, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

 

Назира
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өшемін
Өшсе тілі мен де бірге өшемін.


Базаржан
Жанымнан қымбат
Ана тілім маған
Ана сөзден тыңдап
Үлгі өнеге алам

 

Асылхан

Ана тілім қазақ тілім, туған тілім
Қасиетті тілімнің мәнін біл
Ана тілді құрметтеңдер адамдар
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл!

 

 

Хормен:                        Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

                                     Қазақтың тілін ғаламат.

                                     Ана тіл – арым, иманым,

                                     Аманат, саған, аманат.

                                                                           М. Әлімбаев.   

8.Аяқтау, қорытындылау:

ә) «Ананың тілі» әні орындалады.

а) ұпайын есептеу, сыйлықтар беру, құттықтау.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130144

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар