Менің досым

29 қазан 2015 - Бақыт Қадырқызы

Атбасар ауданы

Ново-Александровка орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жұмабекова Бақыт Қадыровна

С а б а қ ж о с п а р ы

Апта

Күні: 18.10.15

Сабақ: қазақ тілі 6 сынып

Сабақтың тақырыбы

Менің досым. Антоним

Мақсаты

Оқушылар сабақ соңында дос, достық туралы сөздерді үйренеді, пікір алмасады, жаңа сөздерді үйренеді, антоним сөздерді практикада қолданады.

Күтілетін нәтижелер

Жаңа сөздерді үйренеді, антоним сөздерді меңгереді…

Сабақ түрі

Жаңа сабақ.

Тапсырмалар

топтық жұмыс,, жеке жұмыс.

Керекті жабдықтар

Оқулық, дәптер, постер, маркер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Миға шабуыл.

Оқушылармен амандасу.

Көңіл – күйлерін білу.

Топ ережесін пысықтау.

Үй тапсырмасы.

І топ.Мәтін бойынша өз ойларын айтады.

ІІ топ мәтін бойынша жуан, жіңішке сұрақтар дайындайды.

Балаларға сұрақ қоямын.Сенің досың бар ма?

Ол кім?

Ол қандай?

Дос қандай болу керек?

Көңіл – күйлерін көрсетеді, топқа бөлінеді.Үй тапсырмасы бойынша өз ойларын айтады, жуан, жіңішке сұрақтар дайындайды. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Дос, немесе менің досым.

Білім

Екі топқа екі түрлі тапсырма беремін.

    1)Дос қандай болу керек.

    2)Достардың жағымды, жағымсыз қасиеттері.

Достардың жағымды, жағымсыз қасиеттері болады, балалар бұл сөздер бір – біріне мағыналас сөздер ме, мәндес сөздер ме, қандай мағына білдіріп тұр деген сұрақ қоямын.

Қазақ тілінде қарама-қарсы сөздерді қалай атайды? Антоним сөздер деп атаймыз. Тағы мысалдар келтіреді.

Екі топ постер жасап, оны қорғайды.

Бұлар бір – біріне қарама – қарсы мағына білдіріп тұр.

Антоним сөзге мысалдар айтады.

Түсіну

І – топқа мақал – мәтелдер беремін.

Көп біл, аз сөйле.

Жас – кәрінің көзі.

Кәрі – жастың көзі

Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала

Ер жігіт ел үшін туады,

Ел үшін өледі.

Алыстағы дұшпаннан

Аңдып жүрген дос жаман.

Ескі дос келгенде

Жаңа достың көзінен жас шығады.

ІІ – топқа мәтін беремін.

Анардың достары.

Анардың екі дос қызы бар. Біреуі – Айжан, екіншісі – Сәуле. Анардың шашы ұзын, бойы кішкентай. Ал Сәуленің бойы орташа, шашы қысқа. Сәуле бір жасқа үлкен, ал Айжан бір жасқа кішкентай. Олар ешқашан араздасқан емес. Үшеуі үнемі тату. Олар мектептен кейін би үйірмесіне бірге барады. Сәуле шахмат ойнағанды ұнатады. Айжан шахмат ойынын ұнатпайды. Айжанның сөмкесі ақ, Айжанның сөмкесі қара.

Мақалдардың ішінен антоним сөздерді тауып, орыс тіліне аударады.

Мәтін ішінен антоним сөздерді тауып, орыс және ағылшын тіліне аударады.

Қолдану

Эссе «Дос қандай болу керек?»

Оқушылар 5 минуттық эссе жазады.

Талдау

Оқушылар сабақ соңындағы көңіл – күйлерін білдіреді.

Рефлексия. (кездескен қиындықтар, не білдім? нені білгім келеді?)

Сабақты бағалау

суммативті бағалау.

10- 12 балл – «5»

8-9 балл – «4»

6-7 балл – «3»

5- 0 балл – «2»

Үй тапсырмасы

ІІІ деңгей.

Сабақ бойынша өзгертулер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062367

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар