Менің отбасым

13 мамыр 2015 - Бибинур Ахметова

Менің отбасым

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кенейту. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.
Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу..

Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Сұрақ — жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, ойындар
Көрнекілігі: Мақал — мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты сабаққа әзірлеу. Назарын сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық.
III. Үй тапсырмасын тексеру. Интерактивті тақтамен жұмыс.
— «Жануарлар әлемін қорғау» мәтіні бойынша мазмұнын айту.
— Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азайып бара жатқаны неліктен?
— Біздің халқымыз ежелден жануарлар мен өсімдіктерді қалай қорғаған?
— Осы мәтін бойынша Төле би бабамыз туралы қандай аңыз бар екенін білеміз?
— Қазақ халқы қандай жануарлар мен құстарды қасиетті деп санаған?
— Өте жақсы.
— Ендеше балалар, жаңа сабақты бастамас бұрын « Кім көп біледі?» ойынын ойнау арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен танысамыз.
« Отбасы» деп айтуға болады.
— Ендеше балалар, мына сұрақтарға жауап берейікші.
— Отбасына кімдер жатады?
— «Отбасы» туралы қандай мақал –мәтелдер білесіңдер?
— Өте жақсы.
— Ендеше, балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Менің отбасым

IV. Жаңа сабақ.
Бүгінгі жаңа сабақты ойын түрінде өткізіледі. Топпен жұмыс. Оқушыларды топқа бөлу, топ аттарымен және топ басшыларын таныстыру.
— Міне, бүгін біз балалар топпен жұмыс жүргізу арқылы, топпенен таныстырып өтейін. І — ші топ « Қамқоршы» тобы. Топ басшысы: Бақтибаев Азамат, ІІ — ші топ «Жәрдемші» тобы. Топ басшысы: Камал Уәлихан. ІІІ — ші топ «Көмекші» тобы. Топ басшысы: Нұралина Жұлдызай. Топ басшылары мына топты бағалау парағы арқылы өз топтарында ойынға белсене қатысып отырған оқушыларды бағалап отыру керек.
— Осы кезде есік қағылады.
— Балалар, бізге ата мен әже келіп қалған екен, төрлетіңіздер!
— Ата мен әже. Қырықтың бір қыдыр, — деген.
— Кәне, балалар әженің әкелген « Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық.

1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы)
3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты)
4. Кім жақын? ( Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшың болса, апайың жақын.
Алдыңа тартқан, адал асын,
Қимас жақын қарындасың.)
5. Не қымбат? ( Алтын ұяң Отан қымбат.
Құт — береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Бәрінен де ар мен ұят қымбат.)

V. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді мұғалім оқуы, түсіндіру.
б) Оқушыларға тізбектей оқыту.

Атаның тапсырмасын орындау. « Қоржындағы асық» ойыны. Ойынның шарты: қоржындағы асықтарды алып, сол асықтағы тапсырмаларды орындату.

1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет — ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер — кішіге ақылшы, кішіге — көмекші.
4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)
5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата — анасына)
6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 — бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
8. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
9. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
— Ата, балалар тапсырмасын дұрыс орындағаны үшін бата береді.
VI. Сергіту сәті.
— Балалар, енді « Кім жылдам?» ойыны арқылы бойымызды сергітіп алайық. Ойынның шарты. Отбасы мүшелерінің заттарын жылдам құрастыру керек.

VIІ. Дәптермен жұмыс.
— Балалар, « Менің отбасым» немесе сурет бойынша эссе жазыңдар.

VIІІ. Қорытынды.
Отбасы дегеніміз өте жақын адамдар. Отбасында бәрі бірін — бірі жақмы көреді және қамқор болады.
Ата — ананы тыңдайық,
Айтқанынан шықпайық,
Ал, достарды қолдайық,
Қиын шақта қорғайық.
— Ендеше балалар «Не үйрендік?» «Не білдік?» Сабақты бекітейік.
— Осымен сабағымызды аяқтаймыз.
— Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!
— Балалар, сабағымызды қорытындылай келе қай топ көп ұпай жинағаның тексерейік.

ІХ. Бағалау.
— Әр топ басшылары бағалау парағы арқылы өз топтарындағы оқушыларды бағалайды.

Х. Үйге тапсырма:
1. «Менің отбасым» мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.
2. Отбасына байланысты мақал — мәтелдер, нақыл сөздер жаттау.
3. Мәтін бойынша сурет салып келу.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148586

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар