Менің отбасындағы міндеттерім.Сабақтас құрмалас сөйлем.

18 қараша 2015 - Несипкул Утебаева

Халжанқожа Сауле,

Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназия,
Түркістан қаласы.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тақырыбы: Менің отбасындағы міндеттерім.Сабақтас құрмалас сөйлем.
Мақсаты: Оқушылармен отбасындағы міндеттері туралы талқылау, өз ойын сауатты жеткізе білуге үйрету, екі сөйлемді қолдана отырып сабақтас құрмалас сөйлем құрауға үйрету, сөйлеуге дағдыландыру.Оқытудың ұтымды жолдары мен әдістерін сабақта пайдалана отырып, ауызекі сөйлеуге, өз ойын жеткізе білуге,қарым — қатынасқа түсе алатындай дағды мен біліктілігін қалыптастыру.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни ойлауға үйрету, ОҮБ және ОБ, АКТ, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Стратегиялық іс-әрекеттер: Коллаж, мини тест(ABC), Венн диаграммасы,«Кім тапқыр!» ойындары критерий арқылы бағалау, кері байланыс, демонстрация әдісі, иллюстрация әдісі, бағалау парақшалары.Жеке, топтық жұмыс, постер әдісі, топтастыру стратегиясы, ой шақыру, ой толғау, «Жүйрік топ» ойыны, жұлдызшамен бағалау.
Күтілетін нәтижелер: Тақырып бойынша өз ойларын сауатты, жүйелі жеткізе біледі.Сөйлемдерді қолдана отырып сабақтас құрмалас сөйлем құрай алады.Эмоциялық күй келтіру, әрекеттер арқылы оқушының қызығушылығын артады, ойлау қабілеттері дамиды.
Үлкен — кішіні сыйлау, оларға құрмет көрсету туралы өн бойына дағды қалыптасады.
Бөлімі, уақытыБөлімнің мазмұныМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекетіРесурстарКедергілер
I.Кіріспе бөлім
10 мин
II.Негізгі бөлім 25 минут
Сергіту сәті
Менің отбасындағы міндеттерім бейнетаспасын көреді.
2 минут
III.Қорытынды бөлім
8 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Топқа бөлу
Өткен сабақты еске түсіру
бинго
Жаңа сабақ
Миға шабуыл: Оқушыларға жаңа сабақты айтпас бұрын «Міндет» сөзін қалай түсінесіңдер деген сұрақ қоямын.
Оларға ватман, маркер, түрлі — түсті қағаздар таратамын және де бірден топта төраға, баяндамашы, хатшы таймкипер тағайындауын ұсынамын.(10 минут уақыт беремін)
Әр топ өз постерлерін қорғайды. Міндет деген сөзді әр топ алып өз білгенінше алып шығады.
Білу
Түсіну
Қолдану
Талдау
Ой шақыру
Жинақтау
Бағалау
Бекіту
Үйге тапсырма
Рефлексия1.Оқушылармен сәлемдесіп, шеңбер бойына тұрғызып, «Артық стол» ойынын ойнату. Сөйлемнің ішінде өздеріне қатысты отбасы мүшелері кездескен жағдайда оқушылар тез орын ауыстырып тұрулары қажет.
2.«Мозаика»әдісі бойынша топқа бөлу
Әр сабақта топ ережесі ілулі тұрады, ал бүгінгі сабаққа
Американ психологы Дейл Карнегидің қатынас ережелері:
• Біреуді сынауда шектен тыс кетпеңіз, әсіресе талқылағанда абай болыңыз. Мейлінше аз шағымданыңыз. Барлық сәтте шама керек
• Мұқият тыңдай біліңіз
• Өзге адамдарды, олардың қадір — қасиетін құрметтеңіз
• Керексіз таластан, даудан қашыңыз, келісім іздеңіз
• Сендіріңіз, бірақ бұйырмаңыз, сендіре алсаңыз, қарым — қатынасты білгеніңіз
• Жиі жымиыңыз, түсіңіз жылы болады.
3.Үй тапсырмасы: «Сұрақты ұстап ал!» ойыны арқылы оқушылардын үй тапсырмасын сұрау.
3.1.Өткенге шолу: Грамматикалық тақырыптарды еске түсіру үшін ABC тестін алу.
ABC тестін алу.
4.Постерлерді тарқатып, әр топқа суреттер тарқату.
5.Оқушылар постерді қорғайды.
Жасаған постерлерін бір-біріне бағалату
6.Мәтінмен жұмыс «Менің отбасымдағы міндеттерім»
Мәтінді мұқият оқып шығып, оқыған әңгімеңіз туралы досыңмен яғни жұппен сұхбат құрамыз
Мысалы: — сіз оқыған әңгімені ол оқымады деп санаңыз да оған түсіндіріңіз
Критерийлер бойынша:
— Әңгіменің авторы
— Кейіпкері
— Тақырыбы
— Отбасындағы міндет
7. Грамматиканы түсіндіру
Сабақтас құрмалас сөйлем
8.Жаттығулармен жұмыс
1-тапсырма.Жазылым іс-әрекетін жүзеге асыру.
2-тапсырма.Сөйлем құрау
3-тапсырма. «Кім тапқыр» ойыны
Эссе жазу «Менің отбасымдағы міндеттерім»
Венн диаграммасы арқылы алған білімдерін байқаймын.
Салалас және сабақтас деген сөздің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?
Ережені жаттау, жаңа сөздерді қатыстыра отырып сабақтас құрмалас сөйлемдер құрау.
4-тапсырма
Оқушыларға стикерлер тарату
Не үйрендім?
Сізді не қызықтырды?
Қандай қиыншылықтар болды?
Суммативтік баға шығару
Топ шеңбер болып тұрады. Жүргізуші тұрып, үстелді алып тастайды да, ойынның шартын түсіндіреді: Айтылған сөйлем кімге қатысты болса, солар орындарымен ауысады. Кімге орын жетіспей қалса, жүргізуші болып, топқа жаңадан шарт құрап, ойын ұйымдастыруға мүмкіндік алады. Жүргізуші барлығын орында қалатындай етіп сөйлем құрауға тырысады.
Оқушыларға, яғни бөлек ойыншыларға бірнеше бөлікке бөлінген отбасындағы міндеттері кескіндері тарқатылады. Дабыл бойынша әрқайсысы жылдам әрі дұрыс кескіндерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.
Мұғалім допты кез-келген топтағы оқушыға сауал қоя отырып лақтырады. Оқушы сұраққа жауап беріп мұғалімге қайтарады.Осылайша үй тапсырмасы талқыланады.
Оқушыларға интерактивті тақтада салалас құрмалас сөйлемге байланысты үш варианттан тұратын 5 сұрақ қойылады. Сұрақ оқылғанда оқушылар Қолдарындағы ABC вариантының қайсысы дұрыс болса, соны көтереді.Соңында дұрыс жауаптарына қарап өздерін бағалайды.
Оқушылар екі жұлдыз бір тілекпен бір-бірін бағалайды
Оқушылар бір-біріне тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастырады.
Менің отбасындағы міндеттерім бойынша мына мәселелер жөнінде ойланыңыз!!!
Сұрақ — жауап
-Сонымен әңгімелесіп отырған адамыңды бар ынтаңмен тыңдадың ба? Отбасыңның барлық мүшелерін құрметтейсің бе?
— Еңбек етуді жақсы көретін адамды кім деп атайды?
— Сен ата — анаңа көмектесуді әдетке айналдырғансың ба?
— Ата — аналарың сендердің қандай істеріңді мақтайды?
— «Үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің маған жақсы» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
«Менің отбасындағы міндеттерім»тақырыбына қатысты іс-әрекетті білдіретін сөз қойып нүктенің орнына қажетті әріптерді қойып жазады.
Екі сөйлемнен сабақтас құрмалас сөйлем құрайды.
Үлгі: Кеше жаңбыр жауып, сол себепті үйден шыға алмадым.
Берілген сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлемдерді табады.
Неғұрлым көп еңбектенсең, соғұрлым рақатына батасың?
Салалас айырма Сабақтас
Бүгінгі өткен сабақ бойынша түйінді ойларын жариялайды және бір-бірін жұлдызшалармен бағалайды.
1 топ: Сабақтан алған әсерлері жайлы айтады.
2 топ: Сабақтан не үйренгендерін айтады.
3 топ: Бүгінгі сабақта не ұнағаны немесе не ұнамағаны жайлы айтады.
Отбасы мүшелерінің
суреті
Кескінді
суреттер
Доп
Сөйлемдер жазылған парақшалар
Суреттер
Флипчарт
Стикер
Маркер
суреттер,
смайликтер
Бағалау жұлдызшалары
Қағаздар
Жағымды ахуал
орнатуда:
оқушылардың
өздерін еркін
сезінбеуі.
Танымдық саласы: салаластың түрлерін шатастырған оқушылар болды. Яғни теориялық білімнің толық қалыптаспағандығы.
Әлеуметтік саласы: оқушылар топтық рухта бір-бірін қолдап отырып жұмыс істеуге дағдыланбағандықтан кей оқушылардың бойынан эгоистік қасиеттер байқалды.
Аффективтік саласы: көпшілік ортада өздерін жайсыз сезініп, айтқысы келген ойларын ашық айта алмады. Өз-өздеріне сенімсіздігі байқалды.
Халжанқожа Сауле,
Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназия,
Түркістан қаласы.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіXX гасырдын басындагы казак әдебиеті

БастауышҚысқа мерзімді жоспар. Уақыт өлшем бірліктері және үлестері

КембриджХҮІІІ ғасырдағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы (ҚМЖ)

Физикафизика пәнінен орта және қысқа мерзімді жоспарлар

БиологияЖорғалаушылар класының жалпы сипаттамасы (қысқа мерзімді жоспар)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072408

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар