Негізгі және туынды еліктеу сөз

14 мамыр 2014 - infust

Арай Аманқызы. Алматы қаласы, «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия

Сілтеме: қазақ тілі оқулығы, ғаламтордан, әдістемелік оқулықтардан қосымша мәліметтер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: еліктеу сөздердің құрамдық ерекшелігін, басқа сөз таптарынан айырмашылығын таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, білім, білік дағдыларын қалыптастыру

Дамытушылық: ойлау,іздену, қиялдау, елестету, ой қорыту, өз ойларын дәлелдей білу дағдыларын шыңдау, тұрақты дамуға ықпал жасау

Тәрбиелік: еліктеу сөздерден алған білімдерін өмірде тиімді қолдануға баулу, өзіндік «менін» қалыптастыру

Оқыту нәтижесі:

1.Еліктеу сөздердің құрамдық түрлерін, жасалу жолын, басқа сөз таптарынан ерекшелігін түсінеді;

2.Мәтіннен, көркем шығармалардан еліктеу сөздерді тауып, түрлеріне қарай ажыратып, семантикалық картамен жұмыс жасайды;

3.Еліктеу сөздер тақырыбына қорытынды тест жұмысын жазу;

Сабақтың типі:білім мен іс-әрекет тәсілдерін жүйелеу және қорытындылау

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар, слайд,6 түрлі қалпақ

Әдіс-тәсілдер: ой қозғау, зерттеушілік әңгіме, топтық әңгіме, 6 қалпақ, Венн диаграммасы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

1-әрекет .

  • Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару (1 минут)

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру, тілектер жазылған стикерлерді «Тілектер ағашына» ілгізу (2 минут) (2,3-модуль) Сыныпты ауыз әдебиетінің түрлеріне қарай топқа бөлу, тақырыпқа және топтың атына сай мақал, жұмбақ, жаңылтпаш айтқызып, сабақты бастау(1 минут) (1,2,5,6,7-модуль)

1-топ Мақал-мәтел

2-топ Жұмбақ

3-топ Жаңылтпаш

  • Критериалды бағалау парағымен таныстырып, тарату.(3 модуль)(1 минут)

критериилер

Дескрипторлар

балл

А

1.Жаңа тақырыпқа сай сұрақтарға жауап беру, мысалдар келтіру

«Ыстық орындық» әдісі

«Венн диаграммасы»

Тақырыпқа байланысты сұраққа толық жауап берсе

5

Сұрақтарға жауап береді, 1-2 сұрақты білмейді

4

Сұраққа жартылай дайын, 2-3 сұрақты білмейді

3

Білімдері жеткіліксіз, 3-4 сұрақты білмейді

2

Білімдері жеткіліксіз, 4-5 сұрақты білмейді

1

Ешқандай сұраққа жауап бермесе

0

В

2. Мәтіннен еліктеуіш сөздерді тауып, түрлеріне ажырату, жасалу жолын түсіндіру

Семантикалық карта толтыру

Жұптарын тауып, сөйлем құрау

Еліктеу сөзді тапқан, картаны толтырған, сөйлем құрай алады

5

Еліктеу сөзді тапқан, картаны толтырған, сөйлем құрайды, 1-2 қате бар

4

Ееліктеу сөздерді толық таба алмаған, картада, бағанда 3-4 қатесі бар

3

Ееліктеу сөздерді таба алмаған, 5-6 қатесі бар

2

Мәтіннен екі еліктеу сөзді тапқан, қатесі көп

1

Еліктеу сөзді мүлде таба алмаған, картаны толтырмаған, жұптастыра алмайды, сөйлем құрай алмайды

0

С

3.Тест жұмысы

Барлығы 5 сұрақ

5 сұраққа дұрыс жауап берген

5

4 сұраққа дұрыс жауап берген

4

3 сұраққа дұрыс жауап берген

3

2 сұраққа дұрыс жауап берген

2

1 сұраққа дұрыс жауап берген

1

Ешқандай сұраққа жауап бермеген

0

Барлығы

15

2-әрекет .Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)(1,2,3,4,6 -модульдер)

305,306-жаттығу

3-әрекет. «Ой қозғау» (түрткі тастау) Берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойланып, жауап беру, мысалдар келтіру (1,2- модуль) (10 минут)

-Балалар, біз еліктеу сөздің мағынасына қарай еліктеуіш және бейнелеуіш болып бөлінетінін білдік, одан басқа қандай түрі бар деп ойлайсыңдар ?(интербелсенді тақтадан мысалдар көрсету)

-Жұлдызшалардың ішіндегі сөздерге мән беріп қараңдар? Сөздердің түбіріне, құрамына назар аударайық, не байқадық?

алалардың жауабын тыңдап болғаннан кейін, интербелсенді тақтадан кестені көрсету, мысалдар келтіру

л енді басқа сөз таптарынан қандай айырмашылығы бар? Сендер еліктеу сөздерге дейін сөз таптарының 6 түрімен таныстыңдар, еліктеу сөздердің олардан ерекшелігі бар ма?

Балалар жауаптарын тыңдап болған соң интербелсенді тақтадан Венн диаграммасымен салыстыру

Еліктеу сөздер Ұқсастығы Басқа сөз таптары

4-әрекет. Мағынаны тану. Зерттеушілік әңгіме (1,2,3,5,6,7-модульдер)

Оқулықтағы жаттығумен жұмыс.Мәтіннен еліктеу сөздерді тауып, түрлеріне қарай ажыратып жазу

1-тапсырма (3 минут)

1-топ Мақал-мәтел (310-жаттығу)

2-топ Жұмбақ (311-жаттығу)

3-топ Жаңылтпаш (308-жаттығу)

2-тапсырма ( 3 минут)(1,2,3,5- модульдер)

Семантикалық карта толтыру

мысал

дара

күрделі

негізгі

туынды

еліктеуіш

бейнелеуіш

Елпең

+

+

+

Жарқ-жұрқ

Домалаң

Ду-ду

Тық

Сықыр

қайқаң

3-тапсырма (5 минут) )(1,2,3,5- модульдер)

Бағандағы еліктеуіш сөздермен етістікті жұптастырып, сөйлем құрау

сылқ

сөйледі

сақ-сақ

тамшылады

күбір-күбір

күй төкті

күмбір-күмбір

құлады

тырс-тырс

күлді

5-әрекет. (5 минут)(2,3,5,7-модульдер)

Еліктеу сөз тақырыбынан алған білімдерін тексеру.Тест жұмысы

1-топ Мақал-мәтел

1.Еліктеу сөзді тап:

А)ағарады

В)гүр-гүр

С)бүлдіреді

Д)илекте

2.Бейнелеуіш сөзді тап:

А)тарс

В)жалт-жұлт

С)сыңғыр

Д)арс-арс

3.Негізгі еліктеу сөзді тап:

А)шұбартөс

В)қыңқ

С)елпең

Д)күркіре

4.Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақты тап:

А)-ша,-ше,-қы,-кі,

В)-аң,-ең,-ың,-ің,

С)-ыс,-іс,-ым,-ім,

Д)-а,-е,-ар,-ер,

5.Күрделі еліктеу сөз қатысқан сөйлемді тап:

А)… сауға,-деді саңқ етіп

В)даусы қатты шықты

С)шаңы бұрқ етті

Д)мылтық даусы тарс-тұрс естілді

2-топ Жұмбақ

1.Көмекші етістікпен тіркескен еліктеу сөзді тап:

А) Ол сақылдап күлді.

В)Сейіт күтпеген сөзге селк етті.

С)Су сылдыр-сылдыр ақты.

Д)Аулада жыбырлаған жан жоқ.

2.Аң қимылын бейнелейтін бейнелеуішті тап.

А)тырс

В)жалт

С)маймаң-маймаң

Д)тарс

3.Қажетті еліктеу сөзді тауып қой.Қарға… етті.

А)бұрқ

В)сарқ

С)қарқ

Д)сарт

4.Бейнелеуішті белгіле

А)күні-түні,әрі-бері

В)үлкенді-кішілі

С)тыпың-тыпың, жыбыр-жыбыр

С)әкелі-балалы, балалы-шағалы

5.Еліктеу сөзді тіркесті тап

А)сыл-сылқ күлді

В)емін-еркін отырды

С)мыңға жуық

Д)әттең, естімедім –ау

3-топ

Жаңылтпаш

1.Еліктеу сөзді тап:

А)ағарады

В)гүр-гүр

С)бүлдіреді

Д)илекте

2.Бейнелеуіш сөзді тап:

А)тарс

В)жалт-жұлт

С)сыңғыр

Д)арс-арс

3.Негізгі еліктеу сөзді тап:

А)шұбартөс

В)қыңқ

С)елпең

Д)күркіре

4.Көмекші етістікпен тіркескен еліктеу сөзді тап:

А) Ол сақылдап күлді.

В)Сейіт күтпеген сөзге селк етті.

С)Су сылдыр-сылдыр ақты.

Д)Аулада жыбырлаған жан жоқ.

5.Аң қимылын бейнелейтін бейнелеуішті тап.

А)тырс

В)жалт

С)маймаң-маймаң

Д)тарс

6-әрекет. Ой қорыту. (2,5,7-модульдер) (5 минут)

«Алты қалпақ» әдісімен сабақты әр қырынан салыстырып, зерттеп, талдап қорытады

Ақ – негізгі ақпарат

Қызыл- эмоция

Жасыл-шығармашылық

Сары-оптимизм

Қара-негатив

Көк-салқынқандылық, шешім

7-әрекет. Бағалау( 1 минут)(3-модуль)

«5» — 13-15 балл

«4» -10-12 балл

«3» -7-9 балл

«2» -0-6 балл

8-әрекет. Үй тапсырмасы

312-жаттығу(Көп нүктенің орнына тиісті еліктеу сөздерді қойып, көшіріп жазу)

313-жаттығу(Жұмбақтағы еліктеуіш сөздерді табу, жаттау)

9-әрекет. Рефлексия.

«Екі жұлдыз, бір тілек» ( 2 минут) (1, 2, 3-модульдер)

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліСөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Интонация арқылы байланыс

Қазақ тіліАтаулы сөйлем 8 класс

Қазақ тіліЭвфемизм мен дисфемизм

Қазақ тіліЖалқы есім және жалпы есім

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141074

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар