Одағай сөздер

12 қараша 2015 - Кенжегул Бекбаева
Одағай сөздер

Алматы облысы

Алакөл ауданы

Үшбұлақ ауылы

Безродных атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекбаева Кенжегуль Жумагазыкызы

Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Одағай сөздер

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: одағай сөздерден алған білімдерін кеңейтіп, сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету, мәтін ішінен тауып, талдауға баулу.

Тәрбиелігі: оқушылардың бойына ұлттық өнеге, шешендік нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыра отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, эстетикалық,өнегелік ортасын қалыптастыру.

Дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгеруге, жүйелі ойлау, ойын әсерлі жеткізуге, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау; сатылай кешенді талдау арқылы теориялық білімдерін іс жүзіне асыру, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тіл дамыту, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Одағай сөздер. Қаратпа,қыстырма сөздер сияқты одағай да сөйлемде сөйлем мүшесі бола алмайды.Одағайлар сөйлеушінің сезімін, көңіл-күйін – қуанышын, ренішін, таңдануын, ризалығын – білдіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы: Па, шіркін! Даусы дауыс-ақ екен.Жұмысты істеген соң осылай істеу керек, бәрекелді!

Одағайлар көбінесе ауызекі сөйлесуде қолданылады және көркем әдебиетте жұмсалады.Сөйлемнің басында келеді, кейде сөйлемнің соңында келеді.Одағайдан соң леп белгісі, кейде үтір қойылады.

1Көңіл-күй одағайы

Жекіру, бұйыру одағайы

Шақыру одағайы

Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз

Жекіру, тыйым салу мәнін білдіретін сөз

Мал, ит-құсты шақыру неқууға байланысты айтылатын сөз.

Алақай,әттең, шіркін

Тәйт, жә, тек

Шөре-шөре

Құрау-құрау

Жаттығумен жұмыс: Айналаңдағы адамдардың сөздеріне зер салып, одағайларды қандай көңіл-күйде жұмсалғандарына мысалдар келтіріңдер.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Бірнеше одағайларды қатыстырып сөйлем құрап келу.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

Орыс тіліЗвонкие и глухие согласные

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110019

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар